2 Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау бойынша
тапсырмаларды әзірлеуге ұсынымдар
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін жиынтық бағалау Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің
«
Орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың
үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды
аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы
№125 Бұйрығының негізінде жүзеге асырылады [3].
Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, өтілген оқу материалының
мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ)
тапсырмаларын әзірлейді.
Мұғалім
БЖБ
және
ТЖБ
тапсырмаларының
пән
бойынша
спецификациясы негізінде 2-11 сынып оқушыларына арналған жиынтық
жұмыс тапсырмаларын құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарының
объективті білім деңгейін көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында
мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық
тапсырмалар, жобалар, эссе және т.б. ұсыну ұсынылады.
Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі
бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым).
Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды
өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.
Үйде оқитын, білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім
оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке
тапсырмалар әзірлейді.
Білім алушылардың оқу жетістігін жиынтық бағалау карантин
жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |