58
Крейгельге көзқарасын, оны кекетуін, яғни мысалдың модальділігі сатираға
негізделгенін байқатады.
Ұсыну қағидатының келесі типі – бірігу. Оның ең қарапайым түрі –
ұйқас. Бұл негізінен поэзияның дистинктивті белгілерінің бірі, алайда
прозалық шығармаларда синтаксистік параллелизмде байқалады
:
Аз уақыт
жігітшілік дәурен құрып жүріп, заңды-заңсыз үш-төрт неке көрген,
шамалы әншілігі, болмашы бишілігі бар әдемі жас келіншекпен
отасты(М.М.).
Бұл мысалда параллелизм бір ғана сөйлем мүшесінен
байқалса, төмендегі үзіндіде сөйлем мүшелерінің бәрі дерлік параллель
құрылған:
Шал тартып отырған сыбызғы шаттықпен шалқымалап барып,
еңсені езер ауыр азаға ұласты: айдалада иесін атып кетіп, иесін асып кетіп,
иен қалған ақ отауды жел кеулеп, қаңырап уілдегені секілді аса ауыр екен;
аспаннан ұшқан қос аққудың бірі оққа ұшып, екіншісінің зар жылап,
сұңқылдағаны секілді екен; бір үйдің бір азаматы жау қолынан қаза тауып –
оң жаққа сұлатып сап, жан жарының екі мықынын таянып алып,
азалағаны сықылды екен;..
Ойдан шықпау эффектісінің мәні: әрбір жеке элемент өзінің алдындағы
элементтер арқылы дайындалады және өзінен кейінгі элементтерге
баспалдақ болып табылады. Алайда вербалды берілген ақпардан мүлде
басқаша жағдайға әкелуі де мүмкін екендігі төмендегі мысалдан байқалады:
...Қорғаушыға қарсы болу – жетекшіге қарсы болу деген сөз. Қарсы боп
көрсін... Көмусіз қалар! Шауып өтем, бірауыздан өтем...
Шынында, бірауыздан болмағанымен, - жақтаушы - жиырма бір, қарсы
– үшеу, - Бексейіт жарып өтті (М.М).
Аталмыш қағидаттың бір типі - қайталама туралы іргелі еңбегінде
филология ғылымдарының докторы О. Бүркітов алғаш рет «выдвижение»
терминін қолданады: «бір сөзді немесе сөйлемді қайталап қолдану арқылы
екінші қатардағы мәселені өзектілендіріп, оны алдыңғы орынға шығару. Бұл
процесс мәтін стилистикасында «выдвижение» деп аталады» [29:40]. Айта
кету керек, мәтіннің метареференттілігіне қызмет ететін қайталама
метасипаттауда да, яғни қабылдау стилистикасында да маңызды рөл
атқарады.
Ұсыну қағидатының негізгі мәні – оқырман өзі оқып отырған көркем
мәтіндегі
көзге көрініп тұрған, ақпараттылығы жоғары элементтерге бірден
назар аударады. Мәселен, Бұқар жыраудың «Тілек» толғауын алсақ, мұнда
морфологиялық тұлғалардың, синтаксистік құрылымдардың қайталамасы,
эпифоралық, анафоралық қайталама, ассонанс, аллитерациялар ә дегеннен
көңіл қойғызады:
Бірінші тілек тілеңіз –
Бір аллаға жазбасқа;
Екінші тілек тілеңіз –
Пиғылы жаман залымның
Тіліне еріп азбасқа;
Үшінші тілек тілеңіз –
Үшкілсіз көйлек кимеске
;
т.б.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
59
Контрастың ең қарапайым түрі антонимдер арқылы көрінетіні мәлім.
Кереғарлық тек жеке сөз,
сөз тіркесі, микроконтексті ғана емес, көркем
шығарманың барлық деңгейін қамтып, оның мән-мағынасының дұрыс
қабылданып, ашылуына қызмет етеді.
Контраст сөзі ғылыми-зерттеу әдебиетінде жиі кездеседі, өйткені көркем
шығармадағы образдар жүйесі, концептуалды мазмұн, кейіпкерлердің іс-
әрекеті қайшылықсыз болмайды. Контраст бір шығармада ашық байқалса,
енді бірінде жасырын көрінеді. Бүкіл концептуалды-мазмұндық ақпарын
контраст атауға жинақтаған көркем текстер әлемдік және ұлттық әдебиетте
аз емес. Мәселен, неміс Ф. Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», орыс Ф.М.
Достоевскийдің «Қылмыс пен жаза», қазақтар Ә. Нұршайықов пен Ә.
Нұрпейісовтің «Ақиқат пен аңыз», «Қан мен тер» туындыларын атасақ та
жеткілікті.
Жақсылық пен жамандықтан, қуаныш пен реніштен, күлкі
мен көз
жасынан, мейірім мен қаталдықтан тұратын тіршілік деп аталатын үдеріс
ұлттық танымы мен европалық білімі ұштасқан М. Жұмабаевтың
шығармашылығында жаңа, соны бейнелерге, символдарға толы өлеңдер
тууына әсер етті.
«М. Жұмабаев өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген-
түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның творчествосының бір қырында,
яғни таразының бір жағында мұңды толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет,
күйініш жатса, таразының екінші басында романтикалық өршілдік, махаббат,
сүйініш-күйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Көп қайғы-қасірет шеккен,
азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір екі оттың жалынына
шалынып, соған шарпылған!» [73:15]. Сондықтан да болар, ақын өлеңдерінде
контраст мәнді сөздердің мол қолданылатыны,
әсіресе олардың қатар
жұмсалуы жиі кездесетіні анық байқалады. Суреткер көптеген
туындыларында лексикалық және контекстік антонимдерді бір бунақ немесе
бір шумақ көлемінде контраст жасап, мәтінді дамытып, түзуге пайдаланса,
кейбір өлеңдерінің атауын антитезаға құрған: «
Достарыңызбен бөлісу: