1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Профессор Б. ХАСАНОВ
ПРОфЕССОР ӘБЖАН ҚұРЫшЖАНұЛЫ – ҚАЗАҚ ҚЫПшАҚТАНУшЫ 
ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ КӨшБАСшЫСЫ
Профессор Әбжан Құрышжанұлы - белгілі түрколог, орта түркі және қыпшақ тілдерінің білгір маманы
ретінде бүкіл түркі халықтары дүниесіне мәшһүр ғалым десек еш қателеспейміз. Ол өзінің түркітануға қатысты 
тырнақалды еңбегін университет қабырғасында-ақ бастаған болатын. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
университетінің 1953 жылғы түлегі «Склонение в языке Орхоно-Енисейских и древнеуйгурских письмен-
ных памятников Ү-ІХ вв.» атты тақырыптағы диплом жұмысын сәтті қорғап, оқуын үздік дипломға бітірген 
соң Қазақ КСР ҰҒА-ның аспирантурасына қабылданып, Н.Т.Сауранбаевтың жетекшілігімен 1956 жылы «Фор-
мы значения падежей в языке Кodex Cumanicus» деген тақырыпта жазылған кандидаттық диссертациясын, 1973 
жылы «ХIII-ХIV ғасырлардағы көне қыпшақ ескерткіштерінің тілі» деген тақырыпта докторлық диссертация 
қорғады. Әбжан Құрышжанұлының көне түркі және қыпшақ ескерткіштері туралы «Куман тіліндегі араб-парсы 
тілдерінің элементтері» (1962), «Көне қыпшақ тілінің ескерткіштері» (1962), «ХIII ғасырдағы көне қыпшақ жаз-
ба ескерткіші», «Түрік-араб сөздігінің лексикасы бойынша зерттеулер» (1970), «Сөз атасы» (1986), «Ескі түркі 
жазба ескерткіштері» (2001), «Тіл тарихы жайында ойлар» (2006, 2008) «Ескі қыпшақ тілі» (2007, 2009) т.б. атты 
ғылыми еңбектері жарық көрген. «Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен грамматикалық 
очерктері» (1964), «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (Ғ.Айдаров, М.Томановтармен авторлық бірлестікте 
жазылған, 1971), «Ескі қыпшақ тілі» (Б.Көмеков, С.Дүйсендермен авторлық бірлестікте жарық көрген, 2007, 2009) 
атты оқу құралдарының авторы. Ғалымның әсіресе ден қойып зерттегені – ХҮІ ғасырда Алтын Орда мен оның 
одақтасы болған мәмлүктер билігіндегі Мысыр территориясында жазылған «Китаб ад-дурра әл-мудиа фи-л-лұғат 
ит-туркийа әл ат-тамам», «Китаб әл-идрак ли-лисан әл-атрак», «Әл-кауанийна-әл-куллийа ли-дабт әл-лұғат-ти-
түркийа», “Нахдж-ал-фарадисс”, “Қиссас-ул-анбия”, “Хұсрау мен Шырын”, “Гүлистан”, “Мұхаббат-наме,” “Се-
раж ал-Кулуб”, т.б. туындылар. Сондай-ақ ғалымның «Дүниежүзілік әдебиеттер кітапханасына» енген жалпы 


4
түркі халықтарының көрнекті ғалымдары мен ақындары – Ж.Баласағұни, М.Қашқари, А.Йүгінеки, Қ.А.Йассауи 
шығармаларын қазақ тіліне аударып, ана тілінің тарихи мәселелерімен шұғылданғандығы да белгілі. 1970 жылы 
«Исследования по лексике старокыпчакского письменного памятника ХІІІ в. тюрко-арабского словаря» атты 
монографиясын, 1978 жылы А.Жұбанов, А. Белботаевтармен авторлық бірлестікте «Куманша-қазақша жиілік 
сөздігін» жазды, 1985 жылы түркітанушы ғалым Б.Сағындықовпен бірлесе отырып, орта ғасырлық түркі шайы-
ры Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» («Хибат-ул Хаққайық») атты шығармасын қазақшалап, транскрипциясы 
мен фотофаксимилиесін қоса жарыққа шығарды. 2001 жылы профессор Ә.Құрышжанұлының авторлығымен 
«Ескі түркі тілі жазба ескерткіштері», 2004 жылы «Құдатғу білік» (Жүсіп Баласағұн дастанының ғылыми басы-
лымы) сияқты екі бірдей құнды кітап жарық көрді. 
Ғылыми-педагогтік кадрларды дайындаудағы жетістігі мен ерен еңбегі үшін ҚР Үкіметі тарапынан «Пара-
сат» орденімен марапатталып, Мемлекеттік стипендияның иегері атанды. 
Сөз зергері, қыпшақтану ілімінің хас шебері Ә.Құрышжанұлының ерен еңбегі ескерткішке, абыройы алтын 
күмбезге айналып, тіл қадірін білетін халқымен, шәкірттерімен бірге жасай берері сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет