Академиялық демалыс білім алушыға
6-12 ай бойы ауырғанын
растайтын М.Қозыбаев атындағы СҚУ медициналық пунтінде бекітілген,
амбулаториялық
–
емханалық
ұйымның
жанындағы
дәрігерлік-
консультациялық комиссиясының қорытындысы (ВКК); 36 ай бойы
туберкулезбен ауырғанын растайтын туберкулезге қарсы ұйымның жанындағы
Орталық дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы (ВКК);
әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазынегізінде; бала туу, үш жасқа
дейінгі баланы асырап алу жағдайында беріледі.
Академиялық демалысты ресімдеу үшін білім алушы М.Қозыбаев
атындағы СҚУ Басқарма төрағасы-Ректоры атына СҚКжТО-ға өтініш жазады.
Ауыруға байланысты академиялық демалыста болған білім алушы
академиялық демалыстан шығу үшін ректор атына өтініш жазып, оны
бақылаған десаулық сақтау ұйымынан оқуға жарамды туралы ВКК (ЦВКК)
анықтамасын тіркейді; әскери қызметтеболған білім алушы ҚР Қарулы күштері
қатарында әскери борышын өтеген соң оқуды жалғастыру туралы өтініш
жазып, әскерибилетінің көшірмесін тіркейді; жүктілік және бала туу, 3 жасқа
дейінгі баланы күту демалысынан шыққан білім алушылар өтінішке баланың
туу куәлігін тіркейді.
Академиялық демалыстан шыққан соң білім алушы демалысқа шыққан
курстан немесе төмен курстан оқуын жалғастыра алады.