1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


KAYNAKÇA H.F.GÖZLER, Örnekleriyle Türkçe ve Edebiyat Bilgileri,  s.303  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКшЕЛІГІ



Pdf көрінісі
бет46/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

KAYNAKÇA
H.F.GÖZLER, Örnekleriyle Türkçe ve Edebiyat Bilgileri, 
s.303
 «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКшЕЛІГІ
Тұрмахан.Г.Ә. 
– 
ҚазМемҚызПУ магистранты
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д.,проф.м.а. 
Тымболова А.О.
Түйіндеме.
Бұл мақалада көне түркі жазбаларындағы «Мәңгі Ел» концептісінің құндылықтары шағын 
көрсетілген. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы-ата-бабаларымыздың арманы. Оны нақты ету-
әрбір қазақстандықтың мақсаты. Өйткені, біз-тәуелсіздік жылдары еліміздің болашағы үшін негіз болған негізгі 
құндылықтарды қалыптастырған біртұтас халықпыз. Бірақ өткенсіз болашақ жоқ. Бұл жерде мен Президенттің 
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты отырыста айтқан сөздерін атап өткім келеді: " Біздің 
қасиетті жеріміздің тарихы бірнеше мыңжылдықтарды есімізге түсіреді. Ол Еуразияның өткен және қазіргі 
өркениеттерінің гүлденуіне өзінің бірегей ою-өрнегімен өрілген. Тілдік және мәдени мириадалармен біз бау-
ырластарымыз – түркі халықтарымен байланыстамыз. Ұлы Түркі Елі - біздің ортақ ата-бабаларымыз бен батыр-
ларымыз, ортақ рухани байлығымыз. Бұл біздің ортақ ұлы мұрамыз".
Тірек сөздер: «Мәңгі Ел», көне түркі жазбалары, ұлттық идея, ел болашағы, еркіндік. 


57
Аннотация:В этой статье коротко указана значимость концепта "Вечная страна" в древнетюрксиx письменныx 
памятникаx. Общенациональная патриотическая идея «Мәңгілік Ел» – мечта наших предков, становящаяся ре-
альностью. Сделать ее действительностью – цель каждого казахстанца. Ведь мы – единый народ, за годы своей 
независимости сформировавший основные ценности, которые стали фундаментом для будущего страны. Но 
будущего нет без прошлого. Хочется здесь процитировать слова, сказанные Президентом на торжественном за-
седании, посвященном 550-летию Казахского ханства: «Мы воздаем должное памяти и деяниям наших предков, 
помня о том, что история нашей священной земли насчитывает несколько тысячелетий. Она вплетена своим 
уникальным орнаментом в соцветье минувших и нынешних цивилизаций Евразии. Мириадами языковых и 
культурных уз мы связаны с нашими братьями – тюркскими народами. Великий Тюркский Эль – это наша об-
щая прародина с общими предками и героями, общими духовными богатствами. Это наше совместное великое 
наследие».
Ключевые слова: «Вечная страна», древнетюркские письменные памятники, национальная идея, будущее 
страны, свобода.
Аbstract: This article briefly states the significance of the concept "Mangi El" in the ancient Turkic written monuments. 
The national Patriotic idea "Mangilik El" is a dream of our ancestors, becoming a reality. To make it a reality is the goal 
of every citizen of Kazakhstan. After all, we are a single nation that has formed the basic values that have become the 
Foundation for the future of the country during the years of its independence. But there is no future without a past. I 
would like to quote here the words spoken by the President at the ceremonial meeting dedicated to the 550th anniversary 
of the Kazakh khanate: "We pay tribute to the memory and deeds of our ancestors, remembering that the history of our 
sacred land has several millennia. It is skillfully woven with its unique ornament in the inflorescence of past and present 
civilizations of Eurasia. Myriads of linguistic and cultural ties we are connected with our brothers – Turkic peoples. The 
Great Turkic People is our common ancestral home with common ancestors and heroes, common spiritual riches. This 
is our great heritage together." 
Key words: «Mangi El», ancient Turkic inscriptions, national idea, future of country, freedom. 
Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын мекен-
деген адамзат баласының ең озық өркениетке жет-
кен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тари-
хы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақстан 
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 
жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жол-
дауында: «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл біздің Мәңгілік 
Ел, лайықты, әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы 
қазағымыздың ортақ шаңырағының ұлттық идеясы. 
Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы... Ендігі ұрпақ 
– Мәңгілік Қазақтың Перзенті. 
Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы-Мәңгілік Ел!
Жаңа Қазақстандық партиотизм дегеніміздің өзі - 
Мәңгілік Ел! 
VI-IX ғасыр түркілерінің асқақ рухы мен өр намы-
сын, еркіндік пен тәуелсіздікті мақсат тұтқан мұқалмас 
жігерін сипаттайтын, Түркі Елі босағасының беріктігі 
мен жасампаздығын сақтаудың маңызды тетігі- «Мәңгі 
Ел идеясының бүгінгі Қазақ Елінің ұлттық мұратына, 
ел экономикасын дамытудың рухани мәніне айналуы 
жалпытүркілік сана жаңғырысының, ұлттық мүдденің 
даралық сипатының көрінісі. 
«Мәңгілік Ел» идеясының тұғырын бекітудің 
лингвистикалық негіздерін бірнеше бағыттағы 
түркологиялық зерттеулер құрайды: 
1. VI-X ғасыр түркілерінің «Мәңгі Ел» идеясының 
мән-маңызын түсіндіру мақсатында көне түркі жаз-
ба ескерткіштері тілін терең зерттеп, бабалар тілінде 
сақталған жалпытүркілік рухани мәдениетті, «түркілік 
рух» пен «түркілік патриотизмді» сипаттайтын тілдік 
бірліктердің этномәдени мазмұнын аша отырып,
қазіргі түркі тілдеріндегі көрінісін анықтау;
2. XI-XV орта түркі жазба мұралары тілін, XVI-
XVIII ғасырлардағы ескі түркі тілдерін құрылымдық, 
антропоөзектік тұрғыдан жан-жақты зерделеу; орта 
ғасыр түркілері тілі мен қазіргі түркі тілдерін салы-
стыра талдап, ортақ рухани бастаулар мен жекелеген 
түркі халықтарына тән дара руханияттың жігін ажыра-
ту; 
Қазақ тілінің қалыптасу, даму тарихын, қазіргі 
күйін, қалыбын жүйелі түрде сипаттайтын, тілдің 
деңгейлік салаларын толық қамтитын қазақ тілінің 
тарихы грамматикасын дайындау; қазақ тілінің түркі 
тілдері жүйесіндегі тарихи орнын анықтап алу болып 
табылады. 
VII-IX ғасырдағы жазба мұралардың ең басты 
құндылығы - көне түркілердің асқақ рухы мен өр на-
мысын, еркіндік пен тәуелсіздікті мақсат тұтақан 
мықты жігерін, «Мәңгі Ел» болуды армандаған ұлы 
мұратын сипаттайтын мазмұнында. Міне, Мәңгілік 
ел идеясының тарихы осы көне түркілердің жазба 
ескерткіштерінен бастау алған.
«Мәңгі 
ел» – арғы бабаларымыздың ұлы интеллектуалдық 
серпілісі. Күрделі тарихи үдерістердің өтінде отырған 
Түркі Елі босағасының беріктігі мен жасампаздығын 
сақтаудың маңызды тетігі ретінде «Мәңгі Ел» идея-
сын Türk budunu «Түрік халқының» санасына сіңіруге 
ерекше басымдық бергені Орхон ескерткіштері 
мәтіндерінен айқын көрініс тапқан: 
Ol jirgerü barsar, türk budun öltečisi sen. Ötüken kir 
olurïp, arqïš-tirkiš, nen bunuy joq. Ötüken jiš olursar, bengü 
el tuta olurtačisen,türk budun toq. Яғни, «Өтікен жерінде 
отырып, керуен жіберіп отырсаң, онда мұңың жоқ. 
Өтікен қойнауында отырсаң, мәңгі ел тұтып отырар 
ең сен», делінген ескерткіште. Осы тектес қағидатты 
Білге қаған, Теркін мәтінінен де оқимыз. Мұндағы 
Өтікен – түркілердің астанасындай қасиетті жері. 
Байырғы түркілер өз мемлекетінің астанасын ерекше 
құрметтегенін әсте кездейсоқтыққа балауға болмайды. 
Ол – мемлекетшіл сана мен рухтың ажырағысыз серігі. 


58
Көне түркілердің «Мәңгі Ел» идеясының ұрпақтан-
ұрпаққа үздіксіз ұласып келе жатқанын орта ғасыр 
түркі мұраларының мазмұнынан да аңғаруға болады. 
Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты бо-
луы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй 
дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің 
тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің 
ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде ай-
тылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, 
қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан 
қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан 
кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде 
ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл 
қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын 
бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да 
үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, 
бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы қазіргі Қазақстанның 
тәуелсіздік рухы және азаттық идеясымен үндесіп тұр.
Күлтегін жазуында «Мәңгі» сөзі бес рет қолданылған. 
Күлтегін жазуы былай дейді: «Нендей бір айтар сөзім 
болса, мәңгі тасқа бастым. Мұны көріп біліңдер, түрік 
халқы, бектері, бөдке (таққа) кіріптарсыңдар ғой, 
жұртыңмен бірге жаңылғышсыздар ғой сіздер». Бұл 
қағидаттан екі қорытынды шығаруға болады: бірі – 
билік пен билеуші мемлекеттің даму стратегиясын, 
ішкі және сыртқы саясатын анықтағанда қателікке 
жол бермеу керектігін, екіншісі – билік пен халық 
арасындағы ынтымақ, түсіністік мәңгіліктің кепілі 
екенін баса көрсету.
Сонымен қатар: «Мен мәңгітас тіктім (тұрғыздым). 
Табгач қағаннан бедізші келтірдім. Бедіз еттім. 
Менің сөзімді бұзбады». Демек, мәңгіліктің негізінде 
материалдық, геосаяси, әскери фактор ғана жатқан 
жоқ екен. Бұрмалаудан, әсірелеуден ада, ақиқатқа 
суғарылған тіл мен сөз, руханият пен идеология, 
тұжырым мен теория мәңгілікке жетелейтініне 
бабаларымыздың күмән-күдігі болмаған. 
Күлтегін жазуында сондай-ақ мынадай жолдар бар: 
«Көңілдегі сөзімді (бастырттым). Он-иелік ұрпағыңа, 
кірмелеріңе дейін бұны көріп біліңдер. Мәңгі тас 
тоқыттым». Бұл тұжырымның мәнісі, біздіңше, мы-
нада: ұрпақтар жалғастығы қаншалықты маңызды 
болса, этникалық, рухани, идеологиялық, тілдік, 
т.б.с.с. құндылықтардың сабақтастығы одан бір 
мысқал кем емес. Бұлар мәңгіге айналғанда халықтың 
ғұмыры ұзарады, әркімнің және баршаның бәсекеге 
қабілеттілігі шыңдалады. 
«Мәңгі Елге» қатысты аманатталған Күлтегіннің 
соңғы өсиеті: «Бұл киелі жер еді. Қазір де киелі жер. 
Осындай киелі жерге мәңгі тас тоқыттым, жаздырдым. 
Бұны көріңдер, осылайша біліңдер».
Тобықтай түйіні, байқағанымыздай , мемлекет үшін 
де, халық үшін де мәңгіліктің қасиетті көзі – жер де-
генге саяды. Жер – бұл табиғат, экономика, байлық, 
өмір салты, геосаясат, руханият. Осылай болған және 
бола да береді. XVIII ғасырда Қазақ хандығының ба-
сын қосып, айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, 
ақырған аюдай Ресейдің тырнағынан аман алып қалған 
Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идея-
сын жандандырушы және жалғастырушы тұлғаның 
ерлігі. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абы-
лай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның 
арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, 
Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «Мәңгілік 
ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен 
айтуға болады. Бүгінгі таңда бірлікті бетке ұстаған 
елдің идеологиясы да осы іспетті болмақ. 
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» дастанын-
да да мәңгілік елдіктің сарынын байқаймыз. Оның 
Наманған нұсқасында:
Кім билеуші?- билеу керек бұ жұртты, Сол жайды 
айтып, даналар сөз тұжыртты.
Айтар: амал, шартын тәртіп түзетер, Елбасы мен 
елдің жайын күзетер, 
Әдіс айтар мәңгі ел билеп 
жүретін, - дейді. (ҚБ 35(Баласағуни, 8). 
«Құтты білік» дастанында X-XI ғасырлардағы 
Жетісу жерінде тұрған тайпалардың салт-санасы, әдет-
ғұрыптары, наным-сенімдері көп жырланған. «Құтты 
білік» кейіпкерлерінің есімдері де бұрынғы тәңірілік 
дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Күн туды 
– әділ ел басшысының рәмізі. Жүсіп Баласағұнның 
басты кейіпкер қылып Күлтегінді көрсетуі түркі 
мәдениетін жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының 
қолдаушысы екендігін айқындайды. 
Ал, әлемге әйгілі ойшыл, философ Әл-Фараби өзінің
«Қайырымды қала тұрғындары» шығармасында 
бұл идеяның теориялық тұрғыдан тиянақталуын 
байқаймыз. Ұлы ғалым ежелгі грек философиясы мен 
шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра оты-
рып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының 
теориялық негіздемесін жасаған болатын. Ғалым 
«Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін 
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары 
туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», 
«Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. 
Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы 
қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек 
беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-
Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажы-
рамас бір бөлігін құрайды.
Мемлекет пен қоғамның кемелденуі тура-
лы 
әлеуметтік-саяси 
теориясында 
мемлекет 
басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін 
адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың 
негізгі механизмдері көрсетілді. Сондықтан, бұлардың 
бәрі қазіргі таңда түркітілдес мемлекеттердің ұлттық 
құндылықтары ретінде саналуы тиіс. Әл-Фараби 
мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы 
міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті 
ретінде мемлекеттің қайырымды қала тұрғындарын 
немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни 
күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі 
міндеті ретінде мемлекеттің өз халқының бақытқа 
жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек: олар 
— әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оларды керекті 
ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, 
қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа 
жеткізетін әдеттерді бойға сіңіру. Қалған мәселелердің 
бәрі – экономикалық және саяси мәселелер – негізгі 
міндетке бағынады, яғни адамдардың бақытқа жетуі 
олардың рухани жетілуіне тәуелді.
Көне түркі жазба ескерткіштері тілінен көрініс 


59
тапқан бұл «Мәңгі Ел» идеясын қазіргі түркітілдес 
мемлекеттердің ұлттық идеясына, ұлттық тәрбиенің 
өзегіне айналдыру түркі дүниесінің ынтымақтастығы 
мен ықпалдастығына қызмет ететін, жаһандану 
үдерісіне түркілік болмыс-бітімімен араласа ала-
тын ұрпақ қалыптастырумен сабақтасып жатқан 
өзекті мәселе. «Мәңгілік Ел» идеясы - әлемдік 
өркениеттегі Түркі өркениетінің орнын бағамдауға, 
Түркі дүниесінің жасампаздығын қамтамасыз етуге 
бағытталған сара жол. Міне, көне түркі жазбалары-
нан қазіргі заманға дейін ұлттың мақсаты болып кел-
ген «Мәңгілік Ел» идеясы – болашақтың кілті. Бұл 
ұлттық идеяны ары қарай дамытып, өркендететін – ке-
лер ұрпақ! Ол ұрпақты болашақта еліміздің бірлігіне, 
қоғамның дамуына, мәдениеттің қалыптасуына, 
ұлтаралық, дінаралық сонымен қатар әлеуметтік 
топтараралық ықпалдастық пен ынтымақтастыққа 
өзінің біліктілігімен үлес қоса алатын; түркілік 
өркениет өкілдерінің өзара ықпалдастығы мен 
ынтымақтастығын, өшпес асыл тарихи жәдігерлеріміз
яғни рухани-мәдени мұраларымыздың мәселелерге 
байланысты жағдайларды мақсатына қарай анықтай 
алатын түркі әлеміне қатысты ғылыми мәселелерді 
теориялық тұрғыдан негіздеуге және шешуге, ғылыми 
жаңашылдыққа негізделген өзіндік ой-пікірі мен 
тұжырымдарын дәлелді жеткізе білуге қабілетті, әрі 
кәсіби, мәдени деңгейі жоғары санаттағы білікті ма-
ман даярлау еліміздің ұлттық мұраты – «Мәңгілік Ел» 
идеясының үздіксіз дамуын қамтамасыз етудің басты 
тетігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет