58
даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет
етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін
ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа
инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,
талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ.
Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны –
мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол – мұғалімнің бір-
біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. Ендеше мұғалімнің бағыттауымен оқушы
білімді меңгеріп қана қоймай оны өмірде, іс-тәжірибесінде қолдана білуі шарт. Келер ұрпаққа
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Жас ұрпақты рухани
адамгершілікке тәрбиелеу олардың біртұтас дүние танымының қалыптасуына, әлемдік сапа
деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-
жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Осы тұрғыда, әр пән мұғалімінің оқыту
әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану
мүмкіндіктері берілген.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі
негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
Оқушылардың оқуға
деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге
талаптандыру.
Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.
Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясын
басшылыққа аламыз. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде
жазылған.
Дамыта оқытуды ұйымдастыруды, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп
қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы
ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы
емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай
оқыту ғана баланың
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта
оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады. Оқыту
барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін
дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін
өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал
ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік,
зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге,
оны дәлелдей
білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Сондықтан әрбір бастауыш сынып
мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін
толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс Дамыта оқыту
жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл
теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір
заңдылықтарына
көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен
құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын
меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз
өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе
сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз.
Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға
дағдыландырамыз.
Сабақта оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс
түрлерін ұйымдастырамыз.Мысалы,2-сыныпта «Сөйлем» тақырыбын оқытудың осы кезеңі
бойынша саяхатқа шығып бірнеше тапсырмаларды дұрыс орындату арқылы
59
меңгертеміз.Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар поезға отырамыз.Әр
вагонда бір
жұмбақтан жасырынған.
Мысалы,1-вагонда: «Жылт-жылт еткен,жырадан өткен»;
2-вагонда: «Тәтті,тәттінің іші қатты,қаттының іші тәтті»;
3-вагонда: «Кішкентай ғана бойы бар,айналдырып киген тоны бар»;
4-вагонда: «Қанаты-жоқ ұшады,аяғы жоқ қашады»;
5-вагонда: «Ти десем,тимейді,тиме десем ,тиеді»;
6-вагонда: «Отқа жанбас,суға батпас»;
1-тапсырма:Әр жұмбақтың шешуін тауып,әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптен
сөз құрастыру керек.-Қандай сөз шықты?-СӨЙЛЕМ.
2-тапсырма:Паровоз тоқтап қалды.Көмекке келейік.Ол үшін сөйлем неден тұратынын
табайық:-Сөйлем сөзден тұрады.-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
3-тапсырма:-Пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген сөз
жазылыпты.Қалай ойлайсыңдар,бұлар қандай сөйлемдер?Мұндай сөйлемнен кейін қандай
тыныс белгілері қойылады? Қане,ойланып көрейікші.
- Нүкте.Сұрау белгісі.Леп белгісі.
- Сөйлем туралы ойды жинақтап ,сызбаға түсіруге болады.
Ой сергіту жаттығуы: «Сөзден
сөз шығарып,ол сөздерден сөйлем құра»деп беруге
болады.
Дамыта оқыту технологиясының тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру үлгісі.
Өңдеу (қалпына келтіру кезеңі). Оқушылардың есте сақтау, қабылдауына үйрету.
Сабақтың 1 ∕3 бөлігін қамтиды.
Кім? Қайда? Қашан? Не?
Суретте не бейнеленген? Жылдың қай мезгілі? Анықтама беріңдер...
Оқып шығыңдар. Айтып беріңдер. Қайталаңдар. Еске түсіріңдер. Суреттеңдер. Қатесін
түзеңдер.Мысал келтіріңдер...
Өнімділік – ойлауға, елестетуге сүйену.
Сабақтың негізгі кезеңі. Тапқырлық, табыстық.
Эвристикалық.
Басты идеясы қандай, негізгі ой? Құбылыстың негізгі мағынасы
не? Себебі не? Немен түсіндіруге болады? Қандай қорытынды шығарамыз?
Бұл ережені
қалай, қайда қолданамыз? Біз сендермен қандай қорытындыға келдік? Бекітуге келісесіңдер
ме? Неге...? Талқылаңдар... Жіктеңдер... Жүйелеңдер...
Проблемалық ізденіс. Басқа әдіспен қалай шешуге болады? Неге бұл әдіс тиімді?
Несімен жеткіліксіз? Түсіндіріңдер, не себепті? Дәлелдеңдер. Ұсыныс айтыңдар...
Салыстырыңдар...
Шығармашылық. Құрастырыңдар... Ойластырыңдар... Ойлаңдар, қалай істеуге болады?
Басқа әдіспен қалай шешеміз? Не өзгереді егер...
Сұрақтар мен тапсырмалардың құрылуына қойылатын талаптар
.
1. Нақты құрылымы
2. Оқушылардың базалық білімін ескеру.
3. Ойлау қабілеттерін бағыттау (салыстыру, бақылау, пікірлесу, синтездеу және т.б.).
4. Сұраққа жауап іздеу, оқушыларды ойлауға жетелеп, ойға берілуге қызығуын туғызу.
5. Эмоциялық көрініс, қойылған сұраққа оқушылар дұрыс жауап бергенінше шектемеу.
Достарыңызбен бөлісу: