1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет229/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Abstract:
The article deals with various aspects and pedagogical conditions of formation and development of 
functional literacy of students on the basis of the updated educational program. It also describes the relevance of the role 
and importance of functional literacy in the formation of cognitive competence of students.
Кілт сөздер: 
«өмірлік білім» парадигмасы, функционалдық сауаттылық, құзыреттілік, сын тұрғысынан ойлау, 
танымдық негіз, білім беру кеңістігі.
Қоғамда «өмірлік білім» парадигмасына көшу 
біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Білім беруді 
жаңғыртудағы мемлекеттің негізгі білім беру сая-
саты дайын өнімді алуға емес, құзыреттілік тәсіл 
негізінде алған білімді қабілеттерін және білім, білік 
дағдыларын дамытуға бағытталған. Қазіргі қоғамға 
әлемде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделе 
білетін адамдар қажет. Қазіргі кездегі объективтілік 
тарихи заңдылық пен уақыт талабына сай адамның 
білім деңгейіне қойылатын талаптарды арттыру бо-
лып табылады. Жаңа жағдайларда оқыту процесі 
«өмірлік білім» тұжырымдамасын іске асыруға 
ықпал ететін құзыреттілікті дамытуға бағытталуы 
тиіс. Құзыреттілікті дамытудың алғышарты – 
функционалдық сауаттылықтың белгілі бір деңгейінің 
болуы.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап функционалдық 
сауаттылық мәселесіне халықаралық ұйымдар назар 
аудара бастады, 1990 жылды ЮНЕСКО Халықаралық 
сауаттылық жылы деп жариялады, БҰҰ 2003-2012 
жылдарды осы ұғымды кең түсіндіруде сауаттылықтың 
он жылдығы деп жариялады. Функционалдық 
сауаттылықтың шартты деңгейі: «Қазіргі азамат білуі 
және істей алуы тиіс...» деп тұжырымдалады және 
әрбір ел үшін мәдени және өңірлік ерекшеліктерді 
ескере отырып анықталады. Адамның функционалдық 
сауаттылық компоненттерін игеруінің хронологиялық 
аймағының кеңеюі салдарынан функционалдық 
сауаттылық шегі тұрақты түрде ұлғаю үрдісінде бо-
лады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру олардың құзыреттілігін одан әрі 
дамытудың негізі болып табылады. Жаңартылған 
білім беру мазмұнының өзектілігі функционалдық 
сауаттылық деңгейін көтеру қажеттілігін сезінетін 
оқушыларды дайындаудың объективті қажеттілігімен 
яғни ақпаратты пайдалану, жалпылама мақсаттар 
мен міндеттерді өз бетінше шешу және қалыптасқан 
жүйеге тез бейімделуге қарым-қатынастар негізінде 
анықталады.
«Қазақстан 
Республикасында 
білім 
беруді 
дамытудың 
2011-2020 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік бағдарламасы» мен «Интеллектуалды 
ұлт-2020» бағдарламасы орта білім беру мазмұнына 
функционалдық сауаттылықты енгізудің басым 
бағыттарын айқындап берді. «Қазақстан Респу-
бликасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында»: 
«Құзыреттілік 
тәсіліне 
және 
оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген 
12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу 
және енгізу жоспарлануда», – деп атап көрсете келе, 
типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалардың 
функционалдық 
сауаттылықты 
қалыптастыруға 
бағытталуына, 
оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыру үшін негізгі орта және 
жалпы орта білім берудің құзыреттілік тәсілі негізінде 
оқу бағдарламаларын әзірлеуге баса назар аударылған 
[1]. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары-
мен болған кездесуде (Астана қаласы, 2008 жылғы 
30 қаңтар) Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде қазақстандықтарды жаңа 
формацияда тәрбиелеуге және Қазақстанды адам 
капиталы бәсекеге қабілетті елге айналдыруға 
ықпал ететін интеллектуалды ұлтты дамытудың 
маңызды аспектілерін атап өтті. Әсіресе, білім беру 
жүйесін инновациялық дамыту қажеттілігіне ерек-
ше тоқталды: «Жаңартылған білімнің легіне ілесіп 
отыру үшін қазіргі заман қызметкерлері жүйелі және 
сын тұрғысынан ойлауды меңгеруі тиіс және үнемі өз 
білімін жетілдіріп отыруы керек. Бұдан басқа, біздің 
жастарымыз тек білімді алып қана қоймай, жаңа білім 
беру жүйелерін құруға да күш салысулары керек. 
Бүгінгі таңда ең маңызды сапа креативті ойлау, білімді 
қайта өңдей білу, жаңа шешімдер, технологиялар мен 
инновациялардың пайда болуы болып табылады. Бұл 
үшін жаңа әдістер, оқытудың жаңа формалары, жаңа 
мамандар қажет» [2].
Елбасының 
«Әлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 
[3]. Жолдауындағы маңызды тапсырмасы бес 
жылға арналған Оқушылардың функционалдық 


281
сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жо-
спарын әзірлеу болып табылады. Осыған байланысты 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту 
жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді, аталған 
жоспар шеңберінде функционалдық сауаттылық бой-
ынша шетелдердің адыңғы қатарлы тәжірибелерін 
зерделеу және Қазақстан Республикасының орта білім 
беру мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып, 
функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың 
жолдарын әзірлеу міндеттері қойылды. Аталған 
міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 
елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып 
табылады. Мектеп оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға 
арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында: «Еліміз үшін 
маңызды болып табылатын аталған стратегиялық 
міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты 
функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл 
тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби 
жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға 
дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық 
дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады», 
көрсетілген [4].
Қазіргі ұғым бойынша функционалдық сауаттылықты 
білімнің (бірінші кезекте, жалпы) көп жоспарлы адам 
әрекетімен байланысын біріктіретін жеке тұлғаның 
әлеуметтік бейімделу әрекеті ретінде түсінуге болады. 
Функционалдық сауаттылықтың ерекшелігі – жыл-
дам өзгеріп отыратын қоғамда барлығы үшін қажетті 
қолданбалы білімдер негізінде әртүрлі қызмет салала-
рында өмірлік мәселелерді шеше алуымен сипатталуы.
Ғылыми-әдістемелік зерттеулерде оқушылардың 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыру 
мәселесі отандық және алыс-жақын шетел 
ғалымдарының 
еңбектерінде 
атап 
айтқанда, 
Ж.Ж.Ордабаеваның, 
А.К.Рауандинаның, 
С.А.Тангянның, 
С.Г.Вершловскийдің, 
М.Д.Матюшкинаның, 
Б.С.Гершунскийдің, 
В.В.Мацкевичтің, С.А.Крупниктің, А.В.Хуторскийдің, 
Н.Н.Сметанникованың және т.б. әртүрлі аспектілерде 
қарастырылған.
Мектептегі білім беру жағдайындағы функционалдық 
сауаттылық соңғы жылдарда зерттеулер объектісіне ай-
налды. Мысалы, Н.Н.Сметанникова [5] функционалдық 
сауаттылықты оқуға үйретудің стратегиялық тәсілдері 
шеңберінде зерттеді. Е.П.Лебедева [6] функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыру мәселелерін зерде-
лей келе, мектептің кіші буын оқушыларын оқыту 
үдерісіндегі тиісті мазмұнды енгізудің перспекти-
васын ашты. С.Г.Вершловский, М.Д.Матюшкин 
соцологиялық зерттеулерді жүргізудің негізінде қазіргі 
заманғы мектепті бітірушілердің функционалдық 
сауаттылық деңгейін талдайды. Дегенмен, жекелеген 
пәндерді оқыту кезінде функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыру 
мәселесі 
бойынша 
нәтижелері 
мектептегі білім берудің мазмұнына әлі жаппай 
енгізілмеген бары-жоғы бірнеше ғана еңбектер бар. 
Оларды атап өтсек, қазақстандық зерттеушілер Ж.Ж. 
Ордабаева [7], А.Ж.Мұрзалинова [8], А.К.Рауадина [9] 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту 
мәселесін қазақ тілінде оқытатын мектептерде физи-
каны, орыс тілін оқыту, орыс тілінде оқытатын мек-
тептерде қазақ тілін оқыту барысында қарастырады, 
ресейлік 
әдіскерлер 
Г.Д.Клок, 
В.И.Анурова 
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жол-
дарын химия және шет тілі сабақтарында көрсетеді. 
Мұндай 
мектеп 
жағдайында 
функционалдық 
сауаттылықты қалыптастыру мәселесіне қатысты аз 
көлемдегі жұмыстар оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын жүйелі түрде қалыптастырудың өзекті 
мәселелерін шеше алмайды.
П.Терешкович пен С.Крупниктің «Новый порог 
функциональной грамотности вызов 21 века» еңбегінде 
функционалдық сауаттылықты қоғамның негізгі даму 
тенденцияларымен байланыстырады. Біріншіден, бұл 
өндірістік және гуманитарлық қызмет аясын ерек-
ше технологияландыру. Гуманитарлық саладағы тех-
нологияландыру (қызмет жүйелерінің элементтерін 
ұйымдастыру және реттеу) интеллектуалдық және 
ақпараттық шиеленістердің белгіленген өрісін жасай-
ды. Сондықтан адамның білік қызметтері жүйесінде 
жұмыс істеуге қажетті біліктің ең төменгі деңгейі 
айтарлықтай артады. Бұл өз кезегінде, ақпараттар мен 
ақпараттық техникаларды шығару, қолдану, қызметтің 
жалпыланған мақсаттары мен міндеттерін өз бетінше 
белгілей білу және қарым-қатынастардың қалыптасқан 
жүйеге жылдам бейімделуі. Екіншіден, геометриялық 
прогрессияда еселеніп отыратын ақпараттар ағыны. 
Осыған сәйкес, кез келген ақпарат мәдениетті ақпарат 
бола алмайтынын және оқу үдерісінде міндетті түрде 
меңгерілуі тиіс нормаға жатқызылуы мүмкін екенін 
атап өткен жөн. Ақпараттардың адамның өз қызметі 
үдерісінде алдына қойған міндеттеріне сәйкес түрлену 
қасиеттері болады. Үшіншіден, қызметтің шама-
дан тыс кәсібилілігі (кең ауқымда). Кеңес заманын-
да қол жеткізген білімнің молдығы осы күнге дейін 
белгісіздік пен тұрақтылықтың жоқтығы, сондай-
ақ, өмірлік белсенділіктің құлдырауы, жекелеген 
кәсіптік салалардың, негізінен өндірістік-техникалық 
салалардың жұмыс істеу деңгейінің тұрақты режиміне 
қатысты жеткілікті дәрежеде қолдау көрсету 
жағдайында мүмкіндік беріп отыр. Төртіншіден, 
өркениетті дамудың жаһандық мақсаттарының 
белгісіздігі (Хайек Поппер). Осының барлығы 
сауаттылық деңгейіне қойылатын белгіленген талап-
тарды және адамның қызметтер жүйесіндегі өндірістік 
және қоғамдық қарым-қатынастарға қатысты 
білімдерін де қалыптастырады. Функционалдық 
сауаттылық деңгейі елдегі нақты сол немесе өзге 
де технологиялардың даму деңгейімен бағаланады. 
Қазіргі таңда өркениетті дамытудың әлемдік 
үрдістерін есепке ала отырып, ең төменгі қажетті 
сауаттылық деңгейі: компьютерді пайдалана білуден, 
қызмет саласы үшін қажетт ақпараттар алудан және 
оны пысықтаудан, екі немесе одан да көп шет тілдерін 
меңгеруден (тілдік, бідімдік сауаттылыққ), көлікті 
басқаруды білуден, құқықтық және қаржылық қарым-
қатынастарда білімді көрсетуден тұрады. Осыған 
сәйкес, зерттеушілер мынадай ұғымдарды айыру 
қажеттіліктерін атап көрсетеді: қарапайым сауаттылық 
(оқи, жаза, санай білу және т.б.); функционалдық 
сауаттылық (сауаттылық барлығы үшін немесе 
құқықтық және жалпы кәсіби сауаттылық қарым-
қатынастарындағы білім); кәсіби сауаттылық (нақты 


282
сол немесе өзге де кәсіптік топтардың сауаттылығы); 
экологиялық сауаттылық (орта сипаттамаларын білу); 
жағдаяттың саяси және экономикалық-азаматтық 
сауаттылығын бағалау және әрекетке тиісті шешімдер 
қабылдау қабілеті.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын да-
мыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық 
іс-қимыл жоспарында» қазақстандық мектептік білім 
беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру шеңберінде негізгі құзыреттіліктер 
анықталған. 
Тұлғалық құзыреттілік өзін-өзі тану қабілеттерінде, 
заманға сай адамның тұлғалық сапаларын қажетті 
дамытуда; қоғамдағы өз рөлін жете түсінуде; 
қалыптасқан жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдай 
білулерінде; өздігінен білім алуға, өзін-өзі іске асыру-
да және өздігінен дамуға деген талпынысында көрініс 
табады.
Азаматтық құзыреттілік белсенді азаматтық 
ұстанымын қалыптастыруда, жоғары елжандылық 
сезімдерде; Отанға қызмет етуге деген дайындықта 
және оны қорғау мүдделерінде; жүргізіліп жатқан 
әлеуметтік оқиғаларға баға бере білуде, мемлекеттің 
мүдделерін есепке ала отырып, әртүрлі өмірлік 
жағдаяттарда шешім қабылдай білуде, қазақ халқы 
мен Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлыстардың 
тарихына, мәдениетіне және өзге де құндылықтарына 
деген сыйластықта көрінеді.
Басқарушылық құзыреттілік әртүрлі өмірлік 
жағдаяттарда шешім қабылдай білуді, практикалық 
қызметте білімді пайдалануды, алынған ақпаратты 
шығармашылық қайта жөндеуді білдіреді.
Ақпараттық құзыреттілік ақпаратты өз бетінше 
іздеу, талдау, өңдеу, жіктеу, синтез жасау, қайта 
жөндеу, сақтау және бере білуінде, сондай-ақ оны оқу 
үдерісінде пайдалануда көрінеді.
Технологиялық құзыреттілік оқу және ғылыми-
зерттеу қызметтерінің шеңберінде зерттеулерді жоба-
лауда заманауи ақпараттық-қатысымдық технология-
ларды қолдана білуін білдіреді.
Функционалдық сауаттылық ұғымы. 1957 жылы 
ЮНЕСКО-ға енгізілген «сауаттылық» термині 
бастапқыда әлеуметтік контексте қолданылатын 
оқу мен жазуды қоса алғандағы біліктер жиынтығы 
ретінде анықталған болатын. Басқа сөзбен айтқанда, 
сауаттылық – оқу мен жазудың дағдыларын меңгерудің 
анықталған деңгейі, яғни баспа сөздерімен жұмыс 
істеу қабілеті (неғұрлым заманауи мағынада – бұл оқу, 
жазу, есептеу дағдылары және құжаттармен жұмыс).
«Сауаттылықтың 
төменгі 
деңгейі» 
және 
«функционалдық сауаттылық» ұғымдары қатар 
енгізілген болатын. Біріншісі қарапайым хабарла-
маларды оқу және жазу қабілеттерін, ал екіншісі со-
циуммен өзара әрекет ету жағдайында оқу мен жазу 
дағдыларын қолдану қабілеттерін сипаттайды (банкте 
шотты ресімдеу, сатып алынған музыкалық орталыққа 
қоса берілген нұсқаулықты оқу, сотқа талап-арыз 
жазуь және т.б.), яғни бұл индивидтің әлеуметтік 
қоршаған ортада толыққанды әрекетін ете алатындай 
сауаттылық деңгейі.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, 
функционалдық сауаттылықтың келесідей ерекше 
белгілерін атап өтуге болады:
1) тұрмыстық мәселелерді шешуге бағытталған;
2) өзін нақты әлеуметтік жағдайларда қалады деп 
есептейтін жеке тұлғаның жағдайлық сипаттамасы бо-
лып табылады;
3) стандартты, стереотипті мәселелерді шешумен 
байланысы;
4) бұл әрқашанда оқу мен жазу дағдыларының 
кейбір қарапайым деңгейі;
5) ең алдымен ересек тұрғындарды бағалау ретінде 
қолданылады;
6) ең маңыздысы, сауатсыздықты жылдам жою 
тәсілдерін іздестіру контексіндегі мақсаттардың бо-
луы.
Қазіргі қоғам өмірінің өзіндік ерекшелігі – қоршаған 
ортаның тез өсіп келе жатқан өзгергіштігі. Адамзат 
тарихында алғаш рет заттар, идеялар, технология-
лар адамдарға қарағанда жылдам ауысуда. Мұндай 
қоғамдық өзгерістер ағымындағы қазіргі заманғы 
білім беру жүйесінің басты мақсаты – білім беру 
жүйесін дамыту, сонымен қатар білім беру жүйесін 
жаңғырту, жаңа өмір мен кәсіби қызметтің жаңа 
жағдайларына уақытылы дайындау, оларды осы орта-
да өз бетінше әрекет етуге, оның мүмкіндіктерін тиімді 
пайдалануға және жағымсыз әсерлерден қорғауға 
үйрету. Көптеген елдерде білім беру жағдайының 
ерекшеліктеріне халықтың қолда бар білім деңгейі 
функционалдық сауаттылықты қамтамасыз етпейтінін 
көрсетеді. 1987 жылы Канадада жүргізілген зерттеудің 
қорытындыларына сәйкес 18 жастан және одан 
жоғары функционалдық сауатсыз 3 миллионға жуық 
канадалықтар халықтың 29,5%-ын құрайды. Функци-
оналды сауатсыздардың арасында 50%-ы тоғыз сы-
ныпты, үштен бірі толық орта мектепті бітірген, ал 
8%-ында университет дипломы бар. Ұқсас нәтижелер 
басқа елдерден де алынған. 1999 жылы Ұлыбританияда 
Клаус Мозер тобы жүргізген зерттеу 7 миллион 
(олардың 5-тен 1-і ересектер) функционалдық сау-
атсыз британдықтарды анықтады. Функционалды 
сауатсыздық қатарына сондай-ақ, 3 миллионға жуық 
немістер кіреді. Мамандардың бағалауы бойынша, 
Батыс Еуропа елдерінің белсенді халқының 10%-ға 
жуығы функционалды сауатсыз. АҚШ-та бұл санатқа 
ондаған миллион адам жатады.
Көп жағдайда функционалдық сауаттылық пробле-
масы ғылыми және мағыналық мәселе ретінде емес, 
В.ВМацкевич пен С.А.Крупник атап көрсеткендей, 
іс-әрекет мәселесі ретінде, сауатсыздықты жедел жою 
тәсілдерін іздеу мәселесі ретінде қарастырылады. 
Функционалдық сауаттылық – бұл қатып қалған 
мәдениетті дамып келе жатқан мәдениетке шақыру 
білімі. Функционалдық сауаттылық деңгейі қоғамда 
қабылданған нормалар, ережелер, нұсқаулықтар 
бойынша әрекет ету біліктілігінің қалыптасуын 
көрсетеді, яғни еңбек, әлеуметтік-саяси, мәдени-бос 
уақыт, отбасылық-тұрмыстық, білім беру қызметінің 
субъектісі ретінде адамның әлеуметтік функцияла-
рын іске асыруға байланысты стандартты өмірлік 
міндеттерді шешу қабілеттілігімен сипатталады. 
Функционалдық сауаттылық – қалыптасқан ережелер 
мен нормалар негізінде функционалдық проблемалар-
ды шешу қабілеті. Функционалдық сауаттылықтың 


283
әрбір элементі күрделі, көп қырлы білім болып табы-
лады. Оның құрамына мыналар кіреді:
танымдық негіз – белгілі бір ережелерді, норма-
лар мен нұсқаулықтарды түсіну мен орындауды 
қамтамасыз ететін пәндік, пәнаралық, интегративті 
білімнің, іскерліктер мен дағдылардың органикалық 
бірлігі;
білім беру кеңістігі білім алушылар игеретін 
функционалдық проблемалардың мәні және оларды 
шешу тәсілдері туралы ақпарат көздерінің жиынтығын 
білдіреді;
іс-әрекет барысында белсенді сұранысқа ие болатын 
функционалдық мәселелерді шешу әдістері.
О.Е.Лебедев 
функционалдық 
сауаттылық 
құрылымындағы жүйе құраушы өзекше ол білім 
алушының өзі үшін шешетін мәселенің маңыздылығын 
сезінуі екенін атап өтеді. Егер бұл жүйе құраушы 
өзек болмаса және оқушы шешу үшін ұсынылған 
проблеманың жеке маңыздылығын түсінбесе, тіпті 
танымдық негізді, білім беру кеңістігін және пробле-
маларды шешу әдістерін пайдалануға қарамастан, 
зерттеушілер В.Г.Онушкин мен Е.И.Огарев «білімді 
адамның сауатсыздығы» деп атаған фрагменттік 
сауаттылықтың пайда болу қаупі зор.
Зерттеуші-ғалымдардың пікірлерін жинақтай келе, 
келесідей тұжырым жасауға болады: функционалдық 
сауаттылық – бұл мінездеме, ол білім берудің белгілі 
бір кезеңінен өткен адамға тіркеледі. Бұл ретте 
білім саласы сауаттылықтың белгілі бір деңгейін 
қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады. 
Дайындық, білім беру, тәрбиелеу және оқыту 
үдерістерінен айырмашылығы сауаттылық міндетті 
процесс және жаппай білім берудің сипаттамасы бо-
лып табылады. Функционалдық сауаттылық – бұл 
тек білім мен білім әлеміне кіру. Функционалдық 
сауаттылық – бұл адамдардың, бірінші кезекте, өзіне 
емес, басқаларға қоятын талабы. Функционалдық 
сауаттылық – ұлттың, елдің немесе адамдар тобының 
мәдени немесе гуманитарлық дамуының өлшемі, тек 
осы сапада сауаттылық жеке адамның даму өлшемі 
ретінде қолданылады.
Білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері 
ретінде қарастырылған «функционалдық сауаттылық» 
ұғымына берілген түсіндірмелердің негізінде мектеп 
оқушыларының функционалдық сауаттылығы тура-
лы маңызды көзқарастарды қарастыра келе, келесідей 
тұжырым жасауға болады:
1) функционалдық сауаттылықты қазіргі оқушының 
білім деңгейінің бірі ретінде қарастыруға болады;
2)функционалдық 
сауаттылық 
– 
заманауи 
кәсіби білім берудің қажетті құрамдас бөлігі және 
құзыреттілік ұғымымен тікелей байланысты;
3)функционалдық 
сауаттылық 
– 
мектеп 
оқушыларының құзыреттілігін дамыту негізі;
4) құзыреттілік тәсіл – оқушылардың функционалдық 
сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негізі;
5) функционалдық сауаттылық ақпаратты қабылдау, 
түрлендіру 
процесімен, 
көбінесе 
практикаға 
бағытталған білім негізінде тіршілік әрекетінің 
түрлі салаларындағы типтік міндеттерді шешуге 
қабілеттілігімен байланысты білім, білік, дағды, дер-
бес қызмет тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Мектеп 
оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығы – бұл қазіргі білімнің қажетті құрамдас 
бөлігі, пәндік, пәнаралық, интегративті білімнің, 
іскерліктің, дағдылардың және функционалдық 
мәселелерді шешу тәсілдерінің жиынтығын білдіретін 
білім деңгейі, ақпаратты қабылдау, өзгерту, оқу 
міндеттерін шешу үдерісімен, сондай-ақ қоғаммен 
өзара іс-қимыл жасау міндеттеріне байланысты 
қызмет процесінде білім алушылар қолданатын оқу-
әдістемелік құралдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет