№9 Тақырып: «Менің құқықтарым»
Мақсаты:
• балалардың құқық туралы түсінігін қалыптастыру;
• топ жұмысын балалардың өздерінің қорытындылауы.
Қаралатын құқықтар:
Өмір сүру құқығы.
Зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғану құқығы.
Оқу құқығы.
Баланың өзі сенім артатын ересек адамнан,сдәрігерден, полицейден, ұстаздан
көмек сұрау құқығы.
Төңірегіндегілердің сый-құрметіне бөлену құқығы.
«Жоқ» деген сөзді айту құқығы.
Басқа балалардың, басқа адамдардың да дәл осындай құқықтары.
«Біз және біздің құқықтарымыз» ұжымдық ойыны
Ең маңызды деген құқықтарыңды және өзіңді бейнелей отырып, бірлесіп сурет
салу.
Талдау:
• Бірлесіп жұмыс жасау жеңіл болды ма?
• өзіңді қандай күйде бейеледің?
• қандай құқықтарыңды ең маңызды деп есептейсің?
«
Мен саған ... тілеймін» жаттығуы
Қатысушылардың әрқайсысы параққа өздерініңі тілектерін жазып, бір-біріне
естелікке сыйлайды.
Балалар тілектермен алмасады.
Талдау:
• Қандай тілек алдың?
• Не қуанышты: тілек жазу ма әлде алу ма?
• Бір-бірімізге ең маңызды қандай тілектер тілей аламыз?
Достарыңызбен бөлісу: |