Өлім–түн, өмір-гүлді
Гун даласы.
Өмір менен өлімнің
шекарасын
Ұйықтап озбақ ежелден жер баласы.
Екі дүние: күн мен түн, өмір-өлім,
Бірі – бесік, біреуі – даяр көрің.
Бала
болып жата бер бесігіңде,
Сар даланың еркесі -
қазақ елім.
Шумақ сайын ақын ойының динамикасын көрсетіп, мәтін түзуге қызмет
етіп тұрған мағыналық ұйытқы сөздердің әр жұбы контраста алынған:
күн –
түн, ұя – дала, көк көзді жын – Түрік, оң – солтүстік, өмір - өлім, бесік –
көр, бала – ел.
«Күн мен түнді шендестіру арқылы ақын өлеңіне тағы бір
қазақ поэзиясында кезікпеген әуен қосады» [74:] және бұл антитеза ақынның
бірталай шығармаларында байқалады. Алғашқы шумақтағы лексикалық,
контекстік
антонимдер
арқылы
берілген
ақынның
субъективті
көзқарасындағы полярлық коннотация екі дүние тіркесімен жалпыланып,
қайтадан нақтыланып, айқындалып, «бесік» пен «көрге» айналады. Бұл
сөздердің тура және ауыспалы мағыналарындағы қарама-қарсылық арқылы
өз халқының болмысын тұспалдай аңғартатын философиялық астармен
сөйлейді. «Бесік» этнографизмінің семантикасындағы пәктік, сәбилік,
жылылық мағыналарынан күн, өмір туындаса, «көр» суық, қараңғы сияқты
белгілерімен түн, өлім концептін вербалдайды да, контраст қоюлана түседі.
Өлеңдегі «Қытай қорған» прономинативінің ассоциативті байланыстары да
мәтін семантикасын толықтыруға, байытуға қызмет етеді.
Бұларға қоса қабылдау стилистикасында дәстүрлі стилистикада
оксюморон аталатын тіркестер типті құрылымдар, хиазм типті синтаксистік
құрылымдар, көркем мәтіннің атауы, эпиграфы, алғашқы және соңғы
сөйлемдері (басы және соңы) айрықша қызмет атқаратыны сөзсіз.
Көркем мәтінді оқып отырған оқырман дағдыдан бөлек сөзқолданысты
бірден байқап, оған ойша қайта оралуға, оны басқа сөз тіркестерімен
салыстыруға, оның сол контекстегі орнына еріксіз назар аударуға мәжбүр
болады. Соны, тосын тілдік бірлік адам жадында ұзақ уақыттар сақталып
қалуы да, кезі келгенде, қажетті жағдайда оны еске түсіру арқылы қайта
қолданылуы да мүмкін. Мәселен, Г. Салықбайдың мына бір сөзқолданысы
сондай:
«Қаратаудың басынан
Достарыңызбен бөлісу: |