Учебное пособие қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі н. В. Бирюкова



Pdf көрінісі
бет92/340
Дата20.04.2022
өлшемі32,57 Mb.
#139993
түріУчебное пособие
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   340
Байланысты:
birukova-saulet

Руан соборы (ХІV-ХV ғ.)
Руан – Нидерландтың солтүстік провинциясының астанасы. Со-
бор стилінің таңдамашылығымен ерекшеленеді. Батыс жақ қасбет 
шығыс жақ қасбетке қарағанда кеңірек. Соғыс кезінде собор қатты 
қираған. Клод Моне күннің әр уақытында собордың 24 этюдін жа-
сады. 
Еуропа елдерінде готика сәулетінің ерекшеліктері
Германия
Готика ХІІІ ғасырда қалыптасқан Францияға қарағанда Герма-
нияда кейіннен пайда болды. Готика стилі мұнда қатаң және «батыл» 
кескінде көрінді. Германияның батыс облыстарындағы ескерткіштер 
(Рейн мен Эльзастың) фрацуздық готикаға бір табан жақын. Оңтүстік 
Германияда жалғыз астаукеңістікті ғибадатханаларды жиі тұрғызады. 
Солтүстік-шығыс Германияға тән кірпіш сәулеті едәуір салмақты
қасбеттерді бөлу оңтүстіктегідей күшті емес, ал көркемдікке биік 
маңдайша қабырғалар тұрғызу арқылы қол жеткізді. Қабырғалардың 
тас қалауы әрқашан мұқият және тиянақты орындалды.
Неміс готикасын лезде ажырататын сыртқы кескін – биік жұқа 
шатырмен аяқталған батыс жақ қасбеттің орталық бөлігінің үстіндегі 
қалың мұнаралар. Неміс готикасының үлгілері - Фрейбургтегі собор, 
Кельн соборы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет