53
көркем шығарманы оқитын, түсінетін оқырманның эстетикалық қабылдауы
тұрғысынан талдауы қабылдау стилистикасы (стилистика декодирования)
деп аталады.
Көркем шығарманың оқырманға эстетикалық әсерін ағылшын және
орыс әдебиеті материалдары негізінде зерттеген И.В. Арнольд соңғы
терминнің пайда болуын шетелдік ғалымның есімімен байланыстырады:
«Америкалық ғалым М. Риффатер қазіргі заманғы байланыс теориясы мен
ақпарат теориясының ұғымдары және терминологиясын пайдалана отырып,
стилистика міндеттерінің жалпылама формулировкаларын береді. Ол
стилистиканы хабарды кодқа түсіріп отырған адамның ойлау образын сол
хабарды алып, қабылдайтын адамға беру жолдарын зерттейтін ғылым деп
анықтайды» [67:18].
Ал кеңестік, кейіннен ресейлік және отандық еңбектерде бұл терминнің
кеңінен қолданылуы И.В. Арнольдтің өз есімімен байланысты. Ол 1972
жылы шыққан мақаласында: «Стилистика декодирования – раздел
стилистики, который рассматривает способы толкования художественного
текста для достижения наиболее полного и глубокого понимания его, исходя
из структуры его текста, взаимоотношений составляющих его элементов»
[68:132] деп көрсетеді.
Автор өзінің бірнеше рет басылып шыққан ағылшын тілінің
стилистикасына арналған кітабында бұл терминнің «стилистика восприятия»
деген синонимін де қолданады. Ал бұл терминді ғылыми айналымға енгізген
Ю.С. Степанов стилистиканы ақпарды жіберуші тұрғысынан және ақпарды
алушы
тұрғысынан
жеке-жеке
қарастыруды
ұсынады.
Көркем
коммуникацияда ақпарды жіберуші әдетте қаламгер болғандықтан, оның
стилистикалық әлеуетті пайдалануын автор стилистикасы деп атап, ал ақпар
алушы оқырман болғандықтан, оның көркем шығармадан алған эстетикалық
әсерін түсіндіруді қабылдаушының стилистикасына жатқызады. Зерттеуші
ХХ ғасырда өмір сүрген ғалым Л.В. Щербаның «Опыт лингвистического
толкования стихотворения» деген еңбегін қабылдаушы әсерінің классикалық
үлгісі ретінде ұсынады: «Щербаның әдісі туындыға жеке адамның,
оқырманның – және сезімтал оқырманның – көзқарасына негізделген: ол
талдаудан бұрын өнердің эстетикалық құндылығынан ләззат алады» [69:284].
Л.В. Щерба алғаш рет «порог восприятия» ұғымы арқылы көркем
шығарманы тек белгілі бір шекке дейін ғана мүшелеуге болатынын
көрсеткенін, ол шығармадағы тек көркем қызмет атқаратын элементтерді
талдауды ұсынғанын айтады.
Осы
Достарыңызбен бөлісу: