БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті БЖБ өткізу кезіндегі мұғалім:
1) БЖБ өткізетін бөлімдерді/ортақ тақырыптарды анықтайды.
2) таңдалған оқу материалын бөлімінің өткен тақырыптарына/оқу
бағдарламасы бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді.
3) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді.
4) білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында
тапсырмалардың мазмұнын тексереді.
5) білім алушылардың функционалдық дағдыларын дамытуға арналған
тапсырмаларды қамтиды.
6) білім алушыларға жауап берудің нақты күнін көрсетеді.
7) қашықтан оқыту жағдайында қол жетімді байланыс құралдары арқылы
БЖБ
тапсырмаларын
жібереді
(Күнделік.kz,
мектеп
порталының
платформасында, электрондық пошта, чат, телебағдарламалар, қазпошта және
т.б. орналастыру)
8) ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес балл қою ережесінің талаптарын
сақтайды (БЖБ үшін балл 1-4 сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық
емес, 5-11(12) сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес).
9) оқушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді.
10) электрондық журналға/қағаз түріндегі журналға балл қояды.
11) білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне кез
келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы қағаз немесе электрондық
форматта кері байланыс (рубрика) ұсынады.