Біріншіден,
белгілі бір проблеманы тек жалаң алгоритмге негіздеп,
автоматты түрде жоба арқылы шешуге бағыттау оқушылардың
шығармашылығын дамытуға, оқу мотивациясын арттыруға, өз бетімен білім
алуға, өзін өзі дамытуға ықпал етпейді;
Екіншіден,
жобалау әдісі – оқушыларды дамытуға бағытталған бірден
бір әдіс деген догматизм де дұрыс емес, өйткені, әр оқушының жеке бас
ерекшеліктерін ескеру, жекелеген тұрғыдан қарастыру бұл әдісті
пайдалануда міндетті түрде қажет болады. Сондықтан, жобалау әдісінің
нәтижелілігін, тиімділігін арттыру үшін мұғалімдерді дидактикалық және
әдістемелік тұрғыдан алдын – ал даярлаудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |