Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу



Pdf көрінісі
бет41/54
Дата27.04.2022
өлшемі1,16 Mb.
#141113
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жаттығулар жасау 
«Сапқа тұру» жаттығуы 
Қатысушылар сан түзеп, екі-екіден бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 
Жүргізушінің міндеті – саптың арасынан өтіп кетіу. Жүргізуше рөлінде топ 
мүшелерінің барлығы болғаны жөн. 
«Мен кіммін?» жаттығуы 
Жүргізушілер қатысушыларға ойша мынадай сұрақ қоюларын ұсынады: «Мен 
кіммін?» Осы сұраққа жауап беруші, алдын ала әзірленген суреттер мен 
қиындылардан коллаж құрастырады. 
«Тұлғаның толеранттылығы және интолеранттылығы» жаттығуы 
Интолерантты адам 
– айналасындағы ақиқаттың арасында өзін жағымсыз 
сезінетін, билікке ие болғысы келетін, салт-дәстүр мен қарама-қарсы 
көзқарастарды қабылдағысы келмейтін тұлға. Интолерантты тұлғалар дүниені 
екіге бөледі: қараға және аққа. Олар үшін аралық түстер жоқ және бәрі жақсы 
және жаман болып екіге бөлінеді. 
Толерантты адам
– өзін-өзі жақсы біледі, қоршаған ортасында өзін жайлы 
сезінеді, басқалардың жағдайын жақсы түсінеді, үнемі өзгелерден көмегін 
аямайтын, басқа да салт-дәстүр мен мәдениетке игі ниетпен қарайтын түұлға. 
Енді мына сөздерді екі бағанға бөліп-бөліп жазу керек, бірінші бағанға 
толерантты 
адамның, 
екіншісіне 
интолерантты 
адамның 
қасиеттері 
толтырылады: шыдамдылық, әзіл-ысқақ сезімімен, түсінбеушілік, басқаларың 
ой-пікірін құрметтеу, менсінбеу, өзімшілдік, мейірімділік, өзін-өзі ұстай алу
шыдамсыздық, қалай болса солай қараушылық, ашушаңдық, әңгімелесушісінің 
сөзін тыңдау, селқостық, түсіну және қабылдау, білуге құмарлық, адамгершілік 
(гуманизм). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет