Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет86/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

35-сурет
36-сурет
Готикада көбінесе, тіреуіш пен әшекей қабырғаларға орнатыл-
ған жебе тәріздес тоғыспалар қолданылды. Әшекейқабырғалар 
кейінгі роман кезеңінде пайда болды. Оларды тастан орындады 
және оларға тоғыспа қалпын жасады. Әшекейқабырға будалары 
бағаналарға немесе бағандарға сүйелді.
Интерьер және қасбет бөлшектері (терезе ойықтары, есік 
жиектері) жебе тәріздес тоғыспадан орындалды. Терезе ойықтарына 
түрлі түсті әшекей әйнек орнатылды. «Раушандар» алғашқыда 
қарапайым тас жақтаулы болды, кейіннен күрделі қорғасын жақтау 
жасалды. Дегенмен, басты әшекей әшекейбедерлердің күрделі 
таңғаларлық суреті болып табылады. 
Қаланың өзін-өзі басқару органдары мен католик шіркеуіне 
сүйене отырып, король Францияның бүкіл аймағын біріктіріп, 
шексіз билікке ие болады. Сондықтан көптеген имараттар король 
тапсырысымен тұрғызылады.
Өзін-өзі басқаруды басып алған соң қалалық кеңес ғимараттары 
– ратуштар салынады, олардың жанынан қоғамдық орталық 
ансамбльдері құрылады, собор оның құрамына енбейді. Қала діни 
және қоғамдық орталыққа бөлінді.
Діни құрылыстан бұрын ақсүйектер сәулетіне баса көңіл 
бөлінеді. Қала соборлары қызмет ету үшін ғана емес, сонымен қатар 


92
қала ақсақалдарының жиналыстары өткізілетін орынға айналады, 
сауда келісімдері жасалады. Собор алаңдарында инквизиция сотта-
ры ғана емес, маскарадтар, театр көріністері де қойылады.
Готика кезеңінде интерьерлер композициясында тас пішіндері 
биіктей түскен орталық астаукеңістікке ерекше көңіл бөлінді. 
Мүсінге ерекше мән берілді. Ол ғимарат ішінде де, сыртында да пай-
даланылды. Орталық астаукеңістік биіктігі арта түседі, аралықтар 
ені 30 метрге дейін, бүйір жақ мұнара биіктігі 150 метрге дейін 
жетті. Көтергіш қабырғалар еркін тұрған бағандармен және тоғыспа 
қабырғаларымен алмастырылады.
Готикалық стильдің дамуы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет