283
әрбір элементі күрделі, көп қырлы білім болып табы-
лады. Оның құрамына мыналар кіреді:
танымдық негіз – белгілі бір ережелерді, норма-
лар мен нұсқаулықтарды түсіну мен орындауды
қамтамасыз ететін пәндік, пәнаралық, интегративті
білімнің, іскерліктер мен дағдылардың органикалық
бірлігі;
білім беру кеңістігі білім алушылар игеретін
функционалдық проблемалардың мәні және оларды
шешу тәсілдері туралы ақпарат көздерінің жиынтығын
білдіреді;
іс-әрекет барысында белсенді сұранысқа ие болатын
функционалдық мәселелерді шешу әдістері.
О.Е.Лебедев
функционалдық
сауаттылық
құрылымындағы жүйе құраушы өзекше ол білім
алушының өзі үшін шешетін мәселенің маңыздылығын
сезінуі екенін атап өтеді. Егер бұл жүйе құраушы
өзек болмаса және оқушы шешу үшін ұсынылған
проблеманың жеке маңыздылығын түсінбесе, тіпті
танымдық негізді, білім беру кеңістігін және пробле-
маларды шешу әдістерін пайдалануға қарамастан,
зерттеушілер В.Г.Онушкин мен Е.И.Огарев «білімді
адамның сауатсыздығы» деп атаған фрагменттік
сауаттылықтың пайда болу қаупі зор.
Зерттеуші-ғалымдардың пікірлерін жинақтай келе,
келесідей тұжырым жасауға болады: функционалдық
сауаттылық – бұл мінездеме, ол білім берудің белгілі
бір кезеңінен өткен адамға тіркеледі. Бұл ретте
білім саласы сауаттылықтың белгілі бір деңгейін
қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылады.
Дайындық, білім беру, тәрбиелеу және оқыту
үдерістерінен айырмашылығы сауаттылық міндетті
процесс және жаппай білім берудің сипаттамасы бо-
лып табылады. Функционалдық сауаттылық – бұл
тек білім мен білім әлеміне кіру. Функционалдық
сауаттылық – бұл адамдардың, бірінші кезекте, өзіне
емес, басқаларға қоятын талабы. Функционалдық
сауаттылық – ұлттың, елдің немесе адамдар тобының
мәдени немесе гуманитарлық дамуының өлшемі, тек
осы сапада сауаттылық жеке адамның даму өлшемі
ретінде қолданылады.
Білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері
ретінде қарастырылған «функционалдық сауаттылық»
ұғымына берілген түсіндірмелердің негізінде мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығы тура-
лы маңызды көзқарастарды қарастыра келе, келесідей
тұжырым жасауға болады:
1) функционалдық сауаттылықты қазіргі оқушының
білім деңгейінің бірі ретінде қарастыруға болады;
2)функционалдық
сауаттылық
–
заманауи
кәсіби білім берудің қажетті құрамдас бөлігі және
құзыреттілік ұғымымен тікелей байланысты;
3)функционалдық
сауаттылық
–
мектеп
оқушыларының құзыреттілігін дамыту негізі;
4) құзыреттілік тәсіл – оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық негізі;
5) функционалдық сауаттылық ақпаратты қабылдау,
түрлендіру
процесімен,
көбінесе
практикаға
бағытталған білім негізінде тіршілік әрекетінің
түрлі салаларындағы типтік міндеттерді шешуге
қабілеттілігімен байланысты білім, білік, дағды, дер-
бес қызмет тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығы – бұл қазіргі білімнің қажетті құрамдас
бөлігі, пәндік, пәнаралық, интегративті білімнің,
іскерліктің, дағдылардың және функционалдық
мәселелерді шешу тәсілдерінің жиынтығын білдіретін
білім деңгейі, ақпаратты қабылдау, өзгерту, оқу
міндеттерін шешу үдерісімен, сондай-ақ қоғаммен
өзара іс-қимыл жасау міндеттеріне байланысты
қызмет процесінде білім алушылар қолданатын оқу-
әдістемелік құралдар.
Достарыңызбен бөлісу: