Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет189/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

жалпы сипаттамалары
бар екені байқалады. 
Біріншіден, балалардың ұсынатын идеялары бұрын болмаған немесе 
болған, бірақ оны жаңаша құру, өздеріне өте қажет өнім жасау ұсыныстары 
болуы; 
Екіншіден, идеяның ұжымдық болуы, яғни, ол бірнеше баланың 
қатыстыратын, біріктіретін іс болуы (бірақ жеке балаға да тән болуы 
мүмкін); 


Үшіншіден, қатысушылардың өзара қарым – қатынасы идеяның, түпкі 
ойды жүзеге асыру әрекеттерінің айналасында шоғырланып, олар жаңа өнім 
алу, не қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін әр адамның міндеттерін 
анықтап, бөлісіп алады; 
Бұлардың барлығы да пайда болған идея, не түпкі ойды жүзеге асыруға 
арналған арнайы әрекеттер жасалмаса, идеядан айырылып қалуы да мүмкін. 
Кейбір жағдайда бір идеяны орындамай, келесі идеяға қызығып, соған көшіп 
кетуі де ғажап емес. 
Идеяның жүзеге асырылмауы – оқушылардың түпкі ойды ұзақ уақыт 
ұстап тұруға шамасы келмейтіні болуынан дей аламыз. Мысалы, 
идеяны іске асыру барысында кездесетін техникалық қиындықтар 
оқушылардың ынтасын басуы, сонымен қатар, сол істен көңілдерін 
қалдыруы да мүмкін.
Әсіресе мектепке дейінгі жастағы, кіші мектеп жасындағы оқушылар 
жобасы орындалмаса оның ешкімге қажеті жоқ іспен айналысқандық немесе 
уақыт жоғалтқандық деп түсінбейді. Олардың пайымдауынша, ойласқан 
идеяның жүзеге асырылмауы мүмкін емес, тіпті олар өз қолдарынан 
келмейтін іс болмайды деп санайды. Әрине, кіші мектеп жасындағылардың 
көптеген жобалары орындаусыз қалып та жатады, бірақ біз үшін олардың 
орындалуына үлкендер күш салуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет