Негізгі құрылыс конструкциялары мен материалдары Готикада әртүрлі құрылыс материалдары қолданылды. Тұрғын
және шаруашылық құрылыстары үшін қаңқа конструкциялар
түріндегі (керегетірек) ағаш жиі пайдаланылды. Ағашты дәстүрлі
қолданған елдерде (Англия) одан көптеген діни және азаматтық
ғимараттар салынды.
Готикаға тән материал - кесек және жонылған тас. Одан тас
тіреулер мен жұқа берік әшекейқабырға ғана емес, сонымен қатар
қасбеттердің әдемі мүсін әшекейлерін, «раушан» терезенің жұқа
жақтауларын ойып жасаған.
Тас қабырғалар әдетте, ішінен, кейде сыртынан сыланған.
Тас жетіспеген облыстарда (Польша, Солтүстік Германия)
құрылыстар кірпіштен салынды. Бұл елдерде пішінделген қақпа-
бағана, «раушан» (дөңгелек терезелер) және терезелерді қалау үшін
пішінді кірпіш шығарылған.
Солтүстікте кірпіш пайдаланылды. Конструкцияларды
жеңілдету және материалды үнемдеу үшін күрес тіректі айқындауға
және оларды басқара білуге бағытталды.
Әшекейқабырға тоғыспалардың қаңқалы жүйесі
(35-сурет) көлемді қабырғалардан бас тартуға және тік күштерді теңестіру
үшін тоғыспа табанының астындағы тек берік тіреулерді сақтауға,
ал көлденең тіректерді жою үшін ғимарат сыртына шығарылған
«қарсыкермелер-кермедоғалар» жүйесін пайдалануға мүмкіндік
берді
(36-сурет).