Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна


Сабақ барысындағы дерекпен жұмыс жасау



Pdf көрінісі
бет59/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135
Байланысты:
сборник3

Сабақ барысындағы дерекпен жұмыс жасау.... 
Жүсіпбек Аймауытовтың 
“Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім” 
деген пікірін 
негізге ала отырып, 8 сынып бойынша сабақ көлемінде «
сурет, құжат, автордың 
жазбалары» 
бойынша дерекпен жұмыс

жеке, топтық, жұптық жұмыс форматында жүзеге 
асырылады. Сонымен қатар сабақтағы әрбір іс-әрекет оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын 
дамытуға және деректі зерттеуге бағытталды. Себебі, 8 сынып оқушыларының жұмысы 
біршама терең аналитикалық сипатқа ие болуы керек.

жұптық жұмыс ретінде 
«үш қадам»
әдісі арқылы деректі ұсынылған қадам 
тапсырмалары бойынша талдайды; 
Зерттеудің алғашқы сабағы 
«Суретшілер ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын қалай 
бейнелейді?»
тақырыбы бойынша деректі зерттеу үшін 
«үш қадам»
әдісі ұсынылды. 
Оқушылар суретші В.В.Верещагиннің 
«Ауқатты қырғыз аңшысы сұңқармен»
атты 
туындысына зерттеу жүргізді. Сурет деректің бір түрі болып табылады. Суретті жай ғана 
қарап, зерделеп қоймай, суреттің құндылығын, сурет арқылы оқиғаны анықтауға 
дағдыландыру көзделді. Зерттеу нәтижесінде ХІХ ғасырдағы салт-дәстүрге байланысты 
қандай тарихи мәліметпен танысқанын және суреттегі кейіпкер туралы пікірлерін негіздеп, 
өзіндік ой-қорытыныды жасады
.
Бұл әрекетте А, С оқушылар бір жұп, В оқушылары бір жұп болды. А, С оқушыларының 
жұмысының орындалуы талапқа сай, екеуі бірлесіп орындағаны көрініп тұр, мұны жұмыс 
парағындағы екі түрлі қолтаңба дәлелдейді. В оқушыларының орындаған тапсырмасы да 
талапқа сай, нақты орындалған. Бұдан шығатын нәтиже жұптық жұмыста оқушылардың бір-
біріне қолдау жасап, ұсынылған ақпаратты ортаға салып, деректі өздіктерінен меңгерулеріне 
себеп болды.
Менің түйгенім: 
алдыңғы сабақтар жоспарлағанда 
суретпен жұмысты жалпы сыныптық талқылау 
ретінде ұйымдастырылатын. Яғни, 
«бұл суретте не 
көріп тұрмыз? Сурет арқылы нені түйіндеуге 
болады?» 
деген секілді сұрақтарға жауап алып, 
оқушылардың пікірлерін білумен ғана шектелетін. Ал 
«үш қадам» 
әдіс арқылы суретті 
(деректі)
бақылау, 
қорытындылау, сұрақ туындату арқылы зерттеушілік 
дағдыларын 
қалыптастыруға 
болатындығын 
анықтадым. Бұл іс-әрекетте түсіндіру және дәлел 
тарихи концептілері арқылы оқушылардың тарихи 
ойлау 
және 
зерттеушілік 
қабілеттерін 
қалыптастыруға бағыттап, деректерді зерделеп 
түсіндіре алуы, тарихи талдау жүргізуі ерекше 
назарға алынды. Оқушылар бақылау арқылы: 
суреттегі тұлға мен оның қолданған заттарын 
мұқият зерделеді. 
Қорытындылау арқылы: 
сол 
Дәлел: жұптық жұмыста жүргізген оқушылардың 
жауаптар үлгілері 
А-С деңгейіндегі оқушылардың жұмысы: 


54
замандағы қызмет, әлеуметтік жағдай, мәдениет 
туралы мағлұматтарды негіздеді.
Сұрақ туындату 
арқылы: 
туындыдан 
тереңірек 
не 
білгісі 
келетіндерін айқындады.
Сонымен қатар мұғалімнің 
берген жетелеуші сұрағы арқылы: 
суреттің тарихи 
құндылығын анықтады.
В деңгейіндегі оқушының жұмысы: 
Оқушыларды деректермен жұмыс жүргізуді меңгертудің алғашқы сатысы ол 
теориялық негізді қалыптастыру. Ол бойынша ең алдымен оқушы дереккөздің түрлерін нақты 
біліп, олардың өзіндік шығу тарихына көңіл бөлу керек екені қарастыруға бағыттау. 
Теориялық негіздемені жүзеге асыру үшін оқушылардан дереккөз туралы сауалнама алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет