(ресурстардың жобаның барлық кезеңдері үшін қажетттілікке қарай бөлінуі,
бірін - бірі толықтырып отыруы) принциптерін сақтауға мүмкіндік береді.
SWOT- талдаудың нәтижелі болуы төмендегі ережелердің сақталуына
тығыз байланысты:
1.
Әрбір SWOT- талдау шектеулі, берілген нысанға ғана қатысты
жүргізілуі тиіс, сонда ғана талдау дәл жасалады.
2.
SWOT- тың элементерін нақты ажырату қажет, өйткені оның
мықты және әлсіз жақтары ұйымның ішкі сапалары, яғни, оны
қадағалауға, реттеуге болады. Ал мүмкіндіктері
және қауіпті
жақтары сыртқы ортаға қатысты болғандықтан оған ықпал етуге
болмайды, сондықтан оны ескеру қажет.
Мықты және әлсіз жақтары салыстырмалы көрсеткіштерге жатады
және олардың түрі өте көп болуы мүмкін. Соған орай, жобалау мақсатына,
нәтижелік өлшемдеріне қатысты сапалар маңыздылығы бойынша іріктелгені
жөн(кесте 3).
Талдауға қатысты ақпараттар шынайы және арнайы зерттеу
қорытындыларына сүйеніп қана жасалуы керек,
сонда ғана жобалау
нәтижелі болады.
Кесте 3 − SWOT - әдісімен талдау
Ішкі
Жобалау нысанына тікелей қатысты
элементтерді сипаттау
Мықты жақтары
Әлсіз жақтары
Сыртқы
Ортаға қатысты мысалы,
құқықтық,
қоғамдық
-
саяси,
ресурстық,
т.б.
факторларды
сипаттау
Мүмкіндіктері
Қауіпті жақтары
SWOT - әдісі өзінің тұжырымдалық тұрғыдан арнайы дайындықты
қажет етпейтін қарапайымдылығынан оны қолдану тиімділігімен қатар,
негізгі түсініктері дұрыс анықталмаса, теріс ақпараттар қолданылса пайдасыз
құралға айнала да алады.
Жобалау білім саласының көлемді бөлігін талдау негізінде үлкен
институционалдық өзгерістерді көздесе, PEST- талдаулар жасалады. Ол төрт
құрамдас элементтен тұрады: P –
саясатқа қатынасты талдаулар, E –
экономикалық жағдайына қатысты талдаулар, S – қоғам дамуына және адам
ресурстарының жағдайларына қатысты талдаулар және T– нақты нысанға
қойылатын технологиялық өлшемдерге сәйкестігін талдау.
PEST-талдаудың принциптері:
-
Жүйелілік – әрбір элемент басқаларымен тығыз байланыста
қарастырылады, өйткені, бір фактордағы өзгерістер міндетті түрде
келесі фактордың өзгеруіне әкеледі.
-
Шынайылық – жобалау нысанының сыртқы орта талаптарына
сәйкестігі.
-
Проблеманы белгілеу және мақсат қою. Талдаулар негізінде
қайшылықтар анықталса, соған сай өзгерістерді жүзеге
асыру
мақсатын қоюға кірісу қажет.
Сөйтіп, бастапқы кезеңде атқарылатын жұмыстар: жобалау
объектісінің қазіргі жағдайын талдау; диагностикалау, бағалау; орын алып
отырған қайшылықтар мен кемшіліктерді анықтау; осы бағыттағы ғылыми –
зерттеулерді талдау; проблеманы теориялық негіздеу; жобаны ресурстармен
қамтамасыз ету(кесте 4). Бұл кезеңнің нәтижесі – жобалаудың қажеттігін
анықтау, оны ақпараттық –материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, тиісті
жағдайлар туғызу.
Кесте 4 – Жобалаудың логикалық құрылымы
Жобаның
компоненттері
Объективті
көрсеткіштер,
негіздемелер
Сыртқы
жағдайлары,
алғы шарттары
Проблеманы анықтау:
Жобаны
орындауға
қажеттік неліктен пайда
болды?
Неліктен
бұл
проблеманы
шешу
маңызды болып отыр?
Проблеманың
шын
мәнінде бар екенін, оны
шешуге
болатынын
қандай қосымша ақпарат
көздері көрсете алады?
Мақсат қою:
Жобалаудағы
іс
әрекеттер
қандай
мақсатты
орындауға
бағытталған?
Ол
берілген
проблеманы
шешуге
қаншалықты
байланысты?
Мақсатқа қол жеткізген
жағдайда кімдер ұтады?
Жобалауда
орындалатын әрекеттер
қалыптасқан жағдайды
қалай өзгертеді?
Мақсаттың
орындалғанын
қандай
құралдармен тексеруге
болады?
Тексерушілер жобаның
мақсатын
орындаудың
маңызын неден көре
алады?
Жобаның
мақсатқа
бағытталғанын өлшеуге
болатын
мәліметтер
жинау
қарастырылған
ба?
Достарыңызбен бөлісу: