52
алғашқылығына мән беріп, екі ғылымға ортақ
методологиялық ұстаным бар екенін көрсетеді.
Екінші көзқарасты жақтайтындар этно¬лингвистика
мен лингвомәдениеттанудың қарым-қатынасы жал-
пы мен жалқының қатысына сәйкес келеді: айталық,
этнолингвистика орыс, неміс, ағылшынға тән болуы
мүмкін болса, лингвомәдениеттану ұлттық болуы
мүмкін емес, ол халықтық деңгейден жоғары екенін
алға тартады [5, 31 б.].
Адамзат әлемі, оның әрекеті қандай күрделі бол-
са, мәдениет те, ұлт тарихы да сондай күрделі. Эт-
нолингвистика мен лингвомәдениеттену өзіндік
зерттеу нысаны бар тіл ғылымының дербес саласы
десек те, олардың ортақ мәселелері өте көп. Неме-
се Э.Сепир¬ше айтқанда, “Тілдің бір тұғыры бар.
Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып
жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып
кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла
алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған
мәдениетті өз қалпында көрсетеді». Расында да әр
этностың, халықтың танымдық ерекшелігі тілінің
табиғатынан танылады. Ал таным теориясы бойын-
ша, жеке арқылы жалпы танылады. Халықты тану
оның тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, рухани және
материалдық мұрасы – бәрі тілден көрініс табады.
Өйткені тіл – этностың бүкіл дүниетанымы, әдет-
ғұрпы, салт-дәстүр, өмір-тіршілігінің көрінісі.
Этностың барлық мәдени байлығы осы тіл арқылы
сақталып, бізге жетіп отыр. Демек, тіл мен этнос
тағдыры қашанда бір-бірімен тығыз байланысты.
Белгілі ғалым Ә.Қайдар «Қазақ тілінің өзекті
мәселелері» атты жинағында этнолингвистиканың
зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделеріне тоқтала
келіп, оның қоғамдық (Мәдениеттану, этнография,
этнология, өлкетану, фольклористика, мифология,
дінтану, астрология т.б.) және лингвистикалық (Эти-
мология, диалектология, ономастика, фразеология,
терминология, лексикография т.б.) пәндерімен байла-
нысына тоқталады. «Өйткені өзіндік мақсат-мүддесі
бола тұрса да, ортақ объектісі «тіл әлеміне», «тіл
қазынасына», «тіл құдіретіне», т.б. соқпай кете алмай-
тын аталған пәндерден этнолингвистика да бөлініп,
жарылып өз алдына оңаша тұра алмаса керек», - дейді
[6,13б.].
Жоғарыда айтылғандай, тіл мәдени маңызы бар
ақпараттарды жинап, сақтайтын құрал қызметін
атқарады. Кейбір бірліктердегі бұл ақпарат қазіргі
тілді иеленуші үшін имплицитті болуы мүмкін,
ғасырлар қойнауында жасырынып, тек талдау жүргізу
арқылы анықталады. Ол бар және сана түкпірінде
жасырынған [8, 17 б.].. Лингвомәдениеттанушы
тілдік таңбаларда бекітілген мәдени ақпараттарды
анықтау үшін кейбір арнайы тәсілдерді қолдануы
тиіс. Егер тіл мен мәдениеттің өзара байланысы ту-
ралы мәселені түсінудің дәстүрлі тәсілі мәдениет
жайлы кейбір мәліметтерді пайдалана отырып,
лингвистикалық мақсаттарды шешуге талпыныс жаса-
са, лингвомәдениеттануда тілдің өзінің бірліктерінде
мәдениетті
сақтап,
тасымалдаудағы
тәсілдері
зерттеледі.
Қорыта
айтқанда,
этнолингвистика
мен
лингвомәдениеттану – этнос-тіл-мәдениет триадасы
тудырған лингвистика салалары.
Достарыңызбен бөлісу: