белгілеп алу маңызды. Стандарттық ситуацияларда қызметкерлерден
жаңашылдық пен бастамашылдық талап етілмейтін болса, қалыптан тыс
жағдайлар жобаны орындаушылардың ерекше қасиеттерін қажет етеді.
Мысалы, олардың қатарына төмендегі құзіреттіліктерді жатқызуға болады:
–
қалыптан тыс ойлау дағдылары;
–
тәуекел жағдайларда, шешімі белгісіз проблемалармен жұмыс
жасай алу қабілеттері;
–
командада жұмыс жасау білетін;
–
өзгерістерге бейімділігі бар.
Жоба жетекшісі де осыған сәйкес қасиеттерге ие болуы шарт, олардың
қатарына:
–
лидерлік және харизматикалық қасиеттер;
–
команданы іске жұмылдыра алатын, олардың қабілеттерін
дамыта алатын, адамдардің өзіне және бір–біріне өзара
сенімділік жағдайын тудыра алатын;
–
маман ретіндегі құзіреттілігі ғана емес, коммуникативтік
қабілеттері де жоғары болуы жатады.
Басқару үрдісінің тағы бір маңызды кезеңі –жоспарлау да қатаң
сипатта емес, индикаторлық сипатта орындалады. Индикаторлық сипат үш
деңгейлі сценарий бойынша жасалады, олар: жоғары деңгейде, орташа
деңгейде, мүмкін деңгей, немесе, өте төмен деңгейде, – осылардың
әрқайсысының нәтиже, уақыт, шығын көрсеткіштері белгіленеді. Осындай
жағдайда жасалатын жоспар мақсатты – бағдарлы жобалар үшін икемді
болып келеді.
Төменде жобалау үрдісінің үздіксіз циклын құрайтын алгоритмі
беріліп отыр:
1)
Жобалаудың басталуы педагогикалық жүйелердегі әлеуметтік –
мәдени ситуациялар талаптарына сәйкессіздіктері анықталған
әрекет нормаларын өзгерту, қайта жаңғырту мақсатын көздейтін
ұйымның өзіндік сұранысынан, немесе сыртқы
Достарыңызбен бөлісу: