Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу



Pdf көрінісі
бет48/54
Дата27.04.2022
өлшемі1,16 Mb.
#141113
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
Байланысты:
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Күтілетін нәтиже:
педагогтардың эмоциялық қысымдарының бәсеңдеуі 
(әдеттегідей, бұл жаттығу өте көңілді өтеді), педагогтардың өзіндік бағаларын 
көтеру. 
 
«Бақыт калошы» жаттғуы
(10 мин.) 
Мақсаты:
 
педагогтардың позитивті ойлауын дамыту.
Міндеттері:
өзін-өзі тану дағдыларын дамыту, дүниені позитивті тану 
дағдыларын қалыптастыру, позитивті МЕН-концепциясын дамыту, эмоциялық 
өзін-өзі реттеудің дағдыларын дамыту.
Материалдар мен жабдықтар:
 
«бақыт калошы» (ойын элементтері: әдетте 
үлкен размерлі, көңілді дизайнмен жасалған қарапайым резина калош), 
жағдайлар жазылған карточкалар, рефлексті кубиктер (2, 3 қосымшаны қараңыз).
Нұсқау:
 
«Бақыт калошы» деген ойынды ойнауды сіздерге ұсынамын. Бұл 
ертегідегі сиқырлы әйелге туылған күніне бақыт калошын сыйға тартыпты. Ал 
ол калошты адамдар бақыттырақ болсын деп соларға беруді жөн көріпті. Осы 
калошты киген адам ең бақытты жан болыпты. Калош оның кез келген тілегін 


31 
орындапты, ол басқа уақытқа немесе басқа дәуірге де өте алатын болыпты. 
Сонымен, мен сіздерге осы калошты киіп ең бақытты адам болуларыңызды 
қалаймын. Мен сонымен бірге әртүрлі ситуацияларды оқимын, сіздің міндетіңіз 
– осы калошты кие отырып, сізге ұсынылған ситуациялардың позитивті жағын 
тауып алу. Басқаша айтатын болсақ, ситуацияға бақытты оптимист-адамның 
көзқарасы бойынша қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет