Keywords:
linguistics, text system, text processing, diacron.
Тіл тарихында туынды сөздердің пайда болуы, жа-
салу тәсілдері, сөздік құрамды қалыптастырудағы ала-
тын орны, жаңадан пайда болған мағынаның бұрынғы
мағынамен байланысы және т.б. сөзжасамның өзекті
мәселелері ерте кезден сөз болып келе жатыр. Бірақ
олардың бәрін топтап, басын бір жерге қосып, грам-
матика мен лексикадан бөлек, жеке сала ретінде
қарастыру проблемасы күн тәртібіне тек қана өткен
ғасырдың орта тұсында қойыла бастады. Мысалы, про-
фессор Н. Оралбаева лингвистикада алғашқылардың
бірі болып, «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі»
атты монографиясында сөзжасамды тілдің жаңа сала-
сы ретінде қарастырып, оны грамматиканың морфоло-
гия және синтаксис салаларымен бір қатарға қойды.
«Сөзжасамның нысаны – сөз жасау процесінде жа-
салатын туынды сөз» екенін баса айтып, дербес сала
ретінде қарастырылып, сөзжасамның нысаны, мақсаты
мен міндетін айқындау сол кездің басты мәселесі
екенін алға тартады[1,16]. Н.Оралбаевадан өзге ғалым
Анар Салқынбай сөзжасам проблемаларын жан-жақты
қарастырып, оның тілдің жеке, дербес саласы ретінде
орнығуына көп күш салды. «Тіл адамға қызмет етеді,
ал адам үшін ең басты нәрсе, өзі таныған заттық не
құбылыстық белгіге атау беру. Демек, сөзжасам морфо-
логия ішінен туындамайды. Қайта сөзжасам негізінде
пайда болған сөздерді жүйелеу үшін грамматикалық
құрылымын саралау үшін, морфология саласы келіп
шығады. Сондықтан сөзжасамды тіл білімінің ең
көне саласы деп танимыз»[2,9]. Осындай зерттеу-
60
лер нәтижесінде қазір қазақ тіл білімінде сөзжасам
өзіндік ерекшеліктері анықталған, құрылымдық-
семантикалық өзгешеліктері нақтыланған, зерттеу
объектісі айқындалған тіл білімінің жеке саласы бо-
лып саналады.
Өзге жекелеген тіл білімдеріне қарағанда, та-
мыры терең, дамыған тіл білімі санатындағы орыс
тіл білімінде де сөзжасамның дербес сала болып
қалыптасу тарихы ХХ ғасырдың орта шені болып
саналады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басында орыс тіл білімінде И.А.Бодуэн де Куртенэ,
Ф.Ф.Фортунантов, Н.В.Крушевский, А.А.Потебня,
А.А.Шахматов, А.М.Пешковский және т.б. ғалымдар
тарапынан сөз тудыру процесі, түрлері, олардың
сөз таптарын қалыптастырудағы рөлі туралы өзекті
тұжырымдар, бағалы ой-пікірлер айтылғанымен,
сөзжасам лингвистиканың жеке саласы деңгейіне
көтеріле алмады. Күні кешеге дейін орыс тіл білімінің
ықпалында болып келген түркология ғылымында да
сөзжасам проблемалары тілдің фонетика, лексикология
және грамматика салалары тәрізді жеке, дербес сала
ретінде қарастыру жайы 1960-1970 жылдары айтыла
басталды. Бұл орайда, әрине, сөзжасам мәселесіне бай-
ланысты әлемдік және орыс лингвистикасында көптеп
жарияланған зерттеулердің әсер еткені сөзсіз. Жалпы
тіл білімінде сөзжасамға байланысты жарық көрген
көптеген зерттеу еңбектерінің әсерімен түрколог
ғалымдар да түркі тілдерінде сөзжасам мәселелерін
тіл білімінің жеке саласы ретінде қарастыра баста-
ды. Онда сөзжасамның зерттеу объектісі, оған не
нәрселердің жататын-жатпайтындығы, оның тілдік
құбылыстар жүйесіндегі алатын орны, тілдің өзге
қабаттарымен
байланысы,
қоғамдық-әлеуметтік
мәні сияқты күрделі мәселелердің басы ашылып
анықталды. Түркі тіл білімінде де сөзжасамның тілдің
өз алдына бөлек, жеке саласы болып орнығуына
теориялық негіз жасалды. Жалпы, түркологияда
сөзжасам проблемасы, сөзжасамның жеке сала болып
қалыптасу тарихы жайында әңгіме болғанда, ғалым
Ж.Т. Сарбалаев оны екі кезеңге бөліп қарастырған
лазым екенін айтады: «Бірінші кезең орта түркілік
дәуірден, яғни ХІ ғасырдың ұлы филологы Махмұт
Қашғари заманынан бастау алып, ХХ ғасырдың
орта шеніне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде
сөзжасам мәселелері, негізінен, тілдің грамматика
және лексикология салаларының аясында ғана, онда да
сөзжасамдық тәсілдердің тұрғысынан қарастырылды.
Түркологияда сөзжасамның тілдің жеке саласы болып
қалыптасуының екінші кезеңі 1960-1970 жылдардан
бергі уақыттарға тиесілі. Бұл уақытта әлемдік линг-
вистикада болсын, орыс тілінде болсын сөзжасам
проблемаларының тілдің жеке саласы ретіндегі ста-
тусы әбден мойындалған болатын»[3, 15]. Ф.ғ.к.,
ғалым Г. Абдирасилова «Қазіргі қазақ тіліндегі
сөздердің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы»
атты диссертациясында зерттеуші Ж.Отарбекованың
түркологиядағы сөзжасам саласының зерттелуін төрт
кезеңге топтастырғанын қолдай отырып, өз тарапынан
бесінші кезеңді қосып, төмендегідей жіктейді:
1-кезең: ХІХ ғасырға дейінгі кезең. Сөзжасам
қосымшалары туралы ілімнің қалыптасу кезеңі.
2-кезең: ХІХ ғасырдың басынан Қазақ төңкерісіне
дейінгі кезең. Сөзжасам тәсілдері туралы алғашқы
зерттеулердің жарық көруі.
3-кезең: ХХ ғасырдың І жартысында көптеген
ғылыми грамматикалардың жарық көріп, сөзжасамның
морфологияның бір элементі ретінде қарастырылуы.
4-кезең: 1950 жылдардан кейінгі кезең. Сөзжасамның
тарихи тұрғыдан зерттеле басталуы.
5-кезең: 1989 жылдан кейінгі кезең. Сөзжасам
жүйесінің комплексті бірліктері тұрғысынан зерттеле
басталуы[4, 16].
Біздің мақсат түркологияда емес, қазақ тіл біліміндегі
сөзжасам саласының қалыптасу тарихын талдау
болғандықтан, бізді «Сөзжасам проблемалары қазақ
тілінің алғашқы грамматикаларында, оқулықтарында
қандай дәрежеде көрініс тапты» деген сұрақтың
жауабы қызықтырады. Жалпы, қазақ тіл білімінде
сөзжасамның зерттелу тарихы шартты түрде1920 жыл-
дардан бастау алады. Жиырмасыншы жылдардың аяғы
мен отызыншы жылдардың басында сөзжасам жайлы
жаңа зерттеулер, қосымша арқылы жасалған жаңа
сөздер жайында еңбектер жарық көре бастады. Қазақ тіл
білімінің алғашқы ғылыми оқулығы қазақ тіл білімінің
қалыптасуына негіз болған А.Байтұрсынұлының
«Тіл-құрал» еңбегі болғандықтан, қазақ тіл білімінде
сөзжасам жайында айтылған алғашқы пікір 1914
жылы Орынборда жарық көрген осы еңбектен ба-
стау алады деп есептейміз. Ғалым «Тіл - құрал»
еңбегінде қазақ тіліндегі сөздердің тұлғасы, тысқарғы
жалғаулар, ішкергі жалғаулар, сөз өзгерту ерекшелігі
мен жалғану тәртібі жайында көп мәлімет береді.
А.Байтұрсынұлы «Жалғау екі түрлі: бірі сөздің
тұлғасын өзгертсе де, ішкі мағынасын өзгертпейді,
екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгертеді.
Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі
жалғау деп аталады», - деп жалғауға тысқарғы жалғау,
жұрнаққа ішкергі жалғау атауын береді де, жұрнақтың
қызметін былайша түсіндіреді: «Егерде «құлақ» деген
сөзге «шын» деген жалғау қоссақ «құлақшын» бола-
ды. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгерді. «Құлақ»
бастың мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған
соң, басқа киетін киімнің атауын көрсетіп тұр»[5, 26].
Сонымен қатар, «Екі түрлі жалғаудың тысқарғысы
сөйлегенде, жазғанда сөздерді бір-біріне қисындырып
тізу үшін қажет, ішкергісі бір мағыналы сөзден екінші
мағыналы сөз шығарып, сөзден-сөз туғызып, көбейтіп,
тілді байыту үшін қажет»,- деген ұлт ұстазының пікірі
сөзжасамның тіл білімі саласында маңызды орынға
ие екенін айғақтай түседі. Осылайша, сөз жасау және
оған атау беру мәселесі, А.Байтұрсынұлы еңбегінен
басталып, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, І.Кеңесбаев,
т.б. еңбектерінде жалғасын тапты.
Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры атанған
Құдайберген Жұбанов морфология саласындағы
зерттеулерінде сөз тұлғасы туралы сөз қозғайды. Онда
сөздің тұлғасын ғалым «түп мүше», «жамау мүше» деп
екі жікке бөледі. Қазіргі тіл білімінде «сөзформа» деп
қолданылатын терминді ғалым Қ.Жұбанов «сөзтұлға»
деп қолданған. «Түпмүше» деп түпкі түбірді атайды
да, морфемдік тұлғаларды біртіндеп тұлғалап бөлу
алу жүйесін көрсетеді. Ғалым Қ.Жұбанов «Құдайы»
дегенде соңғы –ы – парсы нисбеті. Демек, егер қазақ
тіліндегі –ы, -і қосымшалары парсы нисбетіне саяр
61
болса, онда бұл тұлға қазақ тіліне кейін кірген, қазақ
халқын құраған орта азиялық этникалық топтар
әкелген тілдік құбылыс болып табылады»[6,120],–деп
қосымшалардың диахронды сипатын зерттей келе,
қазақ тіліне әдебиет арқылы сіңіскен парсы нисбетті
қосымшаларды көрсетіп, олардың қалыптасу, даму
жолдарын айқындап, саралай түсуге діңгек болып,
бағыт берді. Қосымшалардың тарихи дамуы туралы
айтылған пікірлері өкінішке орай, көптеген зерттеу-
лерде назарға алынбаған. Десе де, ғалым Қ.Жұбанов
сөзжасам жайлы ізденістердің алғашқы ізін салды.
Сөзжасам жайлы пікірлерді Қ.Кемеңгерұлының
«Жауропалықтар үшін оқу құралы» атты еңбегінен
де кездестіруге болады. Автор «Қазақ тілін байы-
тып отырған қосымшаларды оқушылар білуі қажет.
Ол үшін түбір сөздерге түрлі жұрнақтарды қостыру,
жұрнақ қосылған сөздердің мәнісіне қарай етістікке,
зат есімге, сын есімге жіктеу керек», - деп сөзжасамның
маңызын айқындай түскен[7,68].
Жұмыстарының недәуір бөлігін қазақ әдеби тілінің
дамуына арнаған ғалым І.Кеңесбаев «К вопросу о
влияний русского языка на казахский» мақаласында
орыс тілі заңдылықтықтарының қазақ тіліне әсері ту-
ралы кеңірек тоқталады. Біршама аудармалар калька-
мен аударылғандықтан қазақ әдеби тіл нормаларын
бұзатынын, бізге жат заңдылықтарды алып тастап,
орыс тіліндегі аффиксті сөздерді аударуды ретке
келтіру маңызды екенін айтады: «Назрела необходи-
мость урегулировать и привести в систему принципы
перевода на казахский язык многочисленных словоо-
бразовательных аффиксов русского языка, как и ряда
интернациональных аффиксов. Нельзя, например,
считать удачной переводческую практику. Когда сло-
ва «работница» и «колхозница» передаются в виде
«жұмысшы әйел», «колхозшы әйел». Так как в казах-
ском языке нет деления слов грамматическим родам,
робочие и робатницы независимо от пола говорят:
«мен колхозшымын», «мен жұмысшымын»[8, 34].
Ғалым осылайша қазақ тілінің аударма мәселесі жай-
ында ой толғайды да, -шы, -ші аффиксінің сөзге жаңа
мағына үстеудегі қызметі жайында аз-кем ой қозғайды.
«Еще раз о трансформированном повторе в казахском
языке» мақаласында қос сөздердің жасалуы мен жаңа
мағына үстеудегі ерекшелігі туралы тұжырымды ойла-
рын білдіреді. Демек, І.Кеңесбаев қазақ тілі сөзжасамы
туралы арнайы сөз қозғамағанымен, сөзге атау беру,
туынды сөздің жасалуы турасында ғылыми пікір
жазғандардың алғашқылары болып саналады.
Сонымен қатар, 1930-50 жылдары қазақ тілінің
грамматикалық ерекшелігі туралы сөз қозғаған
мақалаларда И.Ұйықбаев өзге сөз тааптарының сөз
тудырушы жұрнақтар арқылы жаңа мағынаға ие бо-
латынын, олардың жасалу жолдарын; Ә.Төлеуов есім
сөздердің жұрнақ арқылы жасалуын, Г.Жәркешева
қазақ тіліндегі біріккен сөздердің жасалу тәсілдері
және оның емлесі туралы зерттеу жұмысын жүргізіп,
ғылыми ортаға таныстырады.
Грамматика мәселесі жайында сөз қозғайтын 1950-
1980 жылдар аралығында жарық көрген зерттеу
еңбектерінде жаңа сөз жасау мәселесі морфология
саласында қаралса да, сөз тудыру, сөзге жаңа атау
беру күрделі әрі тіл біліміндегі маңызды үдеріс екені
баса айтылады. Себебі кез келген сөз жасалғанда ең
бірінші оның қай сөз табына қатысты екені емес,
қалай жасалғандығы әрі ненің атауы болатыны бірінші
маңызға ие. Бұл жылдары әр сөз таптарына ие сөз ту-
дырушы жұрнақтарды зерттеген зерттеу жұмыстары
жариялана бастады. 1954 жылы ірі көлемді «Қазіргі
қазақ тілі» деп аталатын ғылыми грамматикалық
еңбек жарық көрді. 1956 жылы Б.Құлмағамбетова
«Етістіктің жұрнақ арқылы жасалуы», А.Хасенова
«Қазақ тіліндегі –ла, -ле аффиксі туынды түбір
етістіктер», 1963 жылы Б.Қайымова «Жұрнақ арқылы
етістіктен есім сөздің жасалуы» тақырыбында зерттеу
жұмысы жарияланды. И.Маманов зерттеу еңбегінде
сөзжасамның теориялық проблемаларын, оның ішінде
сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтардың
аражігін ажырату қажеттігі туралы сөз қозғап, ба-
сты мәселелеріне тоқталады. Алпысыншы жыл-
дардан бері сөзжасамның әртүрлі аспектілері дис-
сертация тақырыбына айналып, зерттеу нысанына
алынды. Мысалы, Ж.Манкеева етістіктердің жасалу-
ын, Д.Тұңғатаров омонимдік аффикстер, К.Шаяхметов
қос қызметті аффикстерді зерттеп, сөзжасамның дер-
бес ғылым саласы болып қалыптасуына түрткі болды.
Бұл зерттеулердің басты мақсаты – сөз таптарының
жұрнақтарын анықтау, олардың мағынасын ашу, шығу
тегін зерттеу, олармен жасалған туынды түбірлерді
айқындау болғандықтан, сөзжасамның тіл білімінің
дербес саласы ретіндегі табиғаты ашылмады, оған
байланысты теориялық мәселелер нақты сөз болмады.
Дегенмен, сөзжасамның ғылыми негізінің қалануына,
грамматика саласының морфология, синтаксис сала-
ларымен тең тұруына бұл еңбектердің түрткі болғаны
даусыз.
Қазақ тіл білімінде сөзжасамды жеке қарастыру
мәселесі Ғ.Қалиевтің «Сөз тудыру – қазақ тілінің жеке
саласы», Н.Оралбаеваның «Қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі», Е.Жанпейісовтің «Қазақ тіліндегі сөзжасам
мәселелері» атты мақалаларда алғаш рет көтерілді.
Бұл мақалаларда сөзжасамды дербес сала ретінде
зерттеудің маңызы, қажеттілігі, сөзжасамның нысаны
туралы сөз болды. Морфология саласына жатқызылып,
морфология құрамында оқытылып келген сөзжасамды
Н.Оралбаева «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі»
атты монографиясында жеке тіл білімінің саласы
екенін талдап, дәлелдеді. Содан бері сөзжасамның
жүйесі, зерттеу нысаны, заңдылықтары мен тілдік
бірліктерін, т.б. сөзжасамға қатысты мәселелерді
зерттеу нысанына алған бірнеше ғылыми зерттеу
еңбектері жарық көрді. Сөзжасамды дербес сала
ретінде қарастыру Н.Оралбаеваның «Қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі» атты мақаласында алғаш рет сөз
етілді. Мақалада автор А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл
білімі институты ғалымдары қазақ тілі сөзжасамын
кешенді зерттей келе, ғалым Н. Оралбаеваның жауап-
ты редакторлығымен «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі» атты монография жарыққа шығарады. Еңбекте
ғалым сөзжасамның дербес сала ретінде танылуын
жүзеге асырды, теориялық мәселелерін алғаш рет
ғылыми негізде дәлелдеді. Осылайша бұл еңбек тілде
сөзжасам саласының дербес сала ретінде зерттеліп,
қалыптасуына негіз салды[2].
Сөз жасам туралы ойларын Ғ.Қалиев «Қазақ
62
говорларындағы диалектілік сөз тудыру» атты
еңбегінде теориялық тұрғыдан зерделейді. Атап
айтқанда, сөз тудырушы негіздер мен олардың
сөзжасамға қатысы, сөзжасам типтерінің ерекшелігі,
сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамның грамматикалық
құрылыс пен сөздік құрамға қатысы туралы
мәселелер тұжырымды шешімін табады. 1988 жылы
Ә.Ибатовтың «Қазақ тіліндегі туынды сөздер
сөздігі», Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі
сан есімнің сөзжасам жүйесі» монографиясы
жарыққа шықты. Ғалым бұл еңбегінде сөзжасамның
теориялық мәселелеріне шолу жасай отырып, сан
есімнің аналитикалық және синтетикалық тәсілінің
жасалу ерекшелігіне тоқталады. Ө.Айтбаев «Қазақ
терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты
монографиясында терминжасам сөзжасам тәсілінің
нәтижесі екенін дәлелдейді. Нақты келтірілген мысал-
дар ғалымның бұл ойын қуаттай түседі. Бұл аталған
зерттеулер «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі»
атты монографияның жарық көруіне негіз болды.
Монография 1989 жылы А.Байтұрсынұлы атынағы
Тіл білімі институты ғалымдарының зерттеулерінің
нәтижесінде жарық көрген алғашқы еңбек. Бұл
еңбектің шығуына М.Балақаев, А.Қалыбаева,
Н.Оралбаева, Е.Жанпейісов, Қ.Есенов, С.Нұрхановтар
атсалысады да, ал монографияның жауапты редакто-
ры – профессор Н.Оралбаева. Бұл еңбекте сөзжасам
мәселесі кеңінен, жан-жақты алғаш рет талданады.
1980 жылдардан бастап сөзжасамның теориялық
жеке мәселелері арнайы зерттеулер мен ғылыми
ізденістердің нысанына айналды. 1992 жылы Б.Қасым
«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер» деген
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, қазіргі
қазақ тіліндегі күрделі етістіктің мәселесін ғылыми
жағынан тереңдете түсті. Сонымен қатар, С.Исаевтың
«Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамның кейбір
мәселелері» атты еңбегінде сөзжасамның сөз тудыру
мәселелері нақты саралана бастады. Сөзжасамның
жекелеген мәселелерінің қарастырылуында Анар
Салқынбай мен К.Құрманәлиев зерттеулерінің орны
айрықша. Сөзжасамды зерттелу нысанына қарай та-
рихи сөзжасам және сипаттамалы сөзжасам деп екі
салаға бөлу тәжірибесі бар. Сипаттамалы сөзжасам
сөзжасам мүмкіншілігін, құбылыстың қазіргі күйін,
қалпын зерттейді. Ал тарихи сөзжасам – этимон
түбірлердің дамуын зерттейді. Сөзжасамға диа-
хронды тұрғыда зерттеу жүргізген ғалым – Анар
Салқынбай. Анар Салқынбайдың авторлығымен
1999 жылы «Тарихи сөзжасам. Семантикалық
аспект» деген дессертациясында тарихи сөзжасам
мәселелерінің теориялық қисындары талданып, сөз
жасаудың тәсілдері сөз етіледі. Оның тарихи дамуы
көне түркі тілдері деректері негізінде айқындалады.
Сөзжасам жүйесінің зерттелуі, нысаны талданып,
сөзжасамның семантикалық табиғаты сөз етіледі. Сөз
семантикасының қалыптасу ерекшеліктері талданып,
номинация мен сөзжасамның арақатынасы, тарихи
сөзжасам жүйесіндегі танымның рөлі көрсетіледі.
Абдирасилова Гүлмира Қалыбайқызының «Қазіргі
қазақ тіліндегі сөздердің аналитикалық тәсіл арқылы
жасалуы» тақырыбындағы филология ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған
диссертациясында түркі тілдеріндегі сөзжасам
тәсілдерінің зерттелуіне тоқталады. Түркологиялық
еңбектерде сөзжасам жеке сала ретінде танылған жоқ.
Әйтсе де, Г.Қ. Абдирасилова сөзжасамның дербес
сала болып бөлінуінің негізі түрколог ғалымдардың
еңбектерінде екендігін баса айтады. Бұл пікірін Ә.Қ.
Құрышжанов пен Р.Қайырбаеваның еңбектеріне
сүйене отырып, «Түркі тілдерінің сөзжасам мәселесін
алғаш көтерген, түркі тілдерінің алғашқы граммати-
касы мен сөздігін жасаған «Диуани-лұғат-ат-түрк»
сөздігінің авторы Махмуд Қашқари деуге болады», –
деп нақтылай түседі[8, 14].
Б.Қасымның «Күрделі зат атауларының мағыналық
құрылымы және сөзжасамдық үлгілері» монография-
сы, Ж.Отарбекованың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам
проблемалары жайында» атты көмекщі құралы,
Құрманәлиев «» еңбегі, Б.Р. Есімсейітов «Қазіргі
қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер», Н.Қоқышева
және Г.П.Шаһарман «Қазақ тіліндегі сан есімдерден
жасалған туындылардың мағыналық ерекшеліктері»,
Ж.Сарбалаев «Сөзжасам мәселелері», Қ.Құрманәлиев
«Қазақ тіліндегі ұя проблемаларының ғылыми-
теорилық негіздері», Н.Илиясова «Қазіргі қазақ
тіліндегі атаулық тіркестер», С.Исаевтың «Сөзжасам
және оның тіл білімінен алатын орны», М.Атабаева
«Аналитикалық сөзжасам – диалектілік сөзжасамды
байытудың бір көзі», Н. Есенова «Сөзжасамдық тарам
мәселесінің сипаттамасы», Г.Мамаева зерттеу жұмысы,
Л.К.Жаналинаның қазақ-орыс сөзжасамының жа-
салу ерекшеліктерін қарастырған ғылыми зерттеу
жұмыстары қазақ тілі сөзжасамының теориялық,
практикалық негізінің әбден қалыптасып, дербес
ғылым саласы ретінде ғылыми айналымға кеңінен
енуіне үлкен үлес қосты.
Жоғарыда айтылған зерттеулерді саралай келе, қазақ
тіл біліміндегі сөзжасам саласының зерттелуін үш
кезеңге бөліп қарастырғанды дұрыс көреміз:
Бірінші кезең – қазақ тілі сөзжасамының
қосымшалары мен күрделі сөздері туралы айтылған
алғашқы пікірлердің жариялануы. 1920-1950 жылдар
аралығын қамтиды;
Екінші кезең – 1950-1980 жылдар аралығын
қамтитын бұл кезеңде сөзжасамның морфология-
дан бөлініп, дербес ғылым саласы ретінде айқындау
қажеттілігі туды;
Үшінші кезең – 1980 жылдардан қазіргі кезеңге
дейінгі жылдар. Бұл кезеңде қазақ тілі сөзжасамының
зерттеу нысаны, теориялық негіздері, сөзжасам жүйесі
жан-жақты зерттеліп, дербес сала ретінде танылды.
Сөзжасам мәселелері ғалымдардың ғылыми зерт-
теу жұмысының нақты нысанына айналды. Соның
нәтижесінде диссертациялық жұмыстар қорғалды,
монографиялар жазылды.
Қорытындылай келе, қазақ тілі сөзжасамы дербес
ғылым саласы ретінде бертінде ғана ғылыми айналымға
енгенімен, біраз зерттеулердің нысанына айналып,
біршама ғылыми еңбектер жазылды. Ғалымдардың
зерттеу еңбектері қазақ тілі сөзжасамының жеке
ғылым саласы ретінде қалыптасып, ғылыми
айналымға енуіне өзіндік септігін тигізді. Қазақ
тіл біліміне дербес сала ретінде еніп қана қоймай,
жоғары оқу орны студенттеріне жеке пән ретінде
63
оқытудың қажеттілін тудырды. Бұл еңбектердің бәрін
бір мақалада талдап шығу мүмкін болмағандықтан,
біз кейбір іргелі жұмыстарға ғана шолу жасадық. Бұл
ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстары сөзжасам
саласының көне құбылыс, оның өзіндік қалыптасу
тарихы, ішкі заңдылықтары мен тілдік бірліктері
бар екенін айқындады. Десе де, ғалым А. Салқынбай
зерттеу еңбегінде көрсеткеніндей, сөзжасам саласын
когнитивтік аспектіде қарастырып, таным феномені
ретінде танып, ономасиологиялық аспектіде зерттеудің
маңызы зор. Сондықтан да сөзжасамды жаңа аспектіде
зерттеп, ғылыми айналымға енгізу – біздер, жас
ізденушілердің еншісінде.
Достарыңызбен бөлісу: |