1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет217/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан алқына Жол
-
дауы
2. bilim_all.kz сайты
3.Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыта технологиялары. 
Алматы. 2000 ж, 9-10 бет
4. «Алаштың тілдік мұрасы» Алматы, 2009 ж, 207-
бет
5.«Шет тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану» 
Е. Нұрланбекова. Шет тілін оқыту әдістемесі. 2005 
ж, 17-18 бет
БАСТАУЫш СЫНЫПТА ОҚУшЫЛАРҒА шЫҒАРМАшЫЛЫҚ 
ІЗДЕНІС БАҒДАРЫН БЕРУ
Сыдыкова Инабат Лельянина
№185 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Алматы қаласы
Түйіндеме. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ізденістеріне жол ашатын тәсілдер 
қарастырылған.
Summary: The article provides an overview of ways in which creativity can be found in primary school pupils.
Бастауыш сыныпты оқыту ізденістері мұғалімнің 
үлкен шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. 
Шәкірттер талапты да талантты, ақылды. Әрбіреуінің 
өз ерекшелігі бар. Алайда соның әрқайсысының 
бейімділігі 
мен 
қызығушылығын 
анықтап, 
шығармашылық ізденісін өрістету мұғалім еншісінде.
Жаңа білім мазмұнына сай, мұғалімнің жұмыс 
жүйесі алға қойылған мақсатқа негізделіп, оқушының 
жан-жақты жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жол ашатын 
міндеттерге сай құрылуы қажет. 
Бастауыш сынып мұғалімінің, бастапқы жылда бол-
маса, өз сыныбындағы оқушыларды келесі жылдарын-
да зерделеп зерттеуге толық мүмкіндігі бар. Әр баланың 
неге құлықсыз немесе неге қызығатыны,оның ойын 
өзгертуге не әсер ететіні, алдыға қойған мақсаттарын 
жүйелеу мен өз өмірінде білімдерін қолдана алуға бау-
лу мұғалімге ірі міндеттер жүктейді. Бастауыш сынып 
– мұғалімнің мүмкіндігі мол зертханасы. Жоғарыда 
көрсетілген сызбадағы міндеттерді жүзеге асыруға 
берілген толыққанды зерттеу жылдары да жеткілікті. 
Тек мұғалімнің өзіндік жүмыс бағдары мен жүйесін 
анықтап алғаны орынды.
Оқушы қызығушылығы, оның өз мақсаттарын 
жүйелеуіне жол ашу
Ұзақ мерзімді жоспар негізінде қарастырылатын 
сабақ мақсаттарын оқушы мақсаттарымен астастыра 
қарастырып, мақсат көкжиектерін тануға ұмтылдыру 
Білім мазмұнын игертуде оқушылардың мүмкіндігін 
өрістететін білім беру мен іс-әрекет белсенділігін 
арттыратын әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланып
өміршең мақсаттарға жету жолдарын жүйелеуге 
дағдыландыру Теориялық білім тәжірибемен, нақты 
мысалдар арқылы қарастырылып, сабақ мақсаттары 
негізінде оқушы өз қажеттілігін анықтап, игерілген 
білімді қолдана білуге баулу
Ұлттық дүниетаным тәжірибесі және өмірмен 
байланысты жағдаяттарға негізделген білім көзін 
меңгеруіне жағдай жасау
Ұлттық тағылым, халық даналығы, тарихи-әдеби 
мұралар, қазақ даласының ұлылары мен ақын-
жазушыларының шығармаларына негізделген тапсыр-
маларды пайдалану 
Тапсырмалармен 
жұмыс 
барысында жағдаяттарды талдау, зерделеу зерттеу, 
тұжырым жасау, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға 
мүмкіндік беру 
Оқушының сыни ойлау, саралап сараптаутұжырымы 
мен шығармашылық ізденісін ұштау
Берілген тапсырмалардағы негізгі мәселе, құнды 
ақпаратты танып, талдап, қажеттіні ала білу 
мүмкіндіктерін дамыту Қарама-қайшылықтар болған 
жағдайда тығырықтан шығу, икемділік, тапқырлыққа 
жетелеу жұмыстарын қарастыру Іс-әрекетті ғылыми 
тұрғыдан бағалау, болжам жасау, нәтижелі жұмыс 
жасауға жетекшілік жасау
Бұл айтылған дүниелер жыл бойы жүргізілетінін 
ескерсек, әр сабақта жеке немесе топтық жұмыс ба-
рысында оқушылардың осы бағытта қаншалықты 
жұмыс нәтижесін көрсететінін бақылау мұғалімге мол 
жауапкершілік жүктейді. Оқушы бойындағы өзгерістер 
немесе осы бағытта жүйелі жұмыс жасауға бейімделуі 
тек тапсырмамен жұмыс барысында ғана емес, сергіту 
сәтінде де, кері байланыста да анық көрінеді. Демек, 
баланы қанаттандыру, дамыту кеңістігі шексіз.
Әр оқушы – өзінше бір құбылыс. Оқушы мен мұғалім 
арасындағы байланыс қандай болуы керек? 
Мектеп оқушысының мінез-құлқы, ойлануы, кенет-
тен сұрақ қоюы мен сізбен ой жарыстыру әрекеттері 
біздің көз алдымызда және күнделікті көрініс. Бұл 
жердегі ұстаз мақсаты – оқушы пікірімен санасу, оның 
ойын танып, саралау арқылы өзі айтатын мәселеге әкеп 
тіреу. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сұхбат, кішігірім 
пікіралмасу шығармашылыққа бағдар беретін ойқозғау 
болуы керек. 
Осындай игілікті мақсатта пікір алмасуға шақырып, 
ой тудыратын ұлы тұлғалардың пікірлері мен даналық 
сөздері берілген мысалды келтіре кетсек.
Тұлғалар пікірі мен даналық сөздер 
Та п с ы рм а 
түрлері


264
Шешеннің тілі – шебердің бізі.
(Абай) Мағынасын қалай түсіндіріп берер 
едің?Теңеуді өзге сөзбен алмастыру мүмкін бе?
Ақыл, ой, білім – әр адамның сәулеті.
(Халық нақылы) 
Осыны түрлі символ, сыз-
бамен құрастырып, сәулеттік ескерткіш формасында 
ұсын.Өз идеяңды түсіндір.
Белгісі болса, жолдан жаңылмас,
Білімі болса, сөзден жаңылмас.
(М.Қашқари) Топтарға бөлініп, әр жолына бай-
ланысты арнайы белгілері бар мекенжай карта-
сын жасаңдар. Өз ойларыңды дәлел, себептермен 
түсіндіріңдер. 
Көріп отырғандай, тапсырма сұрақтары – 
сұхбаттасуға жетелейтін соқпақ болумен қатар, оның өз 
ортасында пікір алмасуына, өз ойын тұжырымдауына 
бағдар. 
Шәкірт пен ұстаз арасындағы ынтымақ пен үйлесім, 
үндестік туралы мәселе күн тәртібінен түскен емес. 
М.Жұмабаев «Баланың берік һәм дұрыс мінез пайда 
болу үшін мынау негізгі екі шартты орындау керек. 
1. Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. 
Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан 
келетін істе ғана тәрбиеші көмек көрсетіп жіберуге 
міндетті, күштен асатын іске кірісіп, тауы шағылмас 
үшін. 
2. Баланы құбылмайтын, ұсақтықпен қажытпайтын 
темір тәртіпке (дисциплина) бағындыру керек. Бала-
ны еркіне жіберу – оны ерлік, батырлыққа үйретсе, 
темір тәртіпке бағындыру – оны шыдамдылыққа, 
табандылыққа үйретеді. Осы екі жақ тең адамның 
мінезі күшті болмақ қой. Баланы еркіне жібермеу оны 
жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал тіпті тізгінсіз 
қоя беру, ләм-мим демеу, оның бар еркелігін орындай 
беру, баланы бейбастақ, ессіз тентек қылып шығарады.
Осы екі жақтың біреуіне аударып жібермей, баланы 
ортада ұстай білу үшін тәрбиеші мынаны істеу керек: 
1) Балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай-
бақырмай, салмақпен һәм былай да жарайды, былай 
да жарайды деген сықылды табансыздық көрсетпеу 
керек. Тәрбиешінің табансыздығын сезсе, бала оны 
сыйлаудан, тілін алудан қалады. Және тәрбиеші өзі 
ісіне тиянақты, табанды болуға керек. Бала адам айтар 
емес еліктемпаз болады. Тәрбиеші тиянақты болса, 
бала оның тиянағына еліктейді. Тәрбиеші тиянақсыз 
болса, бала оның тиянақсыздығына еліктейді.
2) Балаға бір нәрсені істе дегенде де, сол бұйрықтың 
себебін ұққандай қылып, балаға ұқтырып отыруға 
керек. Себебін ұқса, біраздан соң бала өз бетімен-ақ 
дұрыс іске ұмтылып, теріс істен тыйылатын болады. 
Ерінбей, жалықпай балаға әрбір істің себебін ұқтыра 
беру керек. Мән-жайын ұқтырмай құр бұйрық беруші 
адам тәрбиеші емес. Данышпан Абай айтқандай, 
ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға. 
Тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы болмасын, жұмсақ 
жолдасы болсын» деп өзінің «Педагогикасында» атап 
көрсеткен.
Шығармашылық бағытта жұмыс жасауға үйретудегі 
игі нәтижелеріміз төмендегідей болады деп күтіледі:
1.Әр сабақ тақырыбы шәкіртке құр тақырып 
ретінде емес,өмірге қажетті білім көзі ретінде қызмет 
етқарады; 
2.Баланың сабаққа зейіні мен қызығушылығын оя-
тады; 
3.Тұлғалық болмыс пен бітімнің қалыптасуына 
мүмкіндік туады;
Бастауыш сыныпта оқушыларға шығармашылық 
ізденіс бағдарын беру – әр мұғалімді толғандыратын 
ізденіс. Оны үлкен ізденіспен жүзеге асырар болсақ, 
алынатын нәтиже де іргелі болады. Осы бағытта ой 
бөлісуді басты парызым ретінде қарап, өз тәжірибеммен 
бөлістім және өзге әріптестердің тәжірибесімен де 
қуана танысар едім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет