1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет216/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Ключевые слова:
начальный, человек, интерактив, метод, слушание.
Түйіндеме. 
Мақалада жаңартылған білім мазмұны аясында бастауыш сыныпта қазақ және ағылшын тілдерін 
оқытуда қолданылатын интербелсенді әдістер көрсетілген. Әңгімелеу, көрнекілік, экспрессивтік, топтық, 
жұптық жұмыс, миға шабуыл әдістер мен тыңдалым, т.б. әрекеттерді қолдану негіздері қарастырылған.
Тірек сөздер:
бастауыш, тұлға, интербелсенді, әдіс, тыңдалым.
«Тегіңді сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле,
ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле», 
– демекші, бүгінгі бала – ертеңгі ел келешегі. 
Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізі – 
оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, 
оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге бау-
лу, ғылыми ізденіске жетелеуді көздейді. Мұғалімнің 
ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған 
дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында 
оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән 
берілуі тиіс. Талантты дер кезінде танып, дарынды 
таңдап және олардың бойындағы ерекше қасиетті 
бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу 
қажет.
Ұлтты ұлт етіп, оны әлемдік деңгеге көтеретін – 
дарынды да талантты ұрпақ. Ғылыми ізденіске әр 
мұғалім оқушыны тыңдап, ортаға тартуға ықпал етеді. 
Оқушы бойындағы дарынын қырағылықпен көре 
білу мүғалім үшін аса маңызды қасиет. Ол үшін әр 
мұғалім өзі ізденіп, ерінбей еңбектеніп, баланың ерек-
ше қабілеттерін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие, 
үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, бала 
бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға 
қабілетті тұлғаны анықтайды. Сол қызығушылығын 
туғызып, танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін 
мейлінше интербелсенді әдістерді пайдалану қажет. 
Интербелсенді әдістер – ең алдымен оқушы мен 
мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей сұхбаттасу 
арқылы жүзеге асатын оқыту. Ағылшын тілінен кел-
ген «Inter» - өзара, «act» - әрекет жасау деген, яғни, 
біреумен сұхбаттасу, әңгімелесу немесе өзара әрекет 
ету мағынасын білдіреді екен.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы 
Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге 
қалаймыз» атты Жолдауында: «Өмір бойы білім 
алу - әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айна-
луы тиіс», – деуі, білім мен ғылымның өркендеуіне 
негіз болды. «Өмір бойы үйрену» (Life long learning) 
тұжырымдамасының негізгі қағдалары нәтижеге және 
оқушыға бағытталады. Өмір бойы оқып-үйрену келесі 
шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:
-Үнемі жаңа білім берумен иемденуге ұмтылу;
-Оқу/оқытуда жаңашыл және интербелсенді 
әдістерді қолдану;
-Оқу/оқытуды бағалау.[1]
Интербелсенді оқыту әдістерінің артықшылықтары:
-оқушылардың қызығушылығын оятады;
-оқу үрдісіне белсенді қатысқандарды мадақтайды;
-көңіл-күйге бағытталады;
-материалдардың тиімді игерілуіне мүмкіндік 
береді;
-оқушыларға көп қырлы әсер етеді;
-кері байланысты жүзеге асырады;


262
-оқушыларда өзіндік пікір, қатынас қалыптастырады;
-мінез-құлықтың өзгеруіне әсер етеді.
Оқытудың интербелсенді әдістері және түрлері: 
топтық жұмыс, ой шабуылы, рөлдік ойын, ойын, жоба 
жасау, сұрау, сұхбат, сахналау.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп 
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Баланың 
кейінгі және болашақтағы білімі бастауыш буындағы 
білімнің сапалығына тікелей байланысты. Кіші мектеп 
жасындағы оқушылардың негізгі ерекшілігі – білімді 
қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін бала тал-
пынатындай және қызығатындай ұйымдастыру керек. 
Алдына қойған мақсатқа жету үшін оқыту әдістері 
мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру – мұғалімнің 
құзырындағы іс.
Бастауыш сыныптарда қолдануға тиімді/тиімсіз 
интербелсенді әдістер 1-сынып сауат ашу пәні бой-
ынша қолдануға тиімді әдістердің бірі «әңгімелеу» 
әдісі. Әңгімелеу – оқу материалын ауызша ба-
яндау. А.Байтұрсынов: «Сөзден әдемілеп әңгіме 
шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас», – дейді.[2] Сөз 
өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің 
анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына 
байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, 
бейнелеу, әңгірелеу әдісінің мәнін ашады. Мектепке 
алғашқы рет келген баланың сөздік қоры мен сөйлеу 
қабілетін арттыру үшін қолайлы әдіс. Ал, бұл әдіс 
1-сынып ағылшын тіліне көрнекілік әдісін қолданған 
жөн. Әл-Фараби атамыз: «Оқытудың негізгі әдісі 
– көрнекілік», – деп оның мақсаттарын, тәсілдерін 
(түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.[3]. 
Бастауыш сыныпқа топтық жұмыстан гөрі, ең ба-
сты еңбек түрі – ойын болғандықтан, тақырыпты 
меңгеруде нәтижелі болмақ. Мектеп табалдырығын 
енді аттаған балаларға шет тілін оқытуда естігенге 
қарағанда көзбен көріп, есте сақтау дұрыс болады.
Ж.Аймауытов көрсеткен алғашқы жылы тіл 
оқытудың түрлері:
– 
оқи, сөйлей білуге жаттықт ыру;
– 
жазуға, жазу сөзіне жаттықтыру;
– 
қатасыз жазуға (емле) үйрету. .[4]
Коммуникативтік әдістің 4 бөлімі: тыңдалым, 
оқылым, айтылым және жазылым. Бұл әдіс Жүсіпбек 
Аймауытов негізін қалаған оқыту әдісі. Жазушының: 
«Бала әуелі өз беті¬мен сөй¬леуге, жазуға төселіп, 
сон¬ан кейін үлгілі сөз¬дер¬ге еліктеуге мүм¬кін¬дік 
бер¬ілсін» деген қанат¬ты сөзін бағ¬дар¬лама 
жасау¬шылары басты назарға алып, бүгінгі таңда 
әдіс мектеп қабыр-ғасында қолданы¬лып отыр. 
Яғни «тыңдалым» мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну, 
негізгі және қосымша ақпаратты, мәтіннің астар-
лы ойын анықтау және жобалау¬дан тұрады. Ал 
«оқылым» әдісінде оқушы әртүрлі мәтін¬дер¬ді 
түсіну¬¬ді тал¬дау¬ды, мә¬тін¬нің мақ¬¬саты мен 
көз¬делген аудитория¬¬¬сын анықтауды, оқылым 
стра¬тегия¬¬сын мең¬гереді. «Айтылым» диалог және 
монолог сөздерді құрастыру, өз ойын еркін жеткізу, 
дәлелдеу, пікірталасқа, дебатқа қатысуға бейімдейді. 
«Жазылым» әдісі арқылы эссе, шығармашылық хат 
жазу, ақпаратты графика, кесте, схема түрінде ұсынуды 
және аудиторияның көздеген мақсатын ескере отырып, 
әр¬түрлі мәтіндер құрастыруды үйренеді. 
2-сынып. Экспрессивтік әдіс (бейнелеу, шығарма) - 
екі пәнді оқытуда қолайлы. Себебі, осы әдіс арқылы 
оқушыны басқа қырынан тануға болады. Баланың 
бейімі, шығармашылық ойлау деңгейі дамытады. Бұл 
әдісті сабақта қолдау түрі: сурет салғызу арқылы не 
болмаса сурет бойынша әңгіме құрастыру. 
3-сынып. Топтық немесе жұптық әдіс арқылы 
оқушылар арасында ұйымшылдық, бірлестік атмос-
ферасын жақсартады. Үздік оқушы басқа оқушыларға 
өз білгенін үйрету арқылы сынып бірлестікте жұмыс 
істейді. Жұптық әдісте ағылшын тілі пәнінде қолдану: 
оқушыларға тапсырма беру арқылы сол тапсырманы 
жанындағы көрші оқушы тексереді немесе бір тапсыр-
маны бірлесе отырып орындайды. Мысалы, суретке 
қарап диалог құрау, сұрақ-жауап әдісі де қолданылады 
және жұптық әдіс қолданылады.
4-сынып. Миға шабуыл әдісі - логикалық сұрақтар 
қою арқылы оқушылардың өз ойын жеткізуге, жан-
жақты ойлау дәрежесін дамытады және де сөздік 
қорын кеңейтуге көмек береді. Бұл жерде оқушыға 
баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет. Себебі, 
ол оқушының өз ойы.
4-сынып оқушыларына ойын әдісіне қарағанда, 
сабақта көбіне ой қозғайтын, оқушының ізденісін, 
қызығушылығын оятатын әдістер таңдаған абзал.
Жалпы бастауыш сынып оқушыларын ағылшын 
тілін үйрету барысында тыңдалым әрекетінің ықпалы 
зор. Әсіресе, ән тыңдату тілдік қарым-қатынас құралы 
ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып 
оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді. 
Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лекска оқушы есінде 
тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену ба-
рысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, 
сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс істеу ба-
рысында оқушының көңіл-күйі көтеріліп, тілге де-
ген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысындағы 
әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы 
тиіс. Бастауыш сынып барлық білімнің қалауының 
негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең 
соны нағыз санасына сіңіретін нағыз қабылдау асында 
болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын тез игеріп 
алуға болады.[5] Бұрын оқытылып жүрген грамматика 
мәтіндерді талдау, талқылау арқылы үйренеді. Тілдік
пәндердің ережелерін іс-әрекет, сөйлеу негізінде 
үйренеді.
Құзыретті мұғалім – қай кезде де ең алдымен кәсіби 
деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық 
әлеуметі мол тұлға. Ол оқытудың жаңа теналогя-
ларын мірге ендіруге дайын, оқу-тәрбе ісіне шы-
найы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық 
бөлігінің бірі деп есептелінеді. Және солай болуы 
тиіс. Мұғалімдер оқушы дамуына көп мән беруді 
және осыған сәйкес оқу үрдісін құруды ойластыра-
ды. Менде өз сабағымның оқушыға ұтымды болуын 
мақсат етіп қоямын. Сабақ барысында ақпараттық, 
сын тұрғысынан ойлау теналогяларының және де 
түрлі интербелсенді әдістерді қолданамын. Бұл 
әдістер оқушылардың оқуға деген қызығушылығын 
арттыруда алатын орны ерекше. Оқушылардың ойы 
шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетеді, танымдық 
белсенділігі артып, өз бетінше талпынады.
Бастауышта оқу мазмұныны – баланың функционал-


263
ды сауаттылығын қалыптастыру, ойын еркін жеткізуге, 
өзін-өзі бағалауға үйретуді көздейді. Мектептегі 
оқушы алған білімін болашақ тұлға болғанда, пай-
далана алуы қажет. Мұғалімдер қауымы тыным-
сыз, интербелсенді еңбек арқылы жоғары нәтиже 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет