22
Сабақтың рефлексиясы
Менің бұл сабақтан алған тәлімім...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені...
Жаттығудың аяқталуы « Шеңбер бойынша қол алысу»
Жаттығудың қорытындысы
№8 Тақырып: «Өтініш және менің оған деген қарым-қатынасым»
Мақсаты:
• өтініш жасалған жағдайда қатысушылардың әлеуметтік дадыларын дамыту;
• бақылау және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
• вербальды және нақты қарым-қатынас
жасауды дамыту;
Бүгін біз дұрыс өтініш жасау дағдыларын қалыптастырамыз,
өтініш
жасағанда өзара реніш жағдайын тудырмау үшін өз бұйымтайымызды қандай
күйде айтуымыз керектігі жайлы әңгімелесеміз.
Достарың, құрдастарың сенің өтінішіңе құлақ асуы үшін не істеу керек?
Бір
нәрсені сұрарда, бетімді қайтарып тастар ма екен деген күдік те болуы
мүмкін. Осындай оқиғалар сенің өміріңде болды ма?
Шындығында өтініш жасау деген оңай шаруа емес.
Сондықтан өтініш
жасарда адамның орынды қарым-қатынас жасауы өте маңызды. Жалынып,
сұрап, емініп, өзіңді кемсітіп: «Мен саған жалынамын, менімен ойнашы...»
десең, өтініш жасау қорланып тұрғандай болып ығады. Соншама сұрап тұрған
адам өзін міндетті сезінеді, ыңғайсыз жағдайға қалады.
Кейде біз өтініш
жасап тұрмыз деп ойлаймыз, ал шындығында бұйырамыз
немесе мәжбүр етеміз: «Әрі жылжы,
бұл менің орным, кәне мен осы жерге
отырайын...»
Өтініш жасаудың басқа түрлері бар. Басқа адамға өз өтінішіңнің өте маңызды
екендігін ізгі ниетпен, сабырлы күйде түсіндіруге болады. Бұл жағдайда ортақ тіл
тауып және иманжүзділікпен қатынас жасауға болады.
Қазір әрқайсыларың араларыңдағы біреуге өтініш жасайсыңдар. Ол өтінішті
қалай жасау керектігін
- талап ете, емін-еркін, баса-көктеп немесе сыпайы күйде
жасай ма оны өзі таңдайды. Ал өтініш жасалған адам өзінің сезімдеріне құлақ
түрсін. Яғни өзіне ұнаған өтінішті ғана орындайды
Достарыңызбен бөлісу: