1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

МАНДОКИ ҚОҢЫР ИшТВАН
Түркологиялық зерттеулерге түрен салған, ... белгілі түркітанушы ғалым, «Парасат» орденінің иегері, ұлағатты 
ұстаз Әбжан Құрышжанұлының еңбегін ерекше атауға тиіспіз... Көне жазба ескерткіштердің тарихын, ана тіліміздің 
тарихи мәселелерін зерттеудегі, қыпшақтану ғылымын дамытудағы, түркі халықтарының көрнекті ғалымдары 
мен ақындарының шығармаларын тәржімалаудағы ғалым Әбекеңнің ерен еңбектерін айрықша құрметтеп, есімін 
зор мақтанышпен айта аламыз.
Қоғам қайраткері ш. БЕРКІМБАЕВА
Ә. Құрышжанұлы, бір жағынан, жалпы түркологияның, екінші жағынан, қазақ тіл білімінің «қыпшақтану» 
деген жаңа саласын қалыптастырып, «халық санатына қосу» үшін енді қыпшақ тілінің басқа да дереккөздерін 
қазақ филологиясының ғылым аясына тартты... Ә.Құрышжанұлы қазақ филологтары арасында көне түркі жазба 
ескерткіштерінің тілін зерттеп, әлем түркітанушыларының назарына ілініп, көзге түскен зерттеуші бола білді.
Профессор Е. ЖАНПЕЙІСОВ
...Ә. Құрышжанов – бұл күндері қолданудан шығып, өмірі жазба ескерткіштер тілінде қалған бірсыпыра өлі 
тілдер (Орхон-Енисей жазбалары тілі, қыпшақ тілі, т.б.) мен қазіргі заманда түркітекті қауымдастыққа қызмет 
етіп келе жатқан отыздан аса тіл арасында ғылыми зерттеулерімен алтын көпір салған Қоңыраттан шыққан қазіргі 
заманғы қаламы қайратты жаралған бірегей тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет