«Мен өткен, осы және келер шақтамын» жаттығуы Өзіңді өткен, осы және келер шақта қалай көресің, елестете отырып суретін, сал.
Талдау: Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?
Келешекте өзіңді кім деп елестетесің?
Сенде қандай қасиеттер пайда болады?
Сен өзіңе не тілер едің?
Балалар бір-біріне доп лақтыра «Мен бірде» деген сөз тіркесін қоса отырып,
өзіңнің қандай да бір жетістігін айтады. Мысалы, «Мен бірде денешынықтыру
сабағында барлығынан да тез жүгіріп, бірінші болып келдім».
«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы Бұл жаттығуды жасау үшін 3-4 рет терең тыныс алып, көзімізді жұмамыз.
Өміріңдегі өзіңді жұлдыздай сезінген сәтті есіне түсір. Бұл қандай оқиға еді? Жан
дүниең қандай сезімдере толы болды? Қасында сол сәтте кім болды? Саған арнап
ұнамды сөздер айтты ма? Сонда не айтты? Қандай оқиға есіңізге түсіп тұр? Есіңе
түсіріп болсаң, басыңды изеп, жайлап көзіңді аш. Барлығыңның да еске
түсетіндей кезеңдерің болды ма?
Енді біз түрлі-түсті қағаздан үлкен-үлкен жұлдыздарды ойып аламыз да,
оның ішіне өміріміздегі сол бір кездегі жетістікке жеткен сәттерімізде мерейіміз
тасыған шақтарды сурет етіп саламыз. Сендердің суреттеріңде, саған өте
маңызды немесе сенің жетістікке жетуіңе көмектескен адамдар қатысуы мүмкін.
Барлық жұлдыздар жинақталып, ватман қағазына жапсырылады.
Талдау: Осы жаттығуды жасау барысында не сезіңдің?
Жетістікке жету жағдайын еске түсіру қиынға соқтыма?
Күнделікті өмірінде жағымды және жағымсыз нәрселерді есіңе түсіресің бе?