1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет220/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Ключевые слова: 
обновление, образование, парадигма, оценка, метод. 
Abstract: 
The article discusses modern teaching methods and methods of teaching in a secondary school. In modern 
globalization, the paradigm of teaching has changed, which means that the content of education has been updated and 
new approaches have emerged. In this regard, there are many ways to study the subject of secondary education.
Keywords: 
renewal, education, paradigm, assessment, method.
Өз ұлтының бақытты болашағын, кемел келешегін 
ойлаған, төрт құбыласы түгел, қуатты мемлекет құруды 
мақсат еткен Елбасы Н.Назарбаевтың «Интеллекту-
алды ұлт-2020» ұлттық жобасын ұсынғандағы басты 
мақ¬саты – жан-жақты дамыған білімді, мәде¬ниетті, 
отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалып¬тастыру болатын. 
Ұлттық жоба үш негізгі ас¬пектіні қамтиды. Біріншісі, 
қазақстандық білім жүйесін дамытуда серпіліс жасау. 
Бұл қа¬зіргі таңда білім беру үдерісіне айрықша на-
зар аударуды талап етеді. Өйткені ұлт¬тың дамуының 
негізі дұрыс білім ала білуде. «Интеллектуалды ұлт» 
жобасының екін¬ші аспектісі – ғылым саласын дамыту 
мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру. Жобаның 
үшінші бағыты – қазақ¬стан-дықтардың жаңа генера-
циясын қалыптас¬ты¬руға бағытталған инновациялар 
жүйе¬сін дамыту. Білім беру саласындағы бү¬гінгі 
таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті 
негізінде білім алу¬шы¬лардың өзіндік көзқарасы 
қалыптас¬қан тұлға болып шығуына жол ашады. 
Білімді реформалаудың басты міндеті – мем¬ле¬кеттік 
білім беру жүйесін үздік үлгіге сәйкес әлемдік деңгейге 
көтеру.
Қазіргі жаһандану кезінде оқытудың парадигмасы 
өзгерді яғни, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша 
көзқарас пайда болды. Осыған байланысты орта білім 
беруде пәнді жетік меңгертудің көптеген әдіс-тәсілдері 
қалыптасып жатыр. Дамыған қай елді алсақ та оның 
өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы 
оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына 
байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы 
бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, 
мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі 
күннің басты талабы болып отыр. 
Педагогикалық тәжірибе барысында, қазақ тілі 
пәнінен 6-сыныпта «Әлемнің жеті кереметі» бөлімі 
бойынша сабақта «Миға шабуыл» әдісін қолдану үшін 
«АКТ»-ны пайдаланып тақырыпты ашатын суреттер 
көрсету өте тиімді екенін өз тәжірибемде байқадым. 
Оқушылар сыни ойлана отырып, тақырыпқа өздері 
шықты және сабақ мақсатын өздері анықтауға қадам 
жасады. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» қолдану 
үшін «Джигсо» әдісінде топтық жұмыс тиімді жүзеге 
асырылып, оқушылар бір-біріне түсіндіру арқылы 
өздігінен жұмыс жасап, диалогке түсуге тырысты. Бұл 
тапсырманың тағы бір тиімділігі ол тыңдалым, айты-
лым дағдыларын қалыптастыруға ықпал ете отырып, 
оқушының сыни ойлауына жол ашады. «Ұшақтағы 
сұрақ» әдісі бойынша оқушылар қағаздан ұшақ 
үлгісін жасап, оған бірігіп жазылатын және дефис 
арқылы жазылатын сөздерді жазды. Ұшақты басқа 
топтарға ұшырып, ұшақ қонған топ ұшақта жазылған 
сөздердің орфографиялық қателерін тапты. Осы тап-
сырманы орындау барысында оқушылар бірін-бірі, 
өздерін -өздері бағалау арқылы сабақтағы жұмыстың 
нәтижесін көрсетті. Әрі сабақ дәстүрлі сабақтан 
өзгеше әрі қызықты. Бұл әдісті қолдану нәтижесінде 
«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» тиімді 
жүзеге асты. «Семантикалық карта» әдістері арқылы 
оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сай берілді, жеке жұмыс ретінде 
дұрыс және бұрыс мәліметтерді анықтады. 
Екінші сабақтағы «Қазақстанның жеті кереметі» 
атты эссені жеке жұмыс түрінде жазып, топта 
талқылап, топтағы үздік эссені жариялау үшін «Ыстық 
орындық» әдісін қолданса сабақ өте қызық әрі тиімді 
өтетініне көз жеткіздім. Бұл әдіс «дарынды және та-
лантты балаларды оқытудағы» оңтайлы әдістің бірі 
болды деп ойлаймын.
«Бағдаршам», «Бес саусақ», «2 жұлдыз 1 
тілек» арқылы қалыптастырушы бағалау жүрді. 
Мұғалім мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа 
жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну, оқушыны ынта-
ландыру, ішкі уәжін оятып, мақтау-мадақтау арқылы 


268
табысқа жетелеу бағытында бұл тапсырмалар тиімді 
болды. Бұл оқу үдерісінде оқушының сын тұрғысынан 
ойлау, диалогтік оқыту, өзін-өзі бағалау, ойын ашық 
айту, тұжырым жасау, басқаның пікірін тыңдай 
білу, ынтымақтастық, шешім қабылдау, есте сақтау
дағдыларын қалыптастыруға жасалған қадам болары 
сөзсіз.
Үшінші, «Қазақстанның ғажайып мұралары» атты 
сабақта «Тоғысқан пікірталас» әдісі арқылы «Домбы-
ра –қазақ халқының мұрасы» тақырыбында пікірталас 
жүргізілді. Бұл әдісті сабақта қолдануда оқушылардың 
сыни тұрғыдан ойлауын және көшбасшылық қабілетін 
бақыладым. Сабақтарда қолданылған бұл модульдер 
жаңартылған білім беру аясында оқушының сәтті 
білім алуына тиімді болғандықтан таңдап алдым. 
«Әлемдік мәдени мұралар» атты тақырыпқа 
оқушыларға психологиялық жақсы көңіл-күй ор-
нату үшін әр елдің амандасуын алдым. Жасыл түс
көрсетілгенде, мұсылманша амандасады, қызыл 
түсте – Жапонша амандасады, сары түсте – Ганго 
тайпасындағыларша секіріп амандасады. Бұл аман-
дасу оқушылардың көңіл-күйін көтерді. «Суреттер 
сөйлейді» әдісінде «АКТ»- ны пайдаланып суреттер 
көрсету арқылы жүргізілді. Осы тапсырма арқылы 
болжау, жобалау, сын тұрғысынан ойлау, диалогті 
оқытуды сабақта қолданылса оқушылар үшін тиімді 
және табысты болады. Себебі, сабақ барысында ашық 
сұрақтар беру арқылы сыныпта көп сөйлемейтін 
оқушыларды диалогке тартып, олардың сабақта 
белсенділіктерін арттырдым. «Жигсо» әдісі бойын-
ша мәтін бөлшектеліп топтарға берілді. Яғни, топ 
мүшелері келесі топқа түсіндіру арқылы алдыңғы 
алған білімдеріне сүйеніп, мәтіндегі негізгі және 
қосымша ақпаратты ортаға салды. Тапсырманы орын-
дауда «Дарынды және талантты балалар» көшбасшы 
болды. Сабақтағы қызықты кезеңнің бірі «Дұрыс 
- бұрыс» әдісі арқылы мәтін мазмұнына қатысты 
детальді ақпараттың дұрыс-бұрысын кестеге белгілеп
жазғандары болды. Оқушылар өзін-өзі бағалады, тап-
сырманы түсінгенін-түсінбегенін айтты. «Оқу үшін 
бағалау және оқуды бағалау», «Сын тұрғысынан 
ойлауға үйрету» модульдері ықпалдасып, тиімді бол-
ды. «Семантикалық карта» әдісі арқылы бөлек, бірге, 
дефис арқылы жазылатын сөздерді топтастырып, 
дәптерлеріне орфографиялық нормаға сай жазғанда 
«көшбасшы» оқушылар белсенділік танытты.
«2 жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар бір-біріне 
кері байланысты нақты ұсынды. «Ұшақтағы сөздер» 
әдісі арқылы өзара бағалау жүргізіп, кері байла-
ныс алынды. Бұл оқушылардың ой қорытынды жа-
сауына ықпал етті. Сабақ мақсатын жүзеге асыру 
барысында модульдер сәтті жүзеге асқандықтан 
оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып, өз жаста-
рына, мүмкіндіктеріне сай тапсырмалар арқылы өз 
тәжірибесіне сүйене отырып ортақ шешімдерге келу-
ге дағдыланды. Сабақта қолданған әдіс -тәсілдердің
барлығы тиімді жүзеге асырылды, сабақтың
тақырыбын аша отырып, белгілеген мақсатқа жетуге 
болатындығына өз тәжірибемнен көрдім.
Қорыта айтқанда, мұғалімнің алдында оқушыларға 
білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. 
Қазіргі жаһандану заманында әрбір оқушыны оқытып 
тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және 
шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл 
мұғалім қажет екені баршамызға мәлім.
Жаңартылған бағдарламаның негізгі мәні, баланың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы 
өзінің мектеп қабырғасында алған білімін болашақ 
өмірінде пайдалана іске асыра білуі керек. Сол үшін 
де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» 
ұғымына құрылған. Қазіргі таңда ұстаздарға да үлкен 
жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына 
ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты 
әрі білімді болу үшін, өмірде қажетті дағдыларды 
дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек 
болып тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясын-
да тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала 
үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді 
мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, 
үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы 
Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті 
байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» де-
ген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы 
қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, 
жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім 
бағдарламасы бұл болашақтың кепілі болып табыла-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет