263
Жаңа қоғамдық, өнеркәсіптік және тұрғын ғимараттарды салу
қала құрылысының жаңа тәсілдерін талап етті. Төңкерістен кейін
Мәскеу мен Петроградты қайта құру жобалары жасалды (А. Щу-
сев, И. Жолтовский және басқалар), 1924-1936 жылдары Мәскеуде
Усачев және Беговой көшелерінде тұрғын үй кешендері салынады.
Ленинградта, Харьковте және басқа
қалаларда жаңа тұрғын қала
бөліктері пайда болады. Болашақ қалалардың жобалары әзірленеді.
1925 жылы алғашқы бесжылдықтың өнеркәсіптік алыптарының ба-
засында социалистік қалалардың алғашқы жобалары: Горький, За-
порожье, Кузнецк, Магнитогордегі автоқұрылыс пайда болады.
1920 жылы бірінші жартысында жұмысшыларға арналған
ұтымды тұрғын үй тұжырымдамасы қалыптасады. Л. А. Серк төрт,
бес қабатты көп пәтерлі бөлікті тұрғын үй түрлерін ұсынды.
Осы жылдары кешенді аудандық тұрғын үй құрылысының
тұжырымдамасы қалыптасады. Тұрғын үйлермен қатар: мектеп-
тер,
балалар мекемесі, фабрика-ас үйлер, ауруханалар, әмбебап
дүкендер және клубтар сияқты мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету
кәсіпорындарын да қамтыды.
Жұмысшылар клубын жобалау сол кездегі атақты сәулетшілер
шығармашылығында негізгі тақырыптардың біріне айнала-
ды. Ағайынды Весниндер көлемді-жоспарлау
композициясы
классикалық жоспарлау элементтерімен үйлесетін Мәскеудің
(1931-1937 ж.) Пролетарлық ауданының Мәдениет сарайын сала-
ды. Русаков атындағы клубта (1927-1929 жылдар, К. Мельников)
авангардтың символдық пішіндер қолданылып, дәстүрлі
сәулет
пішіндерін қолдану тоқтатылады
(134-сурет).
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарының басында кеңестік сәулеттің
дамуы жаңашыл бағытпен сипатталады. Сәулеттегі төңкерістік
өзгерістердің басы ғимараттар қатарының
тағайындалуын өзгерту
және имараттардың жаңа түрлерін жасау қажеттігі болды.
Тұрғын үйдің жаңа түрлері идеясы кеңестік үкіметтің алғашқы
жылдарында туған коммуна-үйлер болды. Мысалы: студенттер
үйі-коммуна (1929-1930 ж., И. Николаев), Мәскеудегі Чайковский
көшесіндегі тиімді жоспарланған пәтерлері мен қоғамдастырылған
қызмет көрсету орындары бар коммуна-үй (1928-1930 ж., М. Гинз-
бург және И. Милинис,
135-сурет
). Дегенмен материалдар мен
құрылыс жұмыстарының сапасы жаңа сәулеттік идеялардан жиі арт-
та қалды.