Педагогикалық жобалаудың жүзеге асу кезеңі.
Мақсаты:
педагогикалық жобалаудың жүзеге асу кезеңдері туралы біртұтас
түсінік қалыптастыру.
Кілттік сөздер
: тьютор, ұзақ мерзімді жоба, супервайзер, жобадан кейінгі
және рефлексивті кезеңдер.
Жоспар:
1.
Жобалау пәнінің құрылу және қайта жасалу логикасы.
2.
Оқу жоспарыбойынша даярланған көрсетілімнің ерекшеліктері.
3.
Рефлексивті және жобадан кейінгі кезеңдер.
Жобалау пәнінің құрылу және қайта жасалу логикасы.
Егер жоба алдындағы кезеңдерде керекті процедуралар өз жөнінде өтсе, әр
қатысушы алдына қойған міндетіне сәйкес әрекетін жүзеге асыруға саналы
түрде кірісе алады. Мұнда негізгі жобалау кезеңіне қойылған жалпы
талаптарға мән беру керек.
Алдымен әр жобалық қадам бола алмайды. Ол жобалау пәнінің құрылу
және қайта құру логикасымен анықталады және жоспар бойынша белгілі-бір
қатысушы жауапкершілік алатын нақты міндетпен сәцйкес болып келеді.
Жобаның кез-келген сәтінде оның әрбір қатысушысы қай уақытта не істеу
керектігін, болжанған нәтижесі қандай болуы мүмкін екендігін айқын көре
білуі керек. Бұл нәтижелер жалпы жоба Тұжырымдамасында қандай рөл
ойнайды. Жобалық іс-әрекеттің ерекшелігі мынада, әр міндет жүзеге
асырылып, кері нәтиже алынған жағдайда ғана қатысушылар арасында
жобаның ары қарай даму мүмкіндігі пайда болады.
Жоба қатысушысы қиын тапсырма орындау барысында көмек пен қолдауды
кімнен және қандай түрде ала алатынын көре білуі керек. Бір нұсқасы бұл
пән мұғалімі бола алады,бір жағдайда тьютор, ғылыми немесе техникалық
кеңес беруші болады. Үшінші жағдайда - ақпараттық іздеу базаларына
немесе оқу мәліметтеріне назар аудару қажет; төртіншіден өмірлік және
кәсіби тәжірибесі бар жақын адамдардың көмегін қолдану керек.
Кері байланыс жүйесін барлық жобалау кезеңдерінде орнату және қолдау
міндетті болып табылады.
Бұл қатысушылардың өз іс-әрекетіне сыни қатынас жасауына, арнайы
рәсімдер мен амалдар көмегімен болып жатқан жағдайды бақылау қабілетіне,
жобалауға эксперттер мен бақылаушылардың қатысу формасын өңдеуге
алып келеді. Мысалы, 1990 ж Ресейдің әр аймақтарын біріктірген білім беру
жүйесіне кеңес берушілер дайындау бойынша ұзақ мерзімді жоба бірнеше
есеп берулер, график бойынша өтетін мәселелі семинарларды алдын ала
қарастырды. Мұнда алдын ала жобалау нәтижесін аналитиктер мен
сараптамашылардың қатысуымен жан жақты талқылауға салынды.
Оқу жобаларының ағымдағы сыртқы аналитикасы мен сараптамасын пән
мұғалімдері мен қатарласқан жоба топ өкілдері жүргізе алады, ал ішкі кері
байланыс бір топ мүшелері аралығында жүзеге асады.
Алынған нәтижелерге нақты объективті бағалау болуы керек. Осының
негізінде егер әр жобалау қадамында оның табысты екені немесе
критерийлері алдын алынған болса. Жинақталған ақпараттар жобалау үшін
пайдасы қаншалық екенін, топ мүшелерінің міндеттерді шешуге қаншалықты
көмектестінін қалай білуге болады. Ол үшін келесілер айқын болуы қажет:
•
Ақпарат ауқымы қаншалықты оптималды болуы керек;
•
Қандай ақпарат көздері қолданылуы мүмкін;
•
Ақпараттың шынайылығын қалай қамтамасыз ету керек;
•
Ол қай деңгейде талданған және т.б.
Бұл жағдайда аралық нәтижеге белгілі бір ережелер мен шаралар енгізген
дұрыс. Мәтінге беттің параметрлері, шрифт типі, пробелдер талап етіледі.
Жобалау кезеңінде өнімді сынақтан өту процедурасы міндетті болып
табылады. Бұл кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, педагогикалық
жоғары оқу орындарында студенттердің жобалаған сабақ сценарийін жүзеге
асыруда әр-түрлі мектептерде әртүрлі сыныптарда қолдану.
Оқу жоспарын презентациялаудың ерекшеліктері. Жобаның соңғы өнімін
көрсету әлеуметтік маңызы бар акт болып табылады, сондықтан оған үлкен
мән берілу қажет. Оған қатысушылардың көлемін кеңейту: эксперттер,
достар, әріптестер, өнімді қолданушылар, БАҚ, жобаға болашақта
қатысушылар. Оқу жобасын презентациялау жағдайында оған жоғарғы оқу
орындарының өкілдерін, ғалымдар, методистер, ата-аналар, аттестациялық
комиссия мүшелерін қатыстыруға болады, себебі олардың бұл жетістіктерге
қызығушылығы жоғары болады.
Презентация әртүрлі субъектілердің алынған нәтижелерді алғышарттау
мақсатында болады. Соңғы нәтижеде қарама қайшылық туындамас үшін
жоба жетекшісі әр түрлі нәтижелерді үйлестіру үшін қатысушыларға қалай
көмек беруін алдын ала ойластыру қажет.
Өнімді презентациялау кезінде жоба құраушылардың қатысуы міндетті. Бұл
өте қиын сәт, себебі қатысушылардың ең жарқын типіне жауапкершілік
артады. Көп жағдайда жобаға үлесі анағұрлым аз тұлғалар болып табылады.
Сонымен қатар жобаға шығармашылықпен, өнімді іс-әрекетпен үлес қосқан
балалар мен ересектер бар, алайда олар жұртшылық алдына шыққысы
келмейді. Мұндағы педагог шеберлігі әр қатысушыға презентацияда өз
орнын тауып беру. Яғни, тұжырымдамалы ойлар мен қағидаларды
жобалаудың барлық кезеңінде жоспарлы біртұтас басқару.
Әр жоба үшін оның кезеңдерінің жүзеге асуы ерекше түрде болады. Француз
философы және әдебиетшісі Г.Башлер ойынша, материалды жоба
интеллектуалды жобаға қарағанда орындалу барысында ерекше құрылымға
ие болады.
Жобалауда қиял мен ерік синтезімен жұмыс жасалады. Кез-келген жобаны
жүзеге асыруда ұзақ уақытқа созылатын ерік күші қажет. Жобалауды
жоспарлау барысында-ақ оған қандай күш, қанша уақыт керктігі түсінікті
болады.
Мысал ретінде «Мектеп - құқықтық аймақ» жорбасы бойынша жоспар-сызба
жұмысының мазмұнын қарастырсақ.
1.
Әлеуметтік сауалнама «Сізді бәрінен бұрын қандай құқықтық
мәселелер мазалайды?».
2.
Қабырға тақтасын безендіру «Баланың мектептегі құқықтары».
3.
Семинар жұмысына қатысу «Жалпы білім беретін мекемелерде
бала құқығын қорғау бойынша құзырлық».
4.
Рубрикалар жұмыс мен безендіру: құрдастар арасындағы
қатынастарда толеранттылық мәселесі бойынша «сұраймыз - жауап
береміз».
5.
«Өзіңе өзің көмектес» акциясы. Балалар мен олардың ата-
аналарына қалалық психологиялық көмек беру орталығының сенім
телефонының жұмысымен танысу.
6.
Сынып сағаттарын жүргізу:
•
Агрессия, онымен қалай күресуге болады;
•
Бала құқықтары туралы конвенция;
•
Виктимология құқық бұзушылықтың құрбаны туралы ғылым;
•
Виктимді мінез-құлық.
7.
Адам құқығы Декларациясының қабылданған күнін дәстүрлі
тойлау: «Ашық микрофон».
8.
«Гимназияның мектеп өміріне қатысушылар ережесін» өңдеу
және қабылдау.
9.
Қатысушылардың
құқығымен
гимназияға
дайындығына
әлеуметтік сауалнама жүргізу.
10.
Жобаның мақсаты бойынша қатысушылар, ата-аналар және
мұғалімдер арасында түсіндіру жұмысын жүргізу.
11.
Құзырлықты таңдауды ұйымдастыру.
12.
«Жас құқықшылар» клубы жұмысын ұйымдастыру. Балалар
мен ересектердің біріккен отырысын жүргізу.
13.
Қатысушылардың
құқықтарымен,
міндеттерімен
және
жауапкершіліктерімен таныстыру.
14.
Әлеуметтік жобаны қорғау.
Жоба-график бойынша жұмыс атқару мерзімінен бөлек оларды дайындау
және анализдеу жүргізіледі.
Жобаны жүзеге асыру кезеңінен соң бастапқы ойды жүзеге асыру бойынша
тікелей жұмысты аяқтайтын рефлексивті кезең болады. Шынында жақсы
жоба болса, онда жобадан кейінгі кезең де болуы керек, ол жобаның
нәтижесін алғаннан соң белгілі болады.
3.Рефлексивті және жобадан кейінгі кезең. Аяқталу кезеңіндегі жұмыс екі
негізгі процедурамен жүзеге асады. Бұл экспертиза және рефлексия.
Рефлексия (латын тілінен reflexio – кейінге қару) – субъектінің ішкі
психикалық актілер мен күйін өзін өзі тану процесі. Рефлексия – бұл тек қана
тұлғаның өзін-өзі тану ғана емес, басқалар оның тұлғалық ерекшелігін
эмоционалды жай-күйін қалай біледі және түсінетінін анықтау болып
табылады. Рефлексивті үдерістер өзіндік сана мен іс-әрекет анализімен
байланысты, сонымен қатар тұлғааралық қарым-қатынас мәнін түсінумен
байланысты.
Жобаны қорытынды бағалау және экспертиза алынған өнімді болжаммен
сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді; қажет жағдайда өзгертулер енгізіп,
жобалық материалдарды қолдануға шешім қабылдау қажет. Жобаны бағалау
түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады:
•
Тәуелсіз сарапшылар көмегімен;
•
Белгілі өлшемдерге сәйкес жоба нәтижесін бағалау;
•
Жобалаудың мақсаты, түрі, жүзеге асу әдістерімен оның табысты
және жүйелі біріккен іс-әрекеті бойынша рефлексия барысында;
•
Белгілі-бір ережемен құрылған үдеріс ретінде жобалау бойынша
рефлексия барысында;
Рефлесивті кезең тек қана өнімді бағалау емес, сонымен қатар жобаның
адамдық нәтижесі де қарастырылады. Оны «Жоба сабақтары» деп атауға
блады, педагог оны дұрыс ұйымдастырса оған үлкен жүктеме түседі.
Рефлексияға жоба барысы және қатынас жүйесі жатады. Жобадан шығу
барысындағы рефлексия – бұл біріккен іс-әрекетте жинақталған тәжірибе
бойынша қатысушылардың бірін-біріне қатынасы. Қорытынды рефлексияда
жоба уақыты бір жүйеге келеді. Бұл өзіңді сырттай бақылау – «осында және
қазір». Бұл болашаққа ұмтылу. Мәдени тәжірибеде рефлексияның көптеген
түрлері, тәсілдері, жеке, топтық, ұжымдық техникалары жинақталған.
Педагог тек қайсысын таңдауды білу қажет. Педагог тарапынан процедураны
ұйымдастыру алдын ала ойлануды талап етеді, ол:
•
Қатысушылардың негізгі санына қатысты рефлексия пәнін
таңдау;
•
«Ойлау маршруты» алдыңғы оның қызметті біртұтас
құрылымы;
•
Алдағы рефлексияның түрін және оның категориалды контексін
анықтау;
•
Рефлексивті іс-әрекетті бір жүйеге келтіру (регламент,
ережелер);
•
Рефлексивті
актінің
толықтылығына
қажет
«белсенді
кемелдену» ұстанымын қалыптастыру тәсілін болжау;
•
Рефлексивті
іс-әрекет
барысында
кез-келген
ойға
психологиялық дайындықты қалыптастыру;
Иллюстрация ретінде әлеуметтік-педагогикалық жобаның бірінде рефлексия
әдісімен балаларды оқыту жүргізіледі. Бірінші сабақта балаларға түсінік
мәнін түсіндіреді. Содан жетекшілер әдіскерлер-инструкторлар көмегімен
балалар рефлексия дағдыларын өңдеу жүргізіледі: топпен және топ ішінде
болып жатқанды түсіну; сабақ уақытысында туындаған ойлар, күйзелістер,
сезімдерді сипаттау. Рефлексия барысында жүргізуші қатысушылардан
олардың жай-күйін, жұмысты жақсарту тілегін, болып жатқан жайға
қатысын, біріккен іс-әрекетке өз үлесінің бағасын, тренингтік жағдайды
түсінуді анықтайды. Кездесудің топтық және тұлғалық нәтижесіне
балалардың көңілін аудару. Алынған нәтижені жобалаудың әр түрлі
жағдайларында қолдануға болады.
Жобадан кейінгі кезең жобалық іс-әрекеттердің аяқталуынан кейін тікелей
жүреді. Бұл кезеңде жобаға қатысушылардың қызығушылықтары, іс-
әрекеттері жоба өнімінің болашақ тағдырына және өміршеңдігіне әсер етеді.
Мұнда әр түрлі нұсқалар мүмкін.
1.
Жаңа жобаға өту.
2.
Басқа жобамен интеграция.
3.
Жоба нәтижесіне сәйкес жаңа ұйымның жұмысы басталады.
4.
Жобалық іс-әрекетте субъект мәртебесі ауысып отырады.
5.
Жоба мекен-жайының ауысуы.
6.
Жобаны
басқа
деңгейлерге
тарату
(административті,
федералды, халықаралық).
Осылайша, кез-келген жобаның құрылымы төртке бөлінеді.
1.
Жобаалды кезең (мұны тағы алдын алу немесе стартты деп
атайды).
Топ ішіндегі процедуралар: зерттеу (диагностика), проблематизация,
концептуализация, мақсаттау, құндылықты-мағыналы өзін-өзі анықтау,
жобаны қалыптастыру, оны алдын-ала әлеуметтендіру.
2. Жобалау кезеңі (жобаны жүзеге асыру).
Жобаішілік кезең процедуралары: мақсатты, қызметтерін, міндеттері мен
жұмыс жоспарын айқындау; жоспарланған жоба іс-әрекетін кезеңмен жүзеге
асыру; кері байланыс негізінде оның қатысушыларының іс-әрекетін және
жобаны түзету; жоба өнімін алу және ішкі өңдеу; жұмыс нәтижесін көрсету
және сыртқы сараптама.
3. Рефлексивті кезең.
Жобаішілік кезең процедуралары: жоба барысы, нәтижесі бойынша
рефлексия жүргізу (нәтиженің бастапқы оймен сәйкестігі, алынған өнім
сапасы, біріккен іс-әрекет және қатынас сапасы, өнімді қолдану және
жобаның даму болашағы).
4. Жобадан кейінгі кезең.
Жобаішілік кезең процедуралары: апробация, жобалық іс-әрекеттің өнімі мен
нәтижесін тарату(диссеминация); жобаны жалғастыру нұсқаларын таңдау.
Педагогикалық қатынаста барлық жобалық іс-әрекеттер, кезеңдер маңызды
болып табылады. Олардың әрқайсысын білімдендіру үдерісі деп қарастыруға
болады, онда құндылықтар, нормалар, коммуникативті, шығармашылық
қабілеттері қалыптасады. Жоба жетістігі әр-түрлі тәсілдер мен амалдармен
қамтамасыз етілуімен сипатталады.
Педагогикалық жобалаудың нәтижелері педагогикалық жүйелерді
дамыту мақсаты арқылы анықталады, олар, сонымен қатар, мақсатты
орындауды көздейтін сан түрлі әдістердің болуын қажет етеді.
Педагогикалық жүйелерді дамыту сыртқы – қоғамның әлеуметтік талап -
сұраныстары және ішкі – әлеуметтік - педагогикалық жағдайларына тікелей
байланысты. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары басқа да педагогикалық
жүйелер сияқты қол жеткізген нәтижелердің деңгейіне қатысты сипатталады.
Кез-келген деңгейдегі мақсат мазмұндық толықтыққа ие болуы тиіс,
оның мәні – алынатын нәтиженің барлық сапаларының қажеттіктер мен
талаптарға сәйкес белгіленуінде. Сонымен қатар, мақсатқа сай күтілетін
нәтижелерді анықтау барысында олардың диагностикалауға, бақылауға
келетін параметрлері белгіленуі тиіс. Яғни, мақсатты анықтау дегеніміз –
күтілетін нәтижелердің сипаттамасын тексеруге, өлшеуге болатындай етіп
көрсету. Мақсат толықтай диагностикалауға келетін болуы тиіс, сондықтан,
оны осы талаптарға сай дәл қоя білу қазіргі басқарушылардың
құзыреттілігінің, басқарушылық ой – әрекеттері деңгейінің басты
көрсеткіштері болып табылады.
Жобалауға тән негізгі белгілерінің бірі –
Достарыңызбен бөлісу: |