Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет103/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

франц. ressource – қосымша құрал
), 
қаржылар, құндылықтар, мүмкіндіктер және бюджеттің кіріс бөлігі. 
Ресурстар экономикалық (материалдық, қаржылық); әкімшілік (құқықтық, 


биліктік); психологиялық (интеллектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық); 
табиғат (климаттық) және басқалар болып бөлінеді. Белгілі бір әрекетті 
орындауда пайдалануға болатын нәрселердің барлығы да ресурстарға 
жатқызылады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауға қажетті ресурстары 
қатарында білімдік, ақпараттық, материалдық-техникалық, қаржылық және 
адам ресурстары жатқызылады. Осыған сәйкес кез деңгейдегі 
педагогикалық жүйе аталған ресурстардың біріне жауап беретін, басқаратын 
белгілі бір бөлімшелер, немесе бөлімдерден құралады.
Қалыптасқан тәжірибеде жоғары оқу орнының проректорлары оқу 
және әдістеме жұмыстары, ғылыми - зерттеу жұмыстары, тәрбие беру және 
жастар ісі бағыттарындағы салалардың қызметі үшін, кадр бөлімі 
профессорлық 

оқытушылық 
құрамдағы, 
басқару 

әкімшілік 
қызметкерлерден тұратын адам ресурстары үшін, есеп бөлімі қаржылық-
экономикалық ресурстар үшін, шаруашылық бөлімі материалдық-
техникалық ресурстар үшін жауап береді. Осыған ұқсас тәртіп мектептер 
мен орта кәсіби оқу орындарында да қалыптасып, мектеп директордың 
орынбасарларының, бөлім басшыларының әрқайсысы жауап беретін 
салалары белгіленген. Олардың әрқайсысының құзырлылығы өз саласы үшін 
жауапкершілікпен ғана шектеледі, олар өз жоспарларына сәйкес өз 
ресурстарын дамыта отырып, бір-бірімен қатар, көлденең түрдегі қарым 
қатынаста қызмет етеді.
Бұл жағдайда жүйе басшысының (ректор, директор, т.б.) міндеті – 
барлық бөлімдердің өз бағытында қызмет етуіне қолайлы жағдайлар жасау. 
Сонымен қатар, ол ортақ мақсатты орындау қажет болғанда барлық 
құрылымдық бөлімдердің қызметін бір - бірімен байланыстыру арқылы 
ұйымдастырады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың осы 
классикалық сипатында
берілген ортақ мақсатты орындауға қажетті барлық ресурстарды жүйені 
басқарушы тікелей өзі ұйымдастырып, сала басшыларының атқаратын 
міндеттерін бөліп береді, ресурстардың жұмсалуын өзі қадағалайды. 
Төмендегі 9-суретте осы жағдайдың көрінісі бейнеленген. 


 
Сурет 9 – Педагогикалық жүйелерді басқарудың классикалық 
сипаты
Енді осы мәселеге басқарудағы жобалау қызметін ұйымдастыру 
тұрғысынан келетін болсақ, бұл құрылым өзінің мәні жағынан дәстүрді 
басқарудың құрылымдық–қызметтік иерархиясына қарама– қарсы тұрғанын 
көруге болады.
Төменедгі 10-суреттен көрініп тұрғандай, ресурстар легі жүйені 
басқарушының айналасына емес, нақты мақсатқа қарай бағытталып, сол 
нүктеге шоғырландырылған. Бұдан жобалау қызметінің барлық ресурстар 
легі мен олардың қозғалыс бағыты күтілетін нәтиже – мақсатқа қатысты 
анықталатын 
басқарудың ерекше қызметі
екенін анықтауға болады.
Осы 
өзгеріп отыратын мақсаттар нүктесі
белгіленген мақсатты 
жүзеге асыруға барлық ресурстарды жоспарлы түрде белгілі бір тәртіппен 
жұмылдырылады. Жүйені басқаушының міндеті – мақсаттарды ұйым 
мүшелерімен бірге нақтылай отырып, оны жүзеге асыруға жүйенің барлық 
компоненттерін жұмылдыру, оларды ресурстармен жеткіліктілік және 
қажеттілік принциптері негізінде қамтамасыз ету. 
Мақсат 
Жүйені 
басқарушы 
Р 
Е 
С 
У 
Р 
С 
Т 
А 
Р 
Сала басшылары, 
қызметкерлер 
Сала 1 
Сала 2
Сала 3 


 
Сурет 10 – Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау қызметі 
Айта кету керек, басқару теориясы туралы еңбектердің көпшілігі 
классикалық басқару жағдайында түрлі ресурстармен қызмет ететін 
бөлімдердің өзара қатынасы проблемасына арналған, солай бола тұра, бүгінгі 
күні осы түрлі міндеттер атқаратын бөлімдердің қызметін, өзара байланысын
тиімді ұйымдастыру проблемасын шешу жолдары көптеген зерттеушілер 
үшін өзекті мәселе болып қалуда. Біздің ойымызша, аталған проблеманы 
шешу жолдарының бірі – осы жобалау қызметін ұйымдастыру.
Жобалау арқылы педагогикалық жүйелерді дамыту іс -әрекеттері 
белгіленгеннен кейінгі мәселе –
жобалау ресурстары мен оны 
ұйымдастыру,
оған жататындар: 
− жобалау кезеңдерін анықтау (дайындық кезеңі, жүзеге асыруды 
бастау, жұмыс барысын бекіту, келісімдер жасау кезеңі, жобалау барысының 
кезеңдерін бақылау, қорытындылау, т.б.); 
− жалпы кететін уақытты бағалау; 
− адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету; 
− жұмыс кестелерін жасау; 
− тәуекелді жоспарлау мен резервтерін даярлау 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, материалдық және қаржылық 
ресурстар қаншалықты маңызды болғанымен, 
ең басты ресурстар адамдар 
және оларды ұйымдастыру
болады. Жобалау қызметін ұйымдастыру, оны 
жүзеге асыру адамдар тобын, шағын топтарды – командаларды құру арқылы 
ғана орындалады. К. Фоппель «Команда. Кеңес беру және ұйымдардағы 
тренингтер» еңбегінде команда туралы «ортақ міндеттерді шешетін және 
өзара бірін бірі толықтыратын сапалар мен қасиеттерге ие пікірлес 
Мақсат, 
күтілетін 
нәтиже 
Р 
Е 
С 
У 
Р 
С 
Т 
А 
Р 
жеткіліктілік 
принциптері 
қажеттілік
принциптері
Басқарудағы 
жобалау
қызметі
Жүйені 
басқарушы
Жүйенің 
компоненттері 


адамдардың шағын тобы. Олар өздері жауап беретін жұмыстарының мақсаты 
мен стратегияларын өздері бірлесіп құрастырады» деп анықтаған.
Командалардың өзге адамдар тобынан айырмашылығын төмендегідей 
көрсетуге болады: 
− олар келісіп істеуді және басқаруды қажет ететін нақты мақсатты 
шешу үшін құрылады; 
− олар қажет жағдайда жеңіске жету үшін құрылады; 
− команда мүшелерінің қызметі өзара алдын ала бөлінеді; 
− шағын топтар құрамы негізінен уақытша сипатта болады; 
− қандай басқару стилі болса да шағын топтар иерархиялық 
құрылымда болады.
Осылайша, бір жағынан, 
жобалау қызметі
басқарудың құралы 
болады, келесі жағынан, жобалаудың өзі басқаруды қажет етеді. Осы 
тұрғыда жобалаудағы ұйымдастырушылар, немесе басқарушылардың
құзыреттілігі туралы проблема пайда болады.
Білім берудің жаңа нәтижелерін қамтамасыз ететін педагогикалық 
жүйелерді басқарудың аталған проблемаларын шешу оның құрылымдары 
мен компоненттерін қамтитын ұйымдастырушылық өзгерістер жүргізуді 
қажет етеді. Бұл өзгерістер мәні белгілі бір жүйені күтілетін жүйеге 
сәйкестендіру үшін: 1) іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін өзгерту; 
2) оны күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру; 
3) іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге өту процесін жоспарлау; 4) шешімді 
жүзеге асыру - логикасында жүзеге асырылады. 
Жаңа қоғамда адамның өз әрекетін ұйымдастыра алуы оның табысты 
өмір сүруіне қажетті өзіндік ресурсы болып саналады, ол дамыған сайын 
адамның тәжірибесіне еніп, өзін - өзі сарқылмас капиталға айналдыратын 
өмірдің басты мазмұнына айналады. Сондықтан, субъектінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет