Педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырау синдромының алдын алу
бойынша «Эмоциялық шаршау – ретке келтіру» семинар-тренингтің
барысы
(үлгі: өзгертуге болады)
1. Сергіту (10 мин.)
«Картинка» жаттығуы
Мақсаты:
басыбайлықтан босану, ұйымдасу, педагогтардың ресми түрде емес
қарым-қатынасы
Материалдар мен жабдықтар:
ескі журналдардан қиылып алынған әртүрлі
эмоциялық жүктемедегі картинкалар.
Нұсқау:
Кариналардың арасынан көңіл-күйіңізді, дүниені сезінуіңізді,
нанымыңызды білдіретін немесе сізге тек қана ұнайтын бір немесе бірнеше
картинаны таңдап алыңыз. Неге осы картиналарды таңдағаныңыз туралы айтып
беріңіз. (Мұғалімдер өздерінің таңдауын айтып береді).
Күтілетін нәтиже:
педагогтар эмоциялы қысымнан босаңсиды, ұйымшылдау
болып, топтық шоғырланады.
Достарыңызбен бөлісу: |