1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет214/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

summary:
The article reflects the actual problems of introduction, development, use of game methods in the class of 
the Kazakh language. And also studied the psychological and pedagogical foundations of gaming techniques and their 
role in improving the quality of schoolchildren’s learning,
Қазіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасыр 


259
қоғамы ұстаздарға қат-қабат міндеттер қойып 
отырғаны белгілі. Солардың бірі - білім саласында 
оқушыларға осы заманғы талаптарға сай әдістермен 
сабақ беру. Яғни бұл - орта мектептерде сабақ беру-
де қазіргі ең тиімді, нәтижелі әдістерді, солардын бірі 
интерактивті окыту тәсілдерін колдану деген сөз. Осы 
топқа жататын жаңа технологиялардың бірі – оқытудың
ойындық формасы. Оны тарих сабақтарында қолдану 
оқушыларды сол өтіліп жатқан материалға тереңірек 
үңілуге, уақыт лебін сезінуге, белсенді әрекет етуге 
құлшындырады. Бұндағы окытудың ойындық форма-
сына қосылатын рөлдік ойындар, бәйгелер, жарыстар, 
тренингтер, интеллектуалдық шоулар, брейн-рингі, 
т.б. окушылардың осы пәнге ынтасын арттырары 
сөзсіз.
Қазақ тілін окыту барысында қажет ойын-
ды, сұрыптап алу өте маңызды орын алып отыр. 
Оқытушылар қазір мектептерде әр түрлі дидактикалық 
ойындарды қолданып жүр. Олардың да ішінен әр 
сабақтың мақсатына сәйкес ойынды таңдауға тура 
келеді. Көпшілік жағдайда және тілдің салаларына 
байланысты ойындарды оқытушы өзі іздеп, таңдап 
табуға тиісті. Осы мәселені шешуде оқытушылар 
сүйенетін ғылыми негіздің болуы шарт. Ойынның 
түрлері, оның ішкі элементтері, тілдік элементтердің 
байланысы, тақырьптың ашылуы, ойындағы әрекеттер 
мен негізгі ой көрсеткіштері сияқты, т.б. ғалымдар 
анықтаған ұғымдар оқытушыларға үлкен жәрдем 
береді. Тілді оқыту әдістемесінде зерттеуші ғалымдар 
ойын мәселесіне соқпай өтпеген.
Ы.Алтынсарин жаңа үлгідегі мектептері –қазақ 
даласындағы жаңа үлгідегі білім ордаларының 
алғашқы қарлығашы. Ы.Алтынсарин: «Мектеп – 
қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық 
үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы 
мектептерде»[1,280],-деп, мектептегі оқыту үрдісінің 
ғылыми негізде ұйымдастырылуына баса көңіл аудар-
ды.
А.Байтұрсынов мұның себебін: «Бала білімді 
тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің 
қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны, 
өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын 
қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай өту 
үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беруі мен 
бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру»[7,336],- деп 
тұжырымдайды. Ғалым оқулықтарын құрастырған 
кезде де теорияның практикамен байланысы 
ұстанымын басшылыққа алған. А.Байтұрсынов 
оқушының меңгерген білімін тәжірибеде орынды 
қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін тілдік мате-
риалдарды үш кезеңде ұғындыру жұмыстарын жүргізу 
қажеттігіне назар аударған.
А.Байтұрсыновтың оқу-ағарту жөнінде айтқан 
ой – пікірлері орта ғасырлық ғұлама Әбунасыр әл-
Фарабидің және Әбуғали ибн Синаның пікірлерімен 
ұштасады. Бұл ұрпақтар жалғастығын, сабақтастығын 
көрсетеді. Әл-Фарабидің «Рухани негіз түзу бол-
са, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу, үйрету 
нәтижесіне шәкірттің ниеті әсер етеді. Көңіл қалауы 
болмақ»[8.],- деп оқушылардың білімін көтеруге, жаңа 
материалды толық меңгеруіне оның сабаққа деген 
ынтасы, қызығушылығы әсер ететінін бағамдайды. 
Сол сияқты Әбуғали ибн Сина да оқушының сабаққа 
қызығушылығы болса, оның білімінің нашар болмай-
тынын айқындап, пікірін былайша тұжырымдаған: «... 
егер бала ұжымда тәрбиеленсе,онда ол жалықпайды, 
сабаққа ынтасы мен қызығушылығы пайда болып, 
басқалардан қалып қоймауға талпынады»,-деген 
көзқарастарымен 
А.Байтұрсыновтың: 
«Балалар 
оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, 
көңілі қайтып, мұқалмайды, оқуға ықыластанып, 
оқыған сайын қызығады. Оқу басында қиын болса, ба-
лалар суға (ұйыққа) түскен мал сықылды малтығып, 
жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара 
алмай қиналады»[2,323],- деген пайымдауы орайлас 
келеді.
Бұл пікірден ғалымның сабақта дидактикалық 
ойындарды оқушыларға жаңа материалды толық 
меңгерту үшін ғана емес, сонымен қатар сабаққа 
қызығушылығын арттыру мақсатында да қолданғаны 
байқалады.
А.Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде 
арнайы «дидактикалық ойындар» деген термин 
қолданылып, аты аталмаса да, сабаққа оқушылардың 
ынтасын туғызатын ойындардың түрлерін кеңінен 
қолданған. Мысалы, «Қате оқыған жақ қайта оқиды» 
атты дидактикалық ойыны.
Алты бала одақтасып атбақыл атты.
Дала балалары одақ болды. 
Қала бала-
лары одақ болды.
Асандар атты. Алты асық алды.
Назарлар асықсыз қалды.
Асандар асық қарыз алдыү.
Қақбақылдан Назарлар қалды.
Осы 8 сөзді 8 баладан одақтасып бәске оқиды. 
Бәстесі қата шығармау; шығарған жақ қайта оқу, бала 
басынан бір сөйлемнен оқиды. Бірі қаталасса, қатасы 
одағының бәріне жұғады. Қаталасқан жақтан біреуі 
бөтен мақаланы қатасыз оқып шықса, одақтастарының 
қатасының бәрін жуады[2.63].
Демек А.Байтұрсынов дидактикалық ойындарды 
балалардың сауатын арттыруда, олардың орфоэпиялық 
дағдыларын қалыптастыруда толық пайдаланған. Со-
нымен қатар осы ойынның тәрбиелік сипатының да 
артықшылығы айқын көрінеді. Әр бала өзінің топ 
алдындағы жауапкершілігін сезінеді, қателеспеуге де-
ген ниеті туады.
Дидактикалық ойындар арқылы қазақ тілін 
меңгерту барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін 
жетілдіруге, тілдік қарым-қатынасқа еркін түсуін 
дамытуға басты назар аударылады. Мұның себебі, 
оқушыларға тілдің фонетикалық, лексикалық және 
грамматикалық заңдылықтары мен ережелерін 
үйретумен қатар, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру 
мақсатында туындап отыр. Сондықтан мектепте қазақ 
тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту бары-
сында мынандай негізгі талаптар ескерілуі қажет.
Оқытуда құрмалас сөйлемдер жөнінде берілетін 
теориялық білім негізімен қатар олардың сөздік қоры, 
сөйлеу мәдениеті, кезіккен құбылысқа өз көзқарасы, 
шешім жасауы, тұжырым жасауы секілді білік-
дағдыларын жетілдіру көзделеді. Сондықтан 8-сынып-


260
та құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен 
жұмыс істеу барысында негізгі талаптарды ескеру 
қажет болады. Олар:
- Дидактикалық ойындардың білім берудің оқу жо-
спарына сай қолданылу жолдары;
Дидактиткалық ойындарды қолдануда оқушыға 
дамытушылық әсерінің болуын ескеру;
Оқушылардың танымдық, білімдік, ізденімдік, 
шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне 
сай дидактикалық ойындардың дұрыс таңдалуы;
Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың 
сабаққа қызығушылығын туғызу жолдары.
А.Байтұрсынов қолданған ойындар баланың сауа-
тын арттыруда, олардың орфоэпиялық дағдыларын 
қалыптастыруда маңызды. «Балалар оқудың ба-
сында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі 
қайтып, мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған 
сайын қызығады. Оқу басында қиын болса, суға 
(ұйыққа) түскен мал сықылды малтығып, жылжи ал-
май қиналады», [2] - деген пайымдауы ғалымның 
дидактикалық 
ойындарды 
жаңа 
материалды 
толық меңгерту үшін ғана емес, олардың сабаққа 
қызығушылығын арттыру мақсатында қолданғанын 
көреміз. Отандық әдіскерлердің қазіргі кезде оқыту 
үдерісінде және мектепке дейінгі кезеңде, соны-
мен қатар, дидактикалық ойындарды сабақтас тыс 
уақытта қалай пайдалану қажет, қалай қолданғанда 
бала біліміне оң әсер етеді, оң нәтижеге жету үшін 
қандай ойындарды қолдану керек деген мәселелер 
қарастырған зерттеулері мен еңбектерінде талданып, 
көрсетіліп жүр. Қазақ тілі сабағында дидактикалық 
ойындарды қолданудың жолдары мен әдістерін 
ұсынуда Б. Нарқұлованың ізденісін айтуға болады. 
Ол дидактикалық ойынның мақсатын, ережесін, ойын 
түрлерін нақтылап көрсетіп, сараптаулар жасайды. 
Мұғалім сабақта дидактикалық ойындарды өту бары-
сында ескеруге тиісті жайттарды анықтайды. Олар:
1) дидактикалық ойындар оқушылардың білімін, 
сөйлеу тілін, тіл
мәдениетін жетілдіруін;
2)оқушылардың жеке тұлғалық, көшбасшылық 
қабілеттерін тәрбиелеуге арналғандығын;
3)оқушылардың білімін сатылап көтеру жолдарын:
4) ойындардың қызғылықты болуын, сол арқылы 
оқушылардың пәнге
деген 
қызығушылықтарын 
арттыру 
жолда-
рын ескеруі қажет [3 ,13 б.]. 
Ғалымдар 
еңбектерін саралай келе, құрмалас сөйлемдерді 
оқытуда шығармашылықпен жұмыс жүргізу негізінде 
дидактикалық ойынның түрлері іріктеліп алынды. 
Олар:
1.Тапқырлық ойындар
2.Іскерлік ойындар
3.Рөлдік ойындар
Ойын жаттығуларының ішінде тапқырлық ойындар 
жеткіншектердің сабаққа қызығушылығын арттыруға 
бағытталады және олардың танымдық белсенділігін 
күшейтуде ерекше қызмет атқарады. Олардың ойла-
уын, іскерлік дағдысын қалыптастырып, қабілетін, 
дарынын дамытады. Танымдық қызығушылықты 
арттыруға 
байланысты 
алынған 
жаттығулар 
оқушының өз бетімен орындайтын танымдық 
қызметіне негізделеді. Бұл тарапта мұғалім бағыт-
бағдар беріп отыруы арқылы оқушылар іс-әрекетке 
енеді.
Қолданылатын ойын 
атауларын тізбелесек, олар: «Саяхат», «Жас тілші», 
«XXI Ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық сұрақтар», 
«Тестік конкурс», «Әдеби сахналық қойылым-дар», 
т.б.
Енді әрбір сыныптағы тақырыптарда қолданылатын 
интерактивті ойсергектерге тоқталып өтейік. «Қар 
көшкіні» ойcергегі 
Қатысушылар орындарынан тұрып, шеңбер құрайды. 
Оқытушы да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір 
катысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен баста-
латын бір сын есімін қосады. Мәселен. «Айгүл» есімі 
«А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» 
(немесе «алғыр». «айбынды». «асқақ». «айлалы». 
«арынды». т.б.) сияқты сын есімді қосады. Келесі 
оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есімді 
қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың 
есімдері мен сын есімдерін қайталап шығуы керек: 
«Алғыр Айнаш, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, 
әділ Әбілғазы, асқар Асан, реңді Рауангүл, жалынды 
Жомарт! Ал мен – берекелі Бақытпын!». Бұл тәсілді 
колданғанда оқушылар мұқият тыңдау мен зейін қою 
қасиеттерін іске қосу қажет. Оқытушының танысуды 
өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыға өзінің 
жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда 
ең соңында жауап береді.
Есім-антоним
Әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін си-
паттайтын (немесу өзіне тән) сын есімдер (эпитеттер) 
келтіруі керек. Мысалы, Айгүлдің былай деп жазуына 
болады:
А - алғыр
И - инабатты
Г - гүлденген
Ү - үлбіреген
Л - лапылдаған.
Тапсырма орындалғаннан кейін, әр оқушы өз 
жазғандарын жариялайды.
Есім әріптерінен басталатын сөйлем
Оқушылар өз есімдерінің бастапқы әріптерінен 
сөйлем құрайды. Мысалы, Айгүлдің мынандай 
сөйлем келтіруіне болады: «Айшықтай иілген гүл 
үзіле лүпілдейді». Тапсырма орындалғаннан кейін, 
әр оқушы өз жазғандарын жариялап, басқалар 
олардың есімдерін атайды. 
Бұл 
тапсырманың алдыңғы тәсілге қарағанда анағұрлым 
киын екендігін ескеру керек. Сол себепті де мұнда 
оқушылар келтірген сөйлемдердің құрылымы мен 
мағынасына аса сын көзбен қараудың қисыны жоқ. 
Бұл жұмыстың басты мақсаты - танысу, көңіл-күйді 
көтеру деп түсінген абзал. 
2. Ойындар
Мектептің оқу процесінде қолдануға тиімді 
ойындардың ішінен келесідей түрлерін қарастырып 
кетуді ұйғардық:
1.Рөлдік ойындар
2.Іскерлік ойындар
а) Іскерлік оқу ойындары:
-саяхат ойындары
-блиц-ойындар


261
ә) Өндірістік ойындар
3. Имитациялық ойындар
Рөлдік ойындар
Рөлдік ойындар - тиімді интербелсенді әдістердің 
бірі [4, 91]
Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы 
меңгертудің педагогикалық негізін айқындауда көшті 
бастаушы А.Байтұрсынов болды. Ол – қазақ тілін 
оқыту әдістемесін дамыту ісінде іргелі пікірлер айтып, 
келелі жұмыстар атқарған, әдістемелік еңбектер жазып, 
оқушының алған білімді күнделікті өмірде қолдана 
алатындай дағдыларын қалыптастырудың негізін 
қалыптастырушы. Ғалым оқулықтарында, тілдік ма-
териалдарды оқушыларға меңгертуде дидактикалық 
ойындарды кеңінен қолданғаны байқалады. Мұны 
ғалымның өзі: «Бала білімді тәжірибе арқылы 
өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның 
білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын 
тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол 
жолдан балалар қиналмай өту үшін, балаға жұмысты 
әліне шағындап беруінен бетін белгілеген мақсатқа 
түзеп отыру», - деп тұжырымдайды. [2 , 30-80 бб.]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет