Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет106/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

ортақшыл /коммунист/, пішіндеме 
/геометрия/, жан жүйесі /психология/
т.т. сөздердің қазақылығын сынға ала 
отырып, ол жалпыға ортақ халықаралық терминдерді екінші тілге аударып 
әуре болудың қажеті жоқ деп түйеді; мұндағы қателіктердің көбі 
аударылмайтын дүниені аударудан, жалпыға ортақ сөздерді қазақшалаудан 
жатады дегенді меңзейді және мұндағы қателіктің негізгі себебі терминді 
емес, терминге телінген лексикалық мағынаны аударудан болып жататынын 
түсіндіреді. Дәл осыған ұқсас әрекеттен біз күні бүгінге дейін арыла алмай 
келе жатқандығымызды ойласақ, Қ.Жұбановтың бұл пікірінің өміршеңдігін 
аңғарамыз.
Профессордың қазақ терминдерін жасауға тірек-негіз болған нәрсе не 
екенін әңгімелейтін тұстары аса маңызды. Ол екі нәрсенің басын ашып 
айтады. Оның бірі – көп ұлтты кеңес елінің бәріне ортақ халықаралық сипат 
алған терминдерді сол қалпында қабылдау болса, екіншісі – қазақ тілінің
ішкі мүмкіндігі арқылы жасалған терминдерді дұрыс қолдану. Ол термин 
жасалу үдерісінде осы екі қағидаттың қатаң сақталуын талап етеді. Әртүрлі 
ағым, түсінік өрши-өрбіген өткен ғасырдың 30-жылдарының басында мұндай 
кесімді пікір айту батылдықпен бара-бар болатын. Әсіресе, 
грамматиканы 
«тіл танытқыш», теорияны «қисын», базисті «түптірек», варваризмді 


160 
«қотырсөз», стилистиканы «тіл қисыны», циркульді «жезбе» 
деп алып, 
лексиканы
«сөз кенін тексеру ғылымына» айналдырушылар қарасы көбейіп 
тұрған тұста туған мұндай батылдыққа тәнті болмай тұра алмаймыз. 
Міне осыдан былай қарай қазақ жазуында сәл де болса жүйелілік пен 
сауаттылық негізі қалана бастады. Себебі бұл қағидаттар Қ.Жұбановтың 
ойдан шығарған туындысы ғана емес, қазақ терминдерін жасауға себеп 
болған негіздерден құралған заңды жалғастық болатын. Сөйтіп терминжасам 
қағидатында ұстанатын негіз қаланды, халықаралық терминдер мен төл 
терминдерді іске жаратудың, дұрыс жазудың бірыңғай жүйесі жасалды. 
Термин сөздерге жалғануға тиісті қосымшаларды, әсіресе орыс тілінен енген 
қосымшаларды қолданудың тәртібі қалыптасты. Мұны сауаттылық 
қарекетімізді өзгеше сапаға көтерген саналы әрекеттің бірі ретінде бағалауға 
тиіспіз.
Қ.Жұбанов терминология мәселесін қарастыруда жоғарыда сөз болған 
бірер мақаламен ғана шектеліп қалмаған. Қазақ тілінің қандай бір 
проблемасын сөз етпесін, ол әрдайым терминология мәселесін назарында 
ұстайды. Әсіресе әліпби мен орфография мәселесін тексергенде, пікіріне 
термин сөздер табиғатын тірек етіп, бұларды байланыстыра біріне-бірін 
ұштастыра қарайды. Мәселен, оның жоғарыда көрсетілген орфография 
мәселесіне арналған екі мақаласының екеуі де терминологияға тікелей 
қатысты. Мұнда ол латын жазуына негізделген қазақ емлесінің кемшілігіне 
байланысты аяқ алып жүруге болмайтын қателерге талдау жасайды. Әсіресе, 
орыс және интернационалдық терминдерді жазу барысында бой көрсеткен 
былықтардың сан түрін көрсетеді. 
Panetijke, revolutsija, gymija
тәрізді 
терминдердің жазылуындағы өрескелдіктерді талдай келе, бұлардың өріс алу 
себептерін іздестірді. Оның себебін табады да. Сөйтіп одан құтылудың, оны 
болдырмаудың жолын қарастырады.
Аталған еңбектердегі өрбітілген ойлар мен қағидаға бергісіз 
тұжырымдар Қ.Жұбановтың тілдің табиғи тыныс-тіршілігін, өріс-өзегін 
мейлінше терең сезінген дарынды лингвист, білгір терминолог ғалым екенін 
дәлелдейді. Мұның құндылығының тағы бір себебі – терминология 
мәселесінің ғылыми тұрғыда тұңғыш сөз болуында. Осыдан былай қарай 
қазақ терминологиясы, үздік-создық болса да, ғылыми зерттеу объектісіне 
айналды деп айта аламыз. Соның бастауында тұрған Қ.Жұбановтың 
терминология саласындағы бұл еңбектерін қарастыру арқылы біз қазақ 
тілінің терминологиялық жүйесінің жасалу, даму, қалыптасу іздерін, 
жолдарын, тарихын дұрыс түсініп, дұрыс бағалай білеміз деп түюге болады.
XX ғасырдың басы қазақ тіл білімінің ерекше даму кезеңі 
болды.Профессор Қ.Қ.Жұбановтың лингвистикалық мұрасын сан қырынан 
алып қарастырған кезде, оның ерекше назар аударатын бір саласы 
лингвистика терминологиясы болып саналады. А.Байтұрсынұлы қазақ тілі 
мен әдебиеті терминдерін жасап, қалыптастырушы болса, оны ғылыми 
объектіге айналдырған Қ.Жұбанов болды. Яғни қазақ лингвистикасында 
терминология 
ғылымын 
жасап, 
оны 
қалыптастыру 
бағытындағы 


161 
Қ.Жұбановтың ізденістерін өз ішінде екі топқа бөліп қарауға болады: Оның 
бірі – ғалымның А.Байтұрсынұлы енгізген терминдерді өзгертпестен 
қабылдауы немесе оны жетілдіріп, дамытуы болса, екіншісі – Қ.Жұбановтың 
өз үлесіне ғана тиісті терминдер болды. 
Лингвистикалық терминдерді қолданудағы жоғарғы талапшылдық, 
қолданылатын терминнің өзі белгілейтін категориялар мен құрылымдарды 
дәл ашып көрсетуі, лингвистикалық терминдердегі уәжділік, таңдап алынған 
терминнің қысқа, қолданысқа оңтайлы болып келуі –осының барлығы 
профессор Қ.Жұбанов пайдаланған лингвистикалық терминологияға тән 
қасиеттер. Біз бұл еңбекте ғалымның өз пайымдауынан шыққан, өз 
қаламынан туған терминдерге тоқталмақпыз. 
Профессор 
Қ.Жұбановтың 
қолданған 
терминдік 
аппаратына 
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев былайша баға береді: «Алғыр ойлы қазақ 
білімпазы Құдайберген қазақ тіл білімін зерттеймін деп жүріп, ғылым 
тереңінде жатқан асыл ойды түптен тартып жарыққа шығарғаны айқын. 
Оның қолданған термині де орынды. Біз осы күні 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет