Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет61/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135
Байланысты:
сборник3

Дереккөздің 
жазылу 
себебі неде? 
 
Дереккөздің жазылу мақсатын анықтау, ақпаратты жазу барысында автордың 
қандай да бір меңзеген мақсаты, жазу себептері анықтау. Автордың оқиғаға 
қатысты өз пікірін білу мүмкіндігі, яғни ол оқиғаны немесе кейіпкерлерді 
қолдайды немесе теріске шығарады немесе бейтараптық сақтайды 
Деррекөздің 
пайда 
болуы кезінде қандай 
оқиғалар орын алып 
жатты? 
Дереккөз жазылу барысындағы қиындықтарды анықтауға мүмкіндік береді 
(мысалы, соғысқа шақыру, көмек қажеттілігі туралы хабарландыру) 
Тұжырымдар мен қорытындылар
Оқушылармен жүргізілген жұмыс кезінде бастапқы кезде оқушылар негізінен 
дереккөздерді сипаттауда болды. Яғни оқушылар дереккөзде берілген ақпаратты тек қана 
қайта түсіндіріп, жан-жақты талдауда қиналғандығы байқалды. Оқушылардың бастапқы 
кездегі негізгі қиындықтарының бірі сұрақ пен дереккөзді өзара байланыстырып, сұраққа 
қатысты дереккөздерді орынды қолдану, оқиғалардың бір-бірімен сабақтастығын көрсетіп
жүйелілігін көрсету. Оқушыларға мұғалім тарапынан жүргізілген теориялық түсіндірмелер 
нақты нәтижеге жетуге жеткіліксіз болғанын көрсетті. Келесі қадамдарда оқушылар теория 
мен практиканы ұштастыра, өздері тарапынан ізденіс жұмыстары жүргізген кезде ғана 
біршама алға ілгерушілік байқалды. Осы тұста оқушылардың топтық жұмыста дереккөз 
түрлеріне дереккөзді талдау үшін сұрақтар құрастыруы өзіндік оң нәтижелерге қол жеткізуге 
мүмкіндік берді. Топтық талқылау барсында оқушылар өз сұрақтарының дұрыс - 
бұрыстығына, тереңдігіне, дереккөзді ашуға қаншалықты лайықтығы туралы ойланып, өз 
жұмыстарына түзету еңгізді. Құрастырылған сұрақтар бойынша бірнеше практикалық жұмыс 
жасалып, оқушылар дереккөзбен жұмыс жасауға дағдыланды. Алайда, оқушыларда көптеген 
қиындықтардың бары анықталды. Мысалы, оқушылар дереккөздерде берілген ақпаратты бір-
бірімен байланыстыруда, дереккөз ақпаратын орынды қолданып, мәселеге қатысты өз ойын, 


55
пікірін білдіруде қиналады. 10 сыныпта дерекпен жұмыс жүргізуді жоғары деңгейге жеткізіп
жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін бұл жұмыс түрін ертерек, яғни 7-8 сыныптарда қолға 
алған жөн болады.
 «Жақсартуға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері байланыс»
деп зерттеуші Джон 
Хэтти атап көрсеткендей, зерттеу сабақтары бойынша оқушылардан бастапқы сауалнама 
сұрақтарына негізделген шығыс сауалнамасы алынды. Кіріс пен шығыс сауалнамаларының 
жауаптарын салыстыра келе, біршама айырмашылықтар мен тиімді өзгерістер орын алығанын 
көруге болады. Яғни, оқушылар берген жауаптарынан дерекпен жұмыс жасауға 
қызығушылықтарының артқанын, жұмыстың қай түрі, қандай тапсырма болмасын деректі 
зерттеп және талдай алатындықтарын, деректің сенімділігі мен маңызын анықтауда бір жүйеге 
келгендерін аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет