4
1 Жиынтық бағалаудың принциптері
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының
мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Жиынтық бағалау
кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін,
дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау
тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау),
тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін
аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім
бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім
алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар
немесе балл қою кестелері көмектеседі. Аталған ақпарат қалыптастырушы
бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін
қолданылады.
Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалауға қатысты
бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық
бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады.
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген
және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік
беретін процесс екені белгілі. Критериалды бағалау – оқушылардың білім
жетістіктерін саралап, сонымен қатар олардың құзыреттілік деңгейі туралы
ақпарат беруге бағытталған [41].
Критериалды бағалау жүйесінің принциптері:
оқушылардың оқу жетістігі мен жиынтық бағалаудың өзара
байланыстылығы;
оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің тікелей байланысты
болуы;
оқушылардың жетістік деңгейін бағалаудың нақтылығы, анықтылығы
және обьективтілік пен валидтіліктің сақталуы;
критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына және күтілетін
нәтижелерге бағыттылығы;
бағалаудың қолжетімділігі, түсінікті және ашық ақпарат берілуі;
оқушылардың
оқу
жетістіктерінің
ілгерлеуін
қадағалаудың
үздіксіздігі;
дамуға бағыттылық. Бағалау білім беру жүйесінде оқушылардың
дамуын анықтап, қызығушылықтарын арттырып, ынталандыру;
оқушылардың жеке қасиеттері емес, оқу іс-әрекетінде күтілетін
нәтижеге қол жеткізген табыстары мен олардың қалыптасу процестерінің
бағалануы;
бағалау критерийлері мен нормалары, бөлім бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) нәтижелерінің
алгоритмі мұғалімдер мен оқушыларға алдын ала белгілі болуы;
оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен өзара бағалау дағдыларын
меңгеруге және бағалау қызметіне қатыса алатындай етіп құрылуы [42].
5
Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша бағалау процесін
ұйымдастыру барысында оқушылардың оқу танымдық қызметінің
психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін ескеру керек:
-
оқушы өздігінен тапсырмаларды орындауда білім, білік, дағдыларын
жетілдіруге және жаңа жетістіктерге ұмтылуға дайын болуы керек;
-
өзінің жетістіктерін нақты бағалай алуы керек;
-
алдына қойылған міндеттерді түсіне алуы керек;
-
оқушының жеке білім алу бағытын таңдауға және оны ұйымдастыруға
ұмтылуы керек;
-
оқу процесінде оқу-танымдық белсенділікке ұмтылуы керек;
-
сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылуы керек;
-
құрбы-құрдастарының білім деңгейіне көңіл бөлу, яғни өзара
бағалауға ұмтылуы тиіс;
-
теориялық және сыни ойлауының қалыптасуы;
-
ақпаратты қабылдау барысында ынтасының тұрақтылығы;
-
бір мақсатқа бағытталуы;
-
талғампаздығы болуы керек [43].
Достарыңызбен бөлісу: