266
өрнектер тігіледі.
Қазақтың киiз бұйымдары
Киiз басып, одан алуан түрлi дүние-бұйымдар
жасау қазақтың ең ежелден келе жатқан қолөнерi.
Киiзбен үйдi жапқан, жерге төсеген, керегеге керген.
Сол киiзден кебеже, сандық қаптайтын әбдiреқаптар,
ыдыс-аяқ салатын аяқ-қаптар жасаған. Одан кебенек,
киiз қалпақтар мен киiз байпақ тiккен. Ер тұрманның
терлiгi мен тоқымы, тебiнгiсi киiзден болған. Тағы
басқа да тұрмысқа қажеттi бұйымдарының көбiне
киiздi қолданған.
Киiзден жасалған дүниелердiң көбi негiзiнен киiз
үйдiң iшiн безендiруге арналған. Қазақтың қолданбалы
әсемдiк қолөнерiнiң үлгiсi болатыны да осы заттар.
Олардың арасындағы неғұрлым кең тарағандары:
Киiз – ақ немесе басқа түстерден басылған, киiз
үйдiң жабуына қажеттi туырлықтар, түндiктер және
шаруашылыққа қажеттi бұйымдар жасайтын жұмсақ
жүн;
Текемет – киiз үйдiң iшiне төселетiн жайма киiз;
Сырмақ – басылған киiздiң бетiне екi түрлi өрнек,
бояумен жиектелiп, жұқа жүннiң үстiне матамен сы-
рылып жасалатын төсенiш кiлем;
Сырдақ – киiздiң үстiне алуан түстi жүн жiптермен
кестеленiп тiгiлген төсенiш кiлем;
Жүндi бояу үшiн қазақтар ХІХ ғасырдың орта-
сына дейiн әр алуан өсiмдiктердiң тамырларынан
қайнатылған тұнбаларды және минералды тұздарды
пайдаланған. ХІХ ғасырдың екiншi жартысынан ба-
стап Қазақстанға анилин бояулары әкелiне бастады
да, ол бiрте-бiрте табиғи боямаларды ығыстырып
шығарды. Киiз үйдiң бүкiл iшiн алып жататындай
аса үлкен, ауыр текеметтердiң бетiне ақ, қызыл не-
месе көкке боялған, iрi өрнектермен иректелiп
басылған жұқа жүн тартылады. Оның дайындалуы,
киiздiң үстiне басылу техникасы сырмаққа қарағанда
неғұрлым жеңiлдеу болғандықтан да ою өрнектерi
кейде басылған киiздiң түсiмен астасып, графикалық
кескiндерi шашыраңқы келедi. Осының өзi оған ою
өрнектiң жалпы түспен үйлескен жеңiлдiгiн бередi.
Оюдың бiр желiсiн жүргiзушi шебер неғұрлым алуан
түстi етiп көрсету үшiн кезек-кезегiмен түрлi түстi
жүндердi жиi қосып отырған. Оны қай түстi бояуының
басымдылығына қарай әр түрлi атайды, мысалы сара-
ла текемет, қарала текемет, қызылала текемет т. с. с.
Сырмақ – мозаика техникасымен жасалған киiз
кiлемнiң бiр түрi. Сырмақ жасау өнерiнiң терең та-
мыры халық шеберлерiнiң ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп
отырған, ежелден қалыптасқан дәстүрiнде жатыр.
Мұнда бәрi бiртұтас келiсiм тапқан. Мозаикалық
техниканы пайдаланудың өзi, яғни, жүннiң бiр
түсiнiң екiншi түспен қабыстыра жиектелiп сырылуы
кiлемнiң төсенiш ретiнде қолданылуына сай келедi.
Мұндағы ою өрнек киiздiң бетiне бiркелкi сырылып,
оны мезiлсiз тозудан сақтайтын болғандықтан, бұл
жерде жапсырудың да, кестелеудiң де қажетi жоқ.
Сырмақтар тозбайтын мықтылығымен ерекшеленедi.
Жақсы сырылған сырмақтар 50 жылдан астам уақытқа
дейiн шыдас бередi. Оған қоса, сырмақ сыруға жүн өте
аз мөлшерде пайдаланылады. Сiмер оюшы бiр түстi
жүндi екiншiсiнiң үстiне салады да, өзiнiң ойына алған
өрнегiн жасайды. Және сол өрнектiң екi жақ шетiн
бiрдей жиектей келiп, ортасын сырады. Одан соң ақ
жүнге қара, не қоңыр, я болмаса керiсiнше қоңыр түске
ақ жүн қапсырылады. Сонда сырмақтың өрнектелген
бетiнде екi түрлi үйлесiмдi түс пайда болады. Бiрiнiң
үстiне бiрi салынған жүндердi қабыстыра келiп,
астындағы киiздiң бетiне салады да, оны жиiлеп сы-
рады. Және ол салынған ою өрнекпен жиектелiп, бiрге
сырылады. Түрлi түстi жүндердiң қосылған тұсындағы
тұйық желiсiне бояулы жiп тiгiледi. Жалпы сырмақтар
ұстамды, сабырлы сұңғаттылығымен ерекшеленедi.
Егер текеметтерде көбiнесе жануардың болмысын ойға
салатындай оюлар қолданылса, сырмақтарда өсiмдiк
нышандарын бейнелеу басым. Сырмақтың орталық
алаңы бар, ол өрнектермен бөлiнедi де, көбiнесе ешкi
жүнiмен шашақталып, әдiптеледi. Әдетте оларды
шашақты сырмақ деп атайды[2,41].
Қазақтың қабырғаға iлетiн кiлемдерi – түскиiздерi,
тiк бұрышты жалпақ киiз бетiне қызыл және қара
барқыт немесе шұғамен күрделi өрнектелiп, кесте-
ленген әдемi өнер туындысы. Түскиiздi қазақтар
әдетте керегеге керiп, төсектiң тұсына iлген. Оның
«түскиiз» аталуы да «тұс» деген түбiрден шыққан.
Ол киiз үйдiң iшiне сән берiп, әрi суықтан қорғаған.
Оны жасауға мозаика, өрнектеп жапсыру және ке-
стелеп тiгу тәсiлдерi қолданылған. Алғашқы екi
тәсiлмен жасалған түскиiздер iшкi түзу бұрышты
жиектеген П әрпi тәрiздi кескiнмен көмкерiлген.
Оның өрнектелуiне зооморфтық, яғни хайуанаттар
болмысы және өсiмдiктердi бейнелейтiн нышандар
бiрдей пайдаланылған. Кестеленген түскиiздер өзiндiк
өрнектерiмен және композициялық шешiмдерiмен
ерекшеленедi – орталық алаң қашанда жиектел-
ген өрнек арқылы тұйықталған және онда алуан
түрлi өсiмдiктер нышаны басым. Ал, кестеленген
түскиiздердiң ең басты ерекшелiгi өрнектер алды-
мен матаның (барқыт, шұға, мақта-мата кездемелерi)
бетiне кестеленiп безендiрiледi де, содан соң барып,
киiздiң бетiне тiгiледi. Мозаикалық және өрнектеп
жапсырылған түскиiздер Шығыс, Оңтүстiк шығыс,
Орталық және Оңтүстiк Қазақстан аудандарында,
сондай-ақ, Батыс Қазақстанның кейбiр аймақтарында
кездеседi.
Киiз қапшықтар, ыдыс-аяқ салатын аяқ қап, кебеже,
сандық салатын әбдiрақаптардың тұрмысқа пайдалы
болғандығынан да киiз үйдiң iшiн әдемiлеп, көркем
безендiруде алатын орыны ерекше маңызды болды.
Бұл жиһаздар көркемдiгiмен көз тартады. Жұқа ақ
киiздiң бетiне еркiн орналасқан ою өрнек үлкен киiз
кiлемдердегi қатаң тәртiппен жүйелi салынған күрделi
кестелеулерге қарағанда жеңiлдiк, әдемiлiк және
талғампаздықты сездiредi.
Достарыңызбен бөлісу: