Пайдаланылған әдебиеттер:
1 https://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/45656/
2Саурықов
Е.Б.
Адвербиалдану
процесінің
құрылымдық-семантикалық сипаты: Филол. ғыл.
канд. автореф.: 10.02.20. – Алматы: ҚазҰУ, 1998. –
30 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТЫЙЫМ СӨЗДЕРДІҢ
СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Саргаскаева Алма Кенесбаевна
Түйіндеме.
Мақалада қазақ тіліндегі тыйым сөздердің семантикалық топтары қарастырылған.
summary:
The article contains semantic groups of prohibited words in the Kazakh language.
Қазақ тілінде ырымдар мен тыйым сөздер ерекше орын
алады. Лингвамәдениеттанымдық тұрғыдан алғанда
мұндай тілдік оралымдардың шығыс халықтарының
даналығы, қазақ халқының дүниетанымы деп түсінген
жөн. Қазақтың қарапайым қара тілмен берілген ырым-
тыйымдарының шығу негізі, олардың адам өмірі мен
келешек ұрпақ тәрбиелеудегі орынды қызмет атқаруы,
тыйым сөздердің қалыптасу көздерін ашып көрсету
аса маңызды орын алатындықтан, тыйым сөздердің
келешек ұрпақты тәрбиелеуде маңызы көп.
Халқымызбен ежелден жасасып келе жатқан тыйым
заңдары бар. Ол жасқа да, кәріге де ортақ. Адамдар
арасындағы қарым-қатынастан, табиғат пен оның тыл-
сым құпияларының сырына үңілуден туған бұл шек-
теу – далалықтардың ұлы мәдениетінің бір көрінісі.
Бұл – әдеп, иба, тәртіп. Сол тыйым заңдарының
бірсыпырасы мыналар:
жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме – бұл
құрмет;
бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама – өзің өшіресің;
бос бесікті тербетпе – ұрпақсыз қаласың;
малды басқа ұрма, теппе – ырысыңнан айрыласың;
кешқұрым ұйықтама – жын-пері көшетін кез;
нанды баспа – киесі ұрады;
айға қолыңды шошайтпа – қасиетті;
274
қолыңды төбеңе қойма – дүниеден безіну;
табаныңды тартпа – бейнет шақыру;
жерді таянба – торығу;
босағаны керме – жазаланудың белгісі;
табалдырықта тұрма – суыт хабар жеткізгеннің
белгісі.
Міне осы ұғымдардың барлығы ата-бабаларымыздың
бізге ұзын-сонар сөзбен емес, бір ауыз сөзбен ғана
жеткізіп отырған. Себебі кей жағдайларда олардың
өздерінің атын атап, түсін түстегеннің өзі адам
жүрегіне қорқыныш ұялатқан. Сондықтан, олардың
бәрін санамалап айтқаннан гөрі, қысқа қайырып,
және оны екінші рет қайталамайтындай етіп, тыйып
отырған. Қазақ халқында ырымдар мен тыйымдар,
табу сөздер мен эвфемиздер мен дисфемизмдер біраз
зерттеліп, олар туралы еңбектер де жарық көрген. Бірақ
осы аталған бірліктердің ішінде өзгелерге қарағанда
қарастырыла қоймаған сала – тыйым сөздер. Бүгінгі
күнге дейін тыйым сөздер толығымен қарастырылып,
зерттелмегенін ғалымдар айтып жүр. Сондықтан
ғылыми жоба жұмысының тақырыбы өзекті деп таны-
лады.
Адамның іс-әрекетіне қатысты айтылатын тыйым
сөздер. Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі –
тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман
әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден
сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз
қалудың, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің,
үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу –
ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі
істерге қатаң тыйым салынған.
Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін
қамти алмағанмен кейбір үлгілерін қағазға түсіріп
ұсынып отырмыз.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Үй айнала жүгірме.
Босағаны керме, тізеңді құшақтама.
Табалдырықты баспа, отырма.
Үйді сабама, Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп
өтпе.
Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отыр-
ма.
Ғалым С. Ақаев «Табалдырықты баспаңыз» атты
мақаласында табалдырықты не үшін баспау қажеттігін
талдап қана қоймай, жалпы тыйым сөздер, олардың
ұлт ұрпағы үшін маңызы мен практикалық тұрғыдағы
рөлін ашып көрсеткен. Бұл мақала «Түркістан»
газетінің 1999 жылғы (06.07.) №26 санында жария-
ланды [9], кейіннен, осы мақаланың қысқартылған
нұсқасы «Парасат» журналында да жарық көрді [10].
Адамгершілік адам болмысы үшін басты
көрсеткіш екені белгілі. Мұндай адами сезімдерді
қалыптастыратын сөздердің қатары көп. Оларда адам-
ды сыйлау, қайырымды болу, өтірік айтпау, еңбекті
бағалау, т.б. тәрбиелік ұғымдар қамтылған. Мысалы:
адамға қарап күлме, біреуді алдама, кісі ақысын жеме,
үлкеннің бетінен алма, жақсыдан үйрен, жаманнан
жирен, кемтарға күлме, ұрлық қылма, зорлық жасама,
арыңды сатпа, аманатқа қиянат жасама, әйелге күш
көрсетпе, мақтанба, тәкаппар болма, өтірікке куәлік
жасама, жалқау болма.
Кейбір тыйымдар тек жалғыз адамның өзі ғана орын-
дайтын іс-әрекеттерден тұрады. Мысалы, тырнағыңды
тістеме, есікті керме, жақты таянба, тізеңді құшақтама,
бетіңді баспа, табаныңды тартпа, жуған қолыңды
сілкілеме т.б.
Енді кейбір тыйымдар бір адамға арналып
айтылғанмен, екінші субъектінің де белгілі бір
дәрежеде қатысы болады. Мысалы, адамға қарап
керілмейді, әдепсіздік болып саналады; жатқан кісінің
үстінен аттамайды; адамға қарай есінеуге болмайды;
біреудің ала жібін аттама т.б.
Ата-аналардың үлгісі мен ықпалы арқылы
оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге
тәрбиелеуге болады.
Расында да, қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Әке –
асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы
құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы
алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан ба-
сталады. Ал отбасы бақыты деген не?
Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспан-
нан құйылып денеңе жұғатын нәрсе емес қой. Оның да
көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты
оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын
жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап
келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында
деуімізге болады.
Мал шаруашылығы және оған қатысты айтыла-
тын тыйым сөздер. Малды басқа сабама, Атқа теріс
отырма, Малды боқтама, Жәндікті жәбірлеме, Түнде
мал санама, Мал қораның сыртында, болмасы ішінде
ысқырмайды, Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап
келгендерге ештеңе бермейді, Малдың алдынан бос
ыдыспен шықса, сүт азаяды, Малға дауыс көтеріп
ұрсуға, ал атты ауыздықпен ұруға болмайды, Түнде
мал санамайды және ешкімге бермейді
Тағам және оның қасиетіне, таза болуына байла-
нысты қалыптасқан тыйым сөздер. Дастарханды,
тамақты баспа, Малды, ыдысты, тамақты теппе, Итке
ожаумен ас құйма, Тұзды, күлді баспа, Нанды жерге
тастама, үстіне басқа затты қойма, Құдыққа түкірме,
ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме, Шелектегі суға
аузыңды батырма, Ақты төкпе, Нанды бір қолыңмен
үзбе, Асты үрлеме, асты жамандама, Тамақты сорап-
тап ішпе, Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе,
Асты қорлама, Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама,
Таңертеңгі асты тастама.
Нан мен тұздың қатарынан орын алатын сүт
тағамдары, қазақтың ақты қатты қадірлейтіні жайлы
не білеміз? «Су – тіршіліктің көзі» деп жатамыз. Десе
де, «суға түкірме», «қоқыс тастама» деген сияқты тый-
ым сөздерге мән береміз бе? «Отты аттама» деген сөз
нені білдіреді? Ғылыми жұмысымыздың бір тармағы
да осы болмақ.
Қазақта «Ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың,
дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып
танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нан-
ды баспауды, тастамауды үйренеді. Нан қасиетті.
Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі
болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам ба-
ласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді,
275
жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде
нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта,
берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа
тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің
өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның
бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі
бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ
деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара
нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой…
«Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма»,
«нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген
сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған
тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін
биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға
болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған.
Нанның қасиеті Құраннан да жоғары бағаланатынын
осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа
анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп,
сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті
қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің
ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан
аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа
дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі
бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының деген-
дей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі,
бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де,
қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне
иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің
дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге
біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам
асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп
шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік,
бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік
дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая
түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық
тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған.
Қазақтың «Бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем»
дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.
«Нанды бір қолмен үзбе» дейді. «Онда тұрған не
бар» деп түсінетіндер бар. Олар мұның кесірлік екенін
түсінбегендіктен, солай ойлайды. Қасиетті нанды
бір қолымен қалай болса солай үзген кесір болады.
Нанның киелілігі туралы С. Кенжеахметов мынадай
бір естелік айтады: «Айтпай кетуге болмайтын бір
оқиға есіме түсіп отыр… Кеңес өкіметінің кезінде
ең арзан өнім нан болды. Ауылдық жерде кездесе
қоймағанмен, қалалық жерде жатқан нанды аяғымен
теуіп ойнап жүрген балаларды көзіміз көрді. Бізге
кішкене кезімізде үлкен кісілер, ата-анамыз «жерде
жатқан нанды көтеріп биікке қойыңдар, құс шоқып
жесін» дегенді жиі айтатын. Біздің жасымыздағы
адамдар болмаса, жастарымыз жерде жатқан нанды
көргенде, мән бермей кете береді. Сауабы тисін десеңіз,
біреудің жерге тастап кеткен нанын көтеріп биікке
қойыңыз. Өз басым осыны немерелеріме аяғы шығып
өздері жүре бастағаннан үйретіп келемін. Көшеде
жетектеп келе жатқанда аяқ астында жатқан нанды
алып биікке қойғанымды олар талай рет көрді. Тәрбие
айтудан ғана емес, көрсетуден сіңеді, сондықтан да
болар, жерде жатқан нанды «құс жейді» деп көтеріп
биікке қойып жатқан немерелерімді көргенде ішім
жылып қалады. Бала көргенін істейді. Олай болатын
болса, мың рет айтқаннан бір рет көрсеткен әлдеқайда
тиімді екенін естен шығармағанымыз жөн. 90-жыл-
дары қиыншылықты бастан өткердік. Дүкендердегі
тапшылық, қаңырап бос тұрған сөрелер, зейнетақы
мен еңбекақының уақтылы төленбеуі, жарықтың
болмауы, газдың жиі берілмеуі, міне, осындай
қиыншылықты қаладағы кез келген отбасы басынан
өткерді деуге болады. «Апырм-ай, бір кездері нанды
соншалықты кесірленіп аяқасты қылып едік, мынау
соның зауалы ғой…» деген ой мені сонда жиі маза-
лады. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ қалай
айтсақ та, нанның қадірін білмей кеткендер болды.
Сол жоқшылық арқылы Жаратқан иеміз бізге бір
кездегі кесірлігімізді көрсетті. Олай болатын болса,
мың жерден бай болыңыз, бар болыңыз, бірақ ең ал-
дымен, ас атасы – нанды қадірлеңіз! Біздің кішкене
кезімізде нанды үзгенде уағына дейін қалдырмай
жегізетін. «Нанның уағын жеп отыр» деп кейбіреуге
біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ айналып келгенде
нанның уағы да нан ғой. Бүтін нанды нан деп, нанның
уағын шелекке тастау – күнә. Сондықтан да балаға
жасынан нанды оң қолына ұстатып, уағын тастамауға,
нанды үгітпеуге үйреткен жөн» [8]. Тыйым дегенді
«мынау жаман», «ескіліктің қалдығы» деп түсінбеген
жөн. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тый-
ым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін
жай ғана «сөйтпе-бүйтпе» емес, оның әрқайсысының
астарлы мағынасы бар.
Экологиялық және эстетикалық тәрбие туралы тый-
ым сөздер. Экологияық тәрбие – қоршаған ортаға
қамқорлық, залал тигізбеу, тылсым құдіретін бағалауға
арналған сөздер жатады. Олар – көкті жұлма, ұяны
бұзба, суға түкірме, ағын суға кір шайма, малды теп-
пе, аққуды атпа, бұлақты бітеме, жәндікті өлтірме, суға
зәр сындырма, құмырсқаның илеуін баспа, қара суды
сапырма, бұлақты былғама, ағашты кеспе т.б [24].
Тазалық тәрбиесінде жас ұрпақтың дені таза, тәні сау
болып өсуі үшін жеке бас тазалығын сақтауға арналған
тыйым сөздердің орны ерекше. Олар: аяғыңды жоғары
көтерме, сыпырғышпен ұрма, шалбарыңды жастанба,
дәрет суын аяқ асты төкпе, сыпырындыны, күлді шаш-
па, құдыққа түкірме, саусағыңды сорма, қолға жұққан
суды сілікпе, тамақтың үстінен аттама, итке ожаумен
ас құйма, шелектегі суға аузыңды батырма, т.б.
Эстетикалық тәрбиеге қатысты адамның сыртқы
көрінісінің жарасымдылығы мен жүріп-тұру әдебіне
байланысты бір алуан сөздер бар. Олар: шашыңды
жайма, тақымыңды көрсетпе, езуіңді керме, талтайып
отырма, шаш-тырнағыңды өсірме, бөркіңді теріс киме,
кіндігіңді ашпа.
Біздің айтпағымыз ұлтымыздың асыл қазынасы
– тыйым сөздерді пайдалана отырып, қазіргі ұрпақ
бойындағы жамандық атаулыдан құтылудың қамын
жасауды ата-аналарға ұсынғымыз келеді. Ата сал-
тын пайдалана отырып, айтқанын ұрпағына орында-
тар есті ата-ананың назарын ырым-тыйым сөздерге
аударғымыз келеді. Ата дәстүріне иек артпай тәрбиенің
көсегесі көгермейтінін баса айтқымыз келеді.
Діни нанымнан туындаған тыйым сөздер.
Әдептілік – адамдармен қарым-қатынаста көрінетін
сыпайыгершілік, ізеттілік таныту арқылы өз ортасын-
да сүйкімді, жұғымды көрсететін ерекше қасиет. Ол
276
адамгершілікпен, имандылықпен қанаттас жүретін
ұғым. Біздің мұны ерекше бөліп көрсетуіміз бүгінгі
қоғам үшін орны мен маңызы ерекше болғандығынан.
Мұндай сөздерге: үлкеннің алдын кесіп өтпе, үлкенге
әрқашан орын бер, үлкеннен бұрын сөйлеме, үлкеннен
бұрын тамаққа қол созба, топта даурығып сөйлеме,
адамды қорлама, орынсыз күлме, қолыңды білеп
сөйлеме, кісінің көзінше қасынба, мұрныңды шұқыма,
кісінің ұстінен аттама, тосып сөйле, кісіге қарап
түкірме т.б. жатады.
Имандылық туралы баспасөз беттерінде аз ай-
тылып жүрген жоқ. Қазіргі қоғамда орны ойсырап
тұрғаны баршаға мәлім. Жоғарыда атап өткеніміздей,
имандылық ұғымы өте кең. Адамгершілік, тәртіптілік,
сыпайыгершілік ұғымдарының бәрін де қамтиды. Біз
бұл жерде дінді қадірлеу, хадис талабын орындау, жан
тазалығын сақтау деген ұғымдармен қатысты сөздерді
көрсеттік. Олар: аруақ аттама, дінді сатпа, құранды ба-
спа, тәңірге, аруаққа, құранға тіл тигізбе, өлім үстінде
жаман сөз айтпа, өлген адамды жамандама, намазды
бұзба, қабірді баспа, жұма күні кір жұма,т.б.
Киімге қатысты тыйымдар. Киімді оң қолдан бастап
киіп, сол қолдан бастап шешеді.
Тозбаған киімді тастауға болмайды.
Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан
улы жәндіктер болса, ұшып түседі.
Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Жа-
ман ырым.
Киімнің жағасын басуға болмайды.
Ер адамның киімінің жағасын баспау керек, кесірі
ұрады.
Бас киімді теріс киюге, лақтыруға болмайды. Бас
киімді әрқашанда таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес,
төрге ілу керек.
Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ –
жаулықтың, қара – қайғының белгісі болып саналады.
Садақаға кім берсе, оның түймесін қиып алады
Қоршаған ортаға байланысты тыйымдар. Көкті
жұлса көктей соласың.
Суға түкірмейді.
Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй-
ішіңе кесапаты тиеді.
Құмырсқаның илеуін бұзба.
Отқа қатысты тыйымдар. Отты шашуға, басуға бол-
майды. Отбасының берекесі кетеді.
Отқа түкірмейді.
Отты су құйып өшірмейді, өйткені қайта тұтатуға
қиын болады.
Түнде күл шығармайды.
Күл төгілген жерді баспайды. Себебі барлық
жаманшылық күлмен кетеді, оны басу сол
жаманшылықты үйіне әкелгенмен бірдей.
Жиі айтылатын тыйым сөздеріміздің отқа қатыстысы
да баршылық. Айталық, «отты аттама», «ошақты атта-
ма» дейді. Өйткені қазақ үшін от та қасиетті. Қазақтың
отты қадірлегені соншалық, «менің үйім» деп айт-
пайды, «от жаққан жерім», «отымның басы» дейді.
Қазақтың қандай керемет сөзі десеңізші! Ал «отба-
сым», «отымның басы», «түтін түтеткен үйім» деген
қандай әдемі сөздер! Қазақта киіз үйдің ортасына
жаққан отының орнын көшкен кезде көміп тастайтын
болған.
Әр халықтың өзінің сонау ғасырлардан жеткен
ырым-тыйымдары, әдет-ғұрыптары үлкен күшке,
энергетикалық жолға айналып кеткенін үнемі айтып
келемін. Сондықтан өз дәстүр-салтымыз өзімізге
ғана жұғысты. Өкінішке қарай, біз осы ата-бабамыз-
дан қалған құндылығымызды жай айтыла салған
сөз сияқты, әншейін бір жоққа сенушілік секілді
қабылдаймыз. Қазіргі ғаламтордың ішіне «кіріп» кет-
кен жастарымыз мұны керек қыла бермейді.
Олай болса, балаларға кішкентай кезінен бастап
мұның барлығын жете түсіндіріп, қадір-қасиетін
ұғындырып отырса, олар барлығын қадірлеуді, аяла-
уды үйренеді. Тілімізде «шырағың сөнбесін» деген
керемет сөз бар. Үлкендер: «Отың лаулап жансын!
Шырағың сөнбесін!» – деп бата береді. «Шаңырақтың
отын өшірмей, әрі қарай жалғастыратын ұрпағың бол-
сын» деген тілек – бұл. Қазақта жас келін түскен кезде
отқа май құйғызады. Себебі май құйғанда от лаулап
жанады. Сондағы оттың жалынына қолын төсеп, со-
сын келінінің бетін сипайды. Мұны «шаманизмнің
қалдығы» деп жүргендер баршылық. «Енді сен бір
оттың иесі болдың, отың лаулап жансын! Оттай опа-
лы бол! Жылуың оттай мол болсын! Оттай берекелі
бол!» – деген келінге тілер мағынасы зор тілек жа-
тыр мұның астарында. Осыны шаманизмге апарып
тірейтін ештеңесі жоқ. «Түтіні түзу шығып жатыр»
деген отпен байланысты сөзді де отбасының бірлігі
мол, қазанының қаспағы кетпеген берекелі шаңыраққа
қаратып айтып жатамыз. Отсыз адамның күні жоқ. От
– жылу, от бар жерде өмір бар, тіршілік бар. Ендеше,
отқа қатысты тыйымдарды бір сәт естен шығармайық.
Үй тұрмысына қатысты тыйымдар. Үйге кіргізілген
отынның артығын шығарып тастамайды.
Үйді айналып жүруге, жүгіруге болмайды. Бұл
жамандықты шақырма дегенді білдіреді.
Шәугім, аққұманның шүмегін есікке қаратып қойса,
ырыс-несібе кемиді.
Сыпырғышты төрге қоймайды. Бұл үй ішіндегі
жаманшылық, ауру-сырқау сыпырғышпен босағадан
шықсын, төрге жоламасын деген ниетпен туған.
Сыпырғыны тұрғызып қоймайды.
Ыдыс-аяқтарды ашық тастама.
Жол жүруге қатысты тыйымдар. Сейсенбі күні алыс
жолға шықпа – әрі ырым, әрі тыйым.
Жүкпен жолға шыққанда тұз алма – әрі ырым, әрі
тыйым.
Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды.
Жол жүретін адам «Алла жазса», «Құдай қаласа» деп
тілегенде, жол бойындаға кедергілердің бәрі алыста-
тылады.
Жұма күні көшуге болмайды. Әрі ырым, әрі тый-
ым. Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-баба аруақтары
шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан не-
месе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.
Қазақ халқында да есікті, босағаны қасиетті деп
таниды. Мысалы тілімізде осыған қатысты босағада
тұрма, босағаға сүйенбе, есікті қатты жаппа, есікті
теппе (сілкіме), табалдырықта тұрма, табалдырыққа
отырма, табалдырықты теппе, табалдырыққа сүрінбе,
т.б. деген сияқты табуларды мифтік таным негізінде
түсіндіруге болады.
277
Адамдық тәрбиенің алтын арқауы да, халық
педагогикасының қайнар бастауы да – әдептілік. Ұл-
қызына көрсетер инабатты үлгісі жоқ, әдебі жоқ халық
болмайды. Әдептілікке бас имеген, әдептіліктен нәр
алмаған салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты ешбір халық жа-
самапты.
Халықтың
зердесінде,
тарихында,
рухани
мұрасында небір інжу-маржан жатыр. Сол асыл
қазыналарымыздың
қасиетін,
мән-мағынасын
ұрпағымыздың бойына жұғысты етіп, ертеңгі күнге
жалғастыра ұқтырсақ, ұл-қыздарымыздың келешегі де
жарқын болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |