ертегілерді естеріне түсіреді, қайта оқиды, ондағы ойын элементтерін
іздестіреді, жинайды.
Осылайша, жоба тақырыптарын түрліше құрастыруға болады,
оны оқыту мақсаттарына қалай анықтау мұғалімнің шығармашылығы мен
кәсібилігін қажет етеді.
Жоба нәтижелері міндетті түрде көзбен көріп, қолмен ұстайтын
болуы тиіс, атап айтқанда, бейнефильм, альбом, компьютерлік газета,
журнал, баяндама, т.б.
Жобалау жұмысын ұйымдастыру үшін, ең алдымен мұғалімдерді
даярлау қажет, өйткені жоба әдісін сабақта пайдалану үшін оны мұғалім өзі
жете меңгеруі керек. Жобалау әдісі – бірінен соң бірі орындалатын қатаң
алгоритмде болмауы да мүмкін.Оны орындау барысында жүйеліліктің ғана
сақталуы қажет. Мысалы, бір бұйым жасау мақсатындағы жобаны алсақ,
оның логикалық жүйесі сол бұйымға қажеттікті зерттеуден – оны дайындау,
сынақтан өткізу, бағалау кезеңдерінен тұрады. Осылайша, теориялық
жобаның да логикалық жүйесі құрылып, сол бойынша жұмыс жасалады.
Оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырған жағдайда олардың
бұдан бұрын алған пәндік білімдері оқу – тәжірибелік міндеттерді шешу
құралына айналады, білім беру нәтижелерін анықтауда оқушылардың
жастары мен деңгейлері ескеріліп, әр сатыда әр түрлі болады. Сонымен
қатар, әр оқушының өзіндік білім алу траекториясын жеке жасай білуі білім
беру нәтижелерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Бұл сапалар жобалаудағы
коммуникацияға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: