34
Басқа жоғары оқу орнына ауысқан білім алушыларға мемлекеттік
шәкіртақы оқу жоспарындағы академиялық
айырмашылықтарды жойған соң
тағайындалады және төленеді.
Академиялық демалыстағы білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы,
медициналық қорытынды негізінде берілген
академиялық демалысты
қоспағанда, төленбейді.
Академиялық демалыстан шыққан студенттерге мемлекеттік шәкіртақы
оқу жоспарындағы академиялық айырмашылықтар болмаған жағдайда, алдағы
емтихан сессиясы қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.
Шәкіртақы төлеу төлем карталары немесе ағымды шот арқылы жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: