61
стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің кажеттіліктеріне сәйкестігін
белгілеудің рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы»,-деп сипаттама берген .
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: «Білім - адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының,
деректері мен пайымдарының т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетіиің ауқымды
ұғымдарының бірі болып табылады, ол сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым, т.б. күрделі де
терең ұғымдармен тығыз байланысты. Білім бүкіл адамзат
ақыл-ойының адамды қоршаған
табиғатты, айналаны танып білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы, қоғамдық өмірдің
даму сатыларына сай теориялық аныктамалар мен адамның өмірлік қаракетінде айқындалып
дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі», - деп жазылған [7].
Білімді қазір адам капиталының өнімі ретінде қарастырады. Егер экономиканың,
ғылым мен техниканың даму тенденциясы адам капиталы рөлінің өсуіне байланысты екенін
ескерсек, онда білім-қоғамды дамытатын басты қозғаушы күш. Сондықтан білім - қоғамды
барлық бағытта және тенденцияда тезірек дамытуды қамтамасыз ететін адамның ақыл-
ойынын өнімі. Білім - адам капиталы, адамның бойындағы жинаған қазына байлығы. Адамның
ақыл-ойының жетістігі, іскерлігі, өмірге деген кезқарасы, іс-әрекеті меңгерген біліміне
байланысты.
«Білім» ұғымын анықтаумен бірге оның қызметін де айқындап
алу зерттеудің мәнін
дұрыс түсіну үшін қажет болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында:
«Білім беру қызметі - білім беру субъектілерінін мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті
өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін
үрдіс», - деп анықтама берілген [4, 8].
Білім беру кызметі В.С.Ледневтің пікірінше, тұлғаны жан-жақты дамуымен
қамтамасыз ету, яғни қоғамдағы өмірге белсене араласуына қажетті жалпы адамдарға қатысты
әр түрлі әрекетті орындау.
Ғалым А.Чучин-Русовтың пікірінше, өткен XX – ғасырда білім беруді ұйымдастыру -
«ғылым - өндіріс - білім» мәдени микромодель аясында жүрді. Ал жаңа XXI ғасырда білімді
ұйымдастыру - «мәдениет - білім - тарих» микромодель аясында болатыңдықтан, білімге деген
жаңа көзқарас туды. Білім мәдениетінің бөлігі ретіңде 4 жақты сипатта болатындығы
ескерілуде.
Дәлірек айтсақ, білім - құндылық, білім - жүйе, білім - үрдіс, білім – нәтиже.
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін
сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып
жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Үшінші мыңжылдықта бәсекеге қабілетті білім беру өмір талабынан туындап отыр.
Білім беру деп табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке
адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал
жасайтын үдеріс.
Білім беру – оқушылардың жалпыланған қоғамдық – тарихи тәжірибені игеру және
меңгеру үдерісі мен нәтижесі. Адам баласы жасаған білімдер жүйесін игеруді, соның негізінде
дүниеге көзқарасын, таным-білім қабілетін,
сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыру.
Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі,
шығармашылық
қабілеттілігінің,
дүниетанымы
мен
адамгершілік
-эстетикалық
көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен
ынталандырудың мақсатты педагогикалық үдерісі.
«Білім» ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтама береді. Ғалым П.И.Пидкасистый
бойынша, «білім» – бұл адамның қабылдайтын жүйелі білім, іскерік пен дағдысының, ақыл-
ойы мен сезімінің дамуы мен танымдық үдерісінің қалыптасуы.
Ал ресейлік ғалым И.П.Подласыйдың пікірінше, «білім – оқытудың нәтижесі. Білім –
бұл оқыған адамның жүйеленген, меңгерген біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, ойлау қабілетінің
көлемі».
62
Сапа – бұл өнімнің, үдерістің не жүйенің алдын-ала белгіленген мүмкін болатын немесе
міндетті талаптарын қанағаттандыратын жекеленген қасиеттерінің жиынтық дәрежесі
(Стандарт ИСО 9000:2000).
Сапа сипаттамасы – стандарт талаптарынан шығатын өнімнің, үдерістің және жүйенің
дербес ерекше қасиеті.
Білім беру қызметінің сапасы – білім алушының білім, білік, дағдыларының
жиынтығының талапты орындайтын дәрежесі (СТ ҚР 1157- 2002 ж.).
Білім беру сапасы – білім беру үдерісінің жай-күйі мен нәтижесін көрсететін әлеуметтік
категория, жеке тұлғаның азаматтық тұрмыстық және кәсіби құзіреттілігін дамыту мен
қалыптастыру ішкі (қызметкер) және сыртқы (жеке тұлға, қоғам мен мемлекет)
тұтынушылардың сұранысы мен талап – тілектерінің сәйкестік дәрежесімен сипатталады.
Осы төрт қырын біртүтас қарастырғанда ғана бүгінгі
тарихи кезеңге сай білімнің
қызметінің мәні шығады.
Меңгерілген білімнің маңыздылығынан негізгі ұғым - білім сапасы шығады.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі туралы ережеде: «Білім сапасы - тұлғаның,
қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың білімі, ептілігі, дағдылардың мазмұнына,
көлеміне тұрақты және дамудағы тұтынушылықтарын қанағаттандыратын қабілеттікті
сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы», - деп қарастырады.
Білім мекемелеріңдегі оқыту іс-әрекеттерінің аспектілері: білімні» мазмұны, оқыту
әдістемесі, әдісі, материалдық-техникалық базасы, мамандардың құрамы т.б.
оқушының
дамытуға қатысы бар көрсеткіштердің жиынтығы арқылы да білім сапасы анықталады. Байқап
отырғандай, білім сапасы білім беретін мекемелерде олардың барлық іс-әрекетінің
бағыттарын қамтиды, олардың жиынтығының нәтижесінде жүзеге асады. С.Е.Шишов,
В.А.Кальней білім беру сапасын оқу арқылы білімге, шығармашылыққа, құндылықтарға
бейімділік, негізінен, жалпы қабілеттіліктің жетістігі деп түсіндіреді [29,96].
«Ата-аналар мен білім қызметкерлері балаларға қатысты әр алуан жауапкершіліктегі
«үлкендік» борышын атқару үшін бірігеді.
И.Фрумилиннің пікірінше, «мұғалім - балалардың алдында делдалдық қызмет
атқарушы». Ал, Л.С.Выготский: «Мұғалім делдал рөліндегі - балалардың өздері енуге тура
келетін әлемнің өкілі. Бұл тұлға баланың ен жақсы әлеуетті мүмкіндіктерімен
кездесуін
қамтамасыз етеді. Оқушы ұстазын қалай бағаласа, үлкендердің өмірін де солай бағалайды»
деп бағалайды [34].
Бірлік - қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды этикалык ұғым. Бірлік -
адамдар арасындағы ынтымақтастық, үйлесімді тіршілік әрекетінің көрінісі. Бірлік
ұйымдасқан тіршіліктің кепілі саналған. Тұлға мен ұжымның арақатынасын, тіршілігін түзуші
мектеп ұжымы үшін бірліктің маңызы зор.
Ендеше қорыта келгенде, бірлік - белгілі топ, ұжым, халық немесе жалпы адам
баласының мақсат, мұрат, мүдделер тоғысынан туындайтың әрекет деуге болады. Ол - ортақ
мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп, қуанышта ортақтас болу
секілді кең ауқымды эмоция түрлерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: