Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


-дәріс. Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы



Pdf көрінісі
бет101/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

 
6-дәріс. Педагогикалық жобалауды жүзеге асыру логикасы. 
 
ХХ ғасырдың аяғына қарай ғалымдар білім беру жүйесіндегі 
проблемаларды анықтап, олардың пайда болуы мен шығу жолдарын 
қарастыра бастады.


Педагогикалық ұйымдарды дамытуда синергетикалық заңдылыққа сай 
факторлардың бірі – оның өзін - өзі басқара алушылығы, яғни,
педагогикалық жүйенің өзінде оның тұтастығын, қызмет етуін, жетілдірілуі 
мен дамуын қамтамасыз ететін тетіктер мен басқару факторларының болуы.
Жоғарыда айтылғандай, жүйе құрамындағы қызметтік және субъектілік 
компоненттердің өзара қатынастары мен жүйенің өзін өзі дамыту 
ресурстарын тиімді ұйымдастырудың тиімді механизмі
 
жобалау болып 
табылады. 
Жобалаудың басты ерекшелігі – оның объектіні дамытуға 
бағытталуы,
«жобалау белгілі бір объектіні жаңа түрге айналдырып, оны 
қайта жаңғырту қызметін атқарады»
.
 
Педагогикалық жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын 
әлеуметтік жүйелердің ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым,
өйткені, жобалау қызметі негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен 
қатар, қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық салалардағы оң 
өзгерістерді жүзеге асыруға болады. Педагогика тарихында орын алған сан 
алуан жобалар білім берудің мазмұнын ғана емес, оның институционалдық, 
технологиялық, ресурстық жақтарын, сондай -ақ, педагогтарды дамытуды да 
қамтығаны белгілі. Педагогикалық жобалаудың қайта жаңғыртушылық 
деңгейлерін төмендегідей көрсетуге болады: 
Стратегиялық деңгей
, бұл мемлекет деңгейіндегі білім беру жүйесінің 
өзгерістерін қамтиды, оның нәтижелерінің тиімділігін тарихи уақыт 
өлшемімен ғана бағалауға болады. 
Институционалдық деңгей
, белгілі бір білім беру ұйымдары, басқару 
құрылымдары, немесе, белгілі бір білім беру жүйесіндегі салалық 
өзгерістерді қарастырады. Оның тиімділігі институционалық деңгейде 
көзделген мақсаттың орындалуынан көрінеді. 
Технологиялық деңгей
, оның нысандары болып білім беру үдерісіне 
ықпал ететін әдістер мен тәсілдер алынады. Олардың тиімділігі белгілі бір 
нақты іс - әрекеттер жүзеге асырылысымен - ақ көрінуі мүмкін. 
«Жобалау» деген ұғымның өзі оның басқару қызметіне тән екендігін 
анықтайды, оның алға қарай қозғалыс бағытын білдіретін мәні, сонымен 
қатар, мақсатқа сай жүріп өтуге тиіс аралықты анықтайтын, алдын ала 
болжай алу қызметі. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі –
әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігі мақсатты «алға қоймастан» бұрын 
белгіленетіні. Сондықтан, 
жобалау – қайта құру туралы ойға алынған ниет 
пен оны құрастыруды, орындауды, нәтижелері мен салдарларын біртұтас 
етіп біріктіру қызметі
.
Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі болашақпен 
тығыз байланысты маңызды құрылым болғандықтан оның қызметі мен 
мазмұны әлеуметтік үдерістердегі
өзгерістерді басқаруға
ықпал етеді.Соған 
орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру, технологияландыру, 
жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық дамуды жүзеге асырудың басты 
бір 
жолы ретінде жобалау түрінде орындалуы
тиіс. Басқару әрекеттерін
ұйымдастыруда жобалаудың инструменталдық қызметі айқын көрінеді. 


Жобалаудың басқа да басқару құралдарынан айырмашылығын анықтау үшін 
оның білім беру саласында қоладылатын терминдеріне тоқталамыз:
«Жоспарлау».
Ол әрекеттің перспективасын белгілейтіндіктен, бір 
жағынан, жобалауға ұқсайды, жоспарда іс әрекеттер уақытқа қатысты 
құрылымданады, жауапты орындаушылары, есеп беру түрлері көрсетіледі. 
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының жоспары жобаның 
құрамдас бөлігі де, немесе, басқару қызметінің өз алдына бөлек құралы 
ретінде де бола алады. Ал, стратагиялық жоспарлар уақытпен шектеліп
қоймай, онда болашақта қол жеткізілетін нәтижелер мен оның белгілі бір 
сипаттамалары беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет