Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет49/79
Дата22.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#140355
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

стилистика восприятия
тіркесінің құрамындағы 
восприятие
сөзін Ғ. Мұсабаев редакциясымен шыққан «Орысша-қазақша сөздік» 
төмендегідей анықтайды: 1. (способность), қабылдау, түсіну, ұғыну; 2. (то, 
что воспринято), түйсік, түйсіну, изучение восприятия ребенка (бала 
түйсіктерін зерттеу) [70:114]. Біздің ойымызша, осылардың арасында 
қабылдау сөзінің мағынасы көркем шығармадан оқырманның алған әсерінің 
жиынтығын толық беретін сияқты, сондықтан 
«стилистика восприятия
» 
терминіне балама ретінде 
қабылдау стилистикасы
деген атауды ұсынамыз. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


54 
Әрине, лингвист-зерттеушінің көркем мәтінді түсініп талдауы қатардағы 
қарапайым оқырманның қабылдауымен бірдей деуге келмес, бірақ 
оқырманның да аялық білімі шығарманы белгілі бір деңгейде түсініп, өзінің 
дербес интерпретациясын жасауына мүмкіндік береді. 
Ю.С. Степанов қабылдау стилистикасының бастауында жоғарыда 
аталған Л.В. Щербаның тәжірибесімен қатар, Б. Лариннің семиотикалық 
стилистикасы, А. Белый қолданған метасипаттау тұрғанын айта келіп, 
қабылдау стилистикасының нақты әдістерін көрсетеді: «Бұл тәсілдер... 
ойдың екі түрде бірінің ізімен бірі жылжуынан байқалады: а) бірінші жылжу 
– анализ, көркем сөзді маңызды элементтерге бөлу; б) екінші жылжу – 
синтез, алынған элементтерден қайтадан бірегей тұтастықты құрау. 
Сонымен, көркем сөздегі анализ (талдау) екі межені – сөздікті 
(парадигматикалық) және хабарды (синтагматикалық) – қамтуы керек. 
II. Синтез – бұл талдау арқылы табылған сөз образдарының негізінде 
жүргізілетін метасипаттау» [69:299].
Ал И.В. Арнольдтің өзінің код сөзін қолдануы – информация 
теориясының негізін салушы К. Шеннонның тұжырымдарын лингвистикаға, 
оның ішінде стилистикаға трансполяция жасауының нәтижесі. 
Стилистиканың дамуына ақпарат теориясы кӛп әсер етті, одан ақпарат,
код, кодтау, кедергі, байланыс арнасы, декодтау (хабарды қабылдау) ҥдерісі 
сияқты терминдер алып, мәтінге қатысты қолданыла бастады. Сондай-ақ 
сигнал, хабар, ақпар беру жҥйесі, кванттау, тезаурус т.б. терминдер де 
кӛркем мәтін талдауға жҧмсала бастады. Осыған сәйкес қаламгер – мәтін – 
оқырман ҥштағаны ақпарат жіберу жҥйесі ретінде қарастырыла бастады. 
Ақпарат теориясында хабардың жіберілуі мен алынуы материяның басты 
белгісінің бірі бейнеленумен (отражение) тікелей байланысты, яғни бір 
нысанның ерекшеліктерінің шағылу ҥдерісі нәтижесінде екінші нысан 
ерекшеліктерінің ӛзгеруі, кӛркем коммуникацияға қатысты алсақ, автордың 
мәтін арқылы жолдаған хабарын оқу нәтижесінде оқырманның ойында 
қалыптасқан ақпар.
Ақпарат теориясының негізгі постулатын К. Шеннон былай анықтаған: 
«Байланыстың негізгі міндеті – бір жерден жолданған хабардың екінші бір 
жерге дәл солай немесе соған жақын жеткізілуі. ...Маңыздысы, жолданған 
ақпар жіберілуі мҥмкін 
көптеген хабардан таңдалып алынған бірі
екені ғана. 
Байланыс жҥйесі тек таңдап алынған ақпарды ғана емес, кез келген хабарды 
жіберу мҥмкін болатындай жобалануы тиіс» (71:243-244), яғни хабардағы 
ақпар кӛлемі ондағы нақты тілдік бірліктердің семантикасының қосындысы 
емес. Мәселен, Е. Раушановтың «
Өкпе де ме екен, наз ба екен, Біздей де ғаріп 
аз ба екен. «Беломор каналды» сен шектің, Беломор каналды қазды әкем» 
деген ӛлең жолдарында
 
сӛздердің денотативтік және коннотативтік 
мағынасына қоса, тҥрлі ассоциациясы негізінде ақпар кӛлемі ҧлғайған, яғни 
саяси-идеологиялық машинаның қҧрбаны болған әкесінің тартқан азабы мен 
соған байланысты ӛз басына тҥскен қиыншылық пен ауыртпалықтың 
мыңдарға тән екені, оған кінәліні іздеуге дәрмен болмағаны кӛрсетіледі. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


55 
Ақпарат теориясының негізін салушылардың бірі К. Шеннонның 
сызбасындағы басты бес компонент былай кӛрсетіледі: 1) арнамен жіберілуге 
тиіс хабар немесе хабар тізбегі; 2) аталған хабарды жіберілетін арнаның 
сипатына сәйкес сигнал ретінде қайта тҥзетін жолдаушы; 3) сигналды 
жіберушіден алушыға жеткізуші арна; 4) жолдаушыдан алынған сигнал 
бойынша ақпарды қайта тҥзіп, қабылдаушы қҧрал; 5) адресат немесе ақпарды 
алуға тиіс адам.
Мҧндағы бірінші компонент ретінде қаламгер ӛмір сҥрген орта, кезең, 
қоғамды тҥсіну керек. Жолдаушы ретінде жазушы немесе ақынды атау 
керек, себебі ол ӛмірден кӛрген, тҥйгендерін ӛз бетінше тҥсініп, зерделеуін 
кӛркем бейнелер арқылы кодқа тҥсіреді, сол арқылы оқырманға әсер етеді.
Арна ретінде тҥрлі әдеби жанр мәтіндерін атаймыз. Қабылдаушы, яғни 
оқырман - қаламгер жіберген сигнал арқылы ақпарды алып, соған жуық 
тҥсінетін адам. Ал адресатымыз – тҧтас қоғам десе де болады, себебі кӛркем 
мәтін тек бір ғана оқырманның еншісі емес. 
Кез келген қаламгер ӛзі ӛмір сҥріп отырған орта мен кезеңде, қоғамда әр 
алуан қҧбылыстар мен оқиғалардың куәсі болады, олардың бірі оның сезім-
тҥйсігін жанай ӛтсе, енді бірі жан дҥниесін мҥлде ӛзгертеді, ал ҥшіншісі 
тікелей қайшылық тудырады. Ал мҧның ӛзі осы аталғандарды кӛкірек 
кӛзінен ӛткізіп, ӛз эмоциясын қоса пікір білдіруге, ӛз пайым-тҥсінігін 
жеткізуге итермелейді. Бҧл орайда ол кӛзімен кӛргеннің бәрін емес, ӛзі ҥшін 
аса маңызды, бағалы, буырқаныс тудырған оқиға-қҧбылыстарды таңдап 
алып, іріктеу, ықшамдау нәтижесінде белгілі бір кодқа салады, яғни кӛркем 
тілмен, тҥрлі образдар арқылы сюжет желісін әсерлі тҥрде басқаға жеткізеді. 
Ал мҧның ӛзі шығармашылықтың белгісі, сондықтан хабар беруде кедергі 
болмайды. Жалпы алғанда жҥйе кез келген хабарды жеткізуге мҥмкіндік 
бергенмен, кейбір кедергілер де болуы ықтимал, сондықтан оқырман автор 
кодын тҥсінуге қабілетті болуы керек. 
Ақпарат теориясында 
код
деп таңбалар жҥйесі мен белгілі бір арнамен 
қандай да бір хабарды жіберу ҥшін бірігу заңдылықтарын атайды. Ал 
техникада хабарды жолдап, оны алушының ӛз мәнінде тҥсінуі ҥшін ойлап 
табылған таңбалар жҥйесі Морзе коды, тҧрақты болғандықтан, бірінші 
сигнал жҥйесі – тілдік қҧралдар жҥйесі де код деп саналады Тіл кӛркем 
әдебиеттің негізгі коды және ол ҧлттық дҥниетанымның тікелей кӛрінісі, 
сондықтан мәтіндегі ақпараттың кодталуы да, декодталуы да әр халықтың 
ӛзіндік ерекшелігіне сәйкес жҥзеге асады, алайда кейде оған басқа 
иконикалық жҥйелер коды да кӛмекке келеді, яғни олар сӛз арқылы белгілі 
бір мәтін қҧрылымына енгізілетіні байқалады.
Арна арқылы жеткізілетін хабар – кӛркем мәтіннің идея, образдар жҥйесі 
арқылы жететін мазмҧны. Осы екінші, ҥшінші компонентте аталатын сигнал 
хабарды бейнелейтін уақыт ҥдерісі деп тҥсініледі де, оқырманның кӛркем 
мәтінді оқу, қабылдау ҥдерісінде ондағы тілдік тҥрлі қҧралдардың бір-
бірімен іліктесе, ҧйыса қолданылуынан туындайтын реакциясы, сезім кҥйі, 
психологиялық жағдайы осы сигналмен тікелей байланысты.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


56 
Кибернетика ғылымында сигналдың ақпараттылығы оның энергиясына 
немесе физикалық, материалдық белгілеріне байланысты еместігі 
кӛрсетіледі, яғни кӛркем мәтінге қатысты алатын болсақ, екі шумақ ӛлеңнің 
ақпараттылығы, семантикасының байлығы, әсері том-том романнан кем 
тҥспейді.
Қандай да бір арна арқылы жіберілетін хабар қабылдаушыға тҥрліше 
жетеді, соған байланысты ақпарат теориясында арнаны кедергісіз арна және 
шулы арна деп бӛледі. Кедергісіз арнада хабар бірізді тҥсініліп, 
қабылдаушыға еш ӛзгеріссіз, сол қалпында, бҧрмалаусыз жетеді. Ал шулы 
арнамен жететін хабардың тҥрліше тҥсінілетіні сӛзсіз, ӛйткені оны декодтау 
барысында, яғни код арқылы ашуда арнадағы тҥрлі шу, кедергі хабардың 
мазмҧнына әсер етеді, сӛз мағынасы бҧрмалануы мҥмкін. Кӛркем мәтінді осы 
кедергісі бар шулы арна деу керек, себебі оның вербалды қҧрылымындағы 
тҥрлі ерекшеліктер оқырманның оқу ҥдерісін, яғни сигналды беруді,
қабылдауын баяулатады, кейде тіпті тҥсініксіз еткендіктен, қайта-қайта 
оралуға мәжбҥр етеді. 
Ал оқырман жасы, ҧлты, білімі, ӛмірлік тәжірибесі, әлеуметтік жағдайы, 
қоғамдық мәртебесі тҥрліше қалыптасқан, танымдық базасы мен кеңістігі әр 
қилы тілдік тҧлға. Ол белгілі бір тілді тҧтынушы – ҧлттық тілдің субъектісі 
ретінде ҧлттық мәдениеттің де тҧтынушысы, жасаушысы, иесі болып 
саналады, осыған орай қандай да бір қоғамда ӛмір сҥретін адамдардың тіл 
тҧтыну деңгейі тҥрліше болады. Отандық ғалым Н. Уәлидің жіктеуі 
бойынша, 1) әдеби тілді шығармашылық деңгейде тҧтынатын элитарлық 
тип; 2) әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын сақтай білетін, ара-тҧра 
кодификацияланған нормадан қате жіберетін, сӛйлеу тілі мен кітаби тіл 
элементтерін кей тҧста айқын аңғара алмайтын мәдени-тілдік орташа тип. 
Сан жағынан басымы да осы орташа әдеби тип; 3) негізінен әдеби сӛйлеу 
тілін қолданатын, арасында қарапайым сӛйлеу тіліне тән элементтерді қосып 
сӛйлейтін тілдік-мәдени тип. Сан жағынан, шамамен, орташа типтен кейінгі 
орында; 4) қарапайым сӛйлеу тілімен сӛйлейтін, бейәдеби элементтер мен 
диалектизмдерді қолдана беретін коммуниканттар (72:15). Осы аталған 
топтардан тҧратын қоғам Шеннон сызбасындағы бесінші компонент - 
адресатты қҧрайды. Сол себептен қандай да бір кӛркем мәтінді бірдей 
тҥсінетін, интерпретация жасайтын екі оқырман болуы кҥмәнді. 
И.В. Арнольд жоғарыдағы ғалымдардың пікірлерін әрі қарай дамытып, 
қабылдау стилистикасына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет