ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
5-дәріс: Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мазмұны мен
құрылымы. Жобалау әрекетінің логикасы және ұйымдастыру кезеңдері.
5.1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мазмұны мен
құрылымы
5.2. Жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру логикасы
5.1. Педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мазмұны мен
құрылымы.
Бүгінгі білім беру жүйесінің қоғамдағы орны мен ролі, құндылықтық
бағдарының өзгеруіне байланысты түрлі деңгейлерде педагогикалық
жобалау нысандары ретінде жаңа білім беру нәтижелерін қалыптастыруды,
білім беру үрдісін жаңартуды, тәрбиелік шараларды ұйымдастыруды алуға
болады.
Жобалауды ұйымдастырушыларға көптеген жаңа бағыттардың ішінен
болашақта нәтижелі өзгерістерді қамтамасыз ететін инновациялық
(инвестициялық, дамытушылық, зерттеушілік) жобаларды таңдай білу, оның
өзектілігі мен қажеттігін негіздей білу, жобаланатын өзгерістерді шын
мәнінде тәжірибеде жүзеге асырылатынын болжау және бар мүмкіндіктерді
бағалай білу керек. Сонымен қатар, оның сипаттамасын, рәсімдеуін, тиісті
құжаттарын дайындау жолдары мен төмендегі алгоритмін терең меңгеру аса
қажет.
Педагогикалық жобалауды білім беру ұйымының мақсатты – бағдарлы
дамуын қамтамасыз ететін бағдарлама және жоба ретінде ұйымдастырудың
құрылымы төмендегі жобалау компоненттерінен тұрады (сурет 7):
Сурет 7 – Жобалау құрылымы мен компонентері
Берілген құрылымға сай білім беру ұйымдарының өзгерістерін
қамтамасыз ететін инновациялық бағыттар таңдау үшін идеялар
жинақталып, түпкі ниет (мақсат-міндеттер, күтілетін нәтижелер)
Идея, түпкі ниет (мақсат-
міндеттер, күтілетін
нәтижелер)
Міндеттердің орындалу нәтижелері
(мақсатқа сәйкестік)
Жобаны жүзеге асыру
(жолдары, құралдары)
Болашақ
көрінісі
Миссиясы
Мақсаты
Стратегиясы
Тактикасы
Іс әрекеттер,
ережелер
Құрылым
Нәтижелер
айқындалды. Одан кейін, нақты жоба таңдалып, оны жобаны жүзеге асыру
(жолдары, құралдары) белгіленеді, жоба жүзеге асырылғаннан кейін алынған
нәтижелердің алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкестігі
бағаланады.
Педагогикалық жобалау – инновациялық процесс. Ол өзгеріске
қажеттілікті анықтаудан өзгерістерді жүзеге асыруға дейінгі нақты
кезеңдерден өтеді. (сурет 8):
Нені өзгерту керек?
Неліктен өзгерту керек?
Ол үшін не істеледі?
Ол қалай істеледі?
Оған нелер қажет
болады?
Іс - әрекет жоспары
Не
күтіледі?
Сурет 8– Дамыту жобасының мазмұндық құрылымы
Жобаның мазмұндық құрылымын төмендегі бөліктер құрады:
1.
Қалыптасқан жағдайға сипаттама беру, бұл –
жоба алды талдау
;
2.
Болашақта күтілетін нәтижеге сипаттама беру,
бұл
–
жобаның
тұжырымдамасы;
3.
Қалыптасқан жағдайдан күтілетін жағдайға өтудің стратегиясы
мен тактикасы,
бұл
–
инновациялық үрдістің моделі, ресурстары,
құралдары
.
Жобалау құрылымы жаңалықтарды қалыптастыру, тарату және
қолдану сияқты кезеңдерден тұрады, соған байланысты білім беру
ұйымдарында төмендегі жұмыстар жүргізілді: әрбір ұжымдағы өзгерістерге
қажеттіктерін анықтау; ұжымның өз ортасында алатын орны, білім беру
сапасы, педагогтар деңгейі, ұжымның жетістіктері туралы мәліметтер
жинақтау және қалыптасқан жағдайды талдау; проблемаларды алдын-ала
талдау, өзгерістерді қажет ететін бағыттарды таңдау; иннвациялық
өзгерістер ендіру туралы шешімді қабылдау; жаңалықты сыннан өткізу және
ендіру; қажетіне қарай тәжірибеде бекіту, институализациялау ( лат. –
орнықтыру) немесе жаңалықты үнемі қолдану, нәтижесінде ол күнделікті
тәжірибенің элементіне айналады.
Жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік компоненттердің өзара
қатынастары мен жүйенің өзіндік дамыту ресурстарын
мақсаттық -
бағдарлы жобалар
арқылы педагогикалық жүйені дамытудың күтілетін
нәтижелер қамтамасыз етіледі.
Инновациялық үрдістерді жобалау білім беру жүйесіндегі жаңа
бағыттарды, институционалдық өзгерістерді ендіруде теориялық және
практикалық жағынан құндылық болып табылады.
Жобалау негізінде педагогикалық ұжымның төмендегі өзгерістері
қамтамасыз етіледі:
1.
Педагогикалық
ұжымның
инновациялық
мүмкіндігін
дамытылып, нәтижелі білім беруге жағдайлар жасалады.
2.
Педагогикалық қарым – қатынастар қайта құрылып,
субъектілердің мүмкіндіктерін дамыту және субъектаралық
қатынастар жүзеге асырылады.
3.
Педагогикалық ұжымды дамыту бағдарламасы жасалып, әр
құрылымның жаңа міндеттері нақтыланады;
4.
Педагогикалық ортаның дәстүрлі құндылықтарының тиімділерін
сақтай отырып, қоғам талабына сай өзгерген жаңа сапасы
қалыптастырылады;
Инновациялық өзгерістерді жобалауда төмендегі талаптар ескерілу
қажет, олар:
Жобаның күтілетін нәтижелері алдын ала белгіленеді;
Жобаның тиімділігі мен оны жүзеге асыруға жұмсалатын
ресурстар алдын ала сәйкестендіріледі;
Жобалау барысындағы тәуекел жағдайлар алдын ала ескеріледі;
Ұжымда жаңа құрылымдар жасалу мүмкіндігі қарастырылады.
Жобалауды ұйымдастыру барысында ұжымдық жұмыстардың
дәстүрден тыс әдістері қажет болуы мүмкін, олар
:
желілік басқару
дағдыларын меңгеру; шығармашылық белсенділікті қолдау; командалық
бірлестіктер құру, т.б
.
Мақсатты жобаларға тән белгілер:
–
жобаның матрицалық құрылымы;
–
жұмыс барысының уақытшалық сипаты;
–
шешуін қажет ететін проблемалардың негізінен интегративтік
болуы;
–
ұжымды
дамытудың
синергиялық,
желілік
түрде
ұйымдастырылуы;
–
проблемалардың негізінен стандарттық қалыптан өзгеше болуы.
Педагогикалық проблемалардың негізінен стандарттық қалыптан
өзгеше деңгейде шешілуі жобаның инновациялық деңгейін көрсетеді.
Жобаның неғұрлым инновациялық деңгейде болуы, оны орындаушылардың
құрамы басқа ұйымдардан бөлек, тәуелсіз команда болуын, көздеген
нәтижеге жету үшін олардың жауапкершіліктерінің де жоғары болуын,
сонымен қатар, оған жауап беретін жетекшінің де жоба шеңберінде билік ету
құзіреттіліктерінің де жоғары болуын талап етеді.
Жобалау жаңа педагогикалық қарым қатынастарды, оқытудың жаңа
мазмұны мен технологияларын, ойлау және қызмет етудегі жаңа әрекеттерді
тудырады. Жобалау негізіне білім беру процесіндегі субъектілердің жаңа
қарым –қатынас түрлері, білімнің жаңа мазмұны, жаңа білім беру
технологиялары,
т.б.
алынады.Жобалау
барысындағы
өзгерістерге
қажеттіліктің туындауы мен ендірілген жаңалықтың институализациялауға
дейінгі кезеңдердің жиынтығы бір жобалық циклды қалыптастырады.
Жоба жетекшілері мен құрастырушылар жобалауды алдында
төмендегі
құрылым
бойынша
даярлық
жұмыстарын
жүргізулері
(жобалаушы тарапынан) қажет:
Жобалау қандай ниетпен, не үшін жүзеге асырылуы тиіс?
Күтілетін нәтиже кім үшін және қаншалықты маңызды?
Қай жерде, қайда жүзеге асырылады?
Кім оны жүзеге асырады?
Жүзеге асыру жолдары қандай?
Қандай мерзімде жүзеге асырылады?
Қандай ресурстар мен қаржы қажет болады?
Егер жобалық ұсыныс белгілі бір ниетпен қаржы бөлуді қолға алған
инвестор, немесе, грант беруші үшін дайындалып жатса, онда қаржының
қалай жұмсалатыны мен күтілетін нәтиже нақты көрсетіледі. Сонымен қатар,
жобалық ұсыныс даярлау арқылы басқарушылар мен ұйымдастырушылар
қаржылық және басқа да ресурстардың мүмкіндігін дәл бағалауға, соған
сәйкес ұйымды дамыту бағыттары мен жолдарын анықтай алады.
Жобаның негізгі бөлімдері:
Аталуы;
Түйіндемесі;
Кіріспе бөлімі (жағдайды талдау, проблема қою);
Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары мен кезеңдері;
Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр кезеңнің
нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру;
Жобаның жалпы нәтижесі мен өміршеңдігін бағалау;
Жоспарланған бюджеті.
Аталуы.
Жобаның аты оның мазмұнын, мақсаты мен ниетін, негізгі
идеясын барынша айқын білдіретіндей болғаны жөн. Жобаның аталуынан
оны кім, нені және қалай жүзеге асыратыны көрініп тұруы тиіс. Сонымен
қатар, жобаның атында ешқандай артық сөз де болмағаны орынды. Жобаның
аталуына көңіл аудару аса маңызды, өйткені оның нақты болуы және
мақсатқа сай болуы жобаға қажетті адамдардың назарын аудара алады.
Түйіндемесі.
Бұл жобалар үшін де, немесе жобалық ұсыныстар үшін де
міндетті бөлім, өйткені, онда жобаның атауы нақтыланады, мәні
түсіндіріледі. Түйіндеме қысқа, айқын және нақты болуы тиіс, ол әдетте
жазбаша мәтіннің «мұқабасы» сипатында беріледі. Онда авторлар туралы
мәлімет, жобаның мақсат
-
міндеттері, қажет болса, қаржылану көздері
беріледі.
Кіріспе бөлімі: жағдайды талдау, проблема қою.
Бұл бөлімде жобалау
нысаны туралы жалпы баяндаудан бастап, жұмыстың орындалатын әрбір
нақты қадамдары төмендегі ретпен көрсетіледі:
Алғашқы қадам. Жағдайды талдау негізінде проблема нақтыланып,
оны шешудің қажеттігі негізделеді. Ұйым үшін
өзекті болып табылатын
проблеманы айқындау
арқылы оны шешудің нақты жолдары көрсетіледі,
сонымен қатар, олар қоғамдық
-
тарихи, ұлттық, жергілікті ерекшеліктер
мен талаптарға сәйкес болуы міндетті.
Екінші қадам. Жағдайды талдау мен проблема қою арқылы
жобаның
мақсат – міндеттері
нақтыланады, ресурстарға баға беріледі. Оларға
әдетте, адам ресурстары, қаржылық, материалдық, әкімшілік, қоғамдық, т.б.
жатқызылады.
Үшінші қадам. Бұл қалыптасқан жағдайға сай проблеманы шешу
жолдарын, мақсат
Достарыңызбен бөлісу: |