Сборник заданий по суммативному оцениванию по учебным предметам общего среднего уровня первая часть Нұр-Сұлтан 2020



Pdf көрінісі
бет4/294
Дата11.05.2022
өлшемі9,16 Mb.
#142051
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294
Байланысты:
заданий суммативка

Оқушылардың жетістік деңгейін анықтауда қолданатын жиынтық 
бағалаудың ерекшелігі: 

оқушыларға өздерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және 
оларды тиісті түрде шешуге көмектеседі; 

оқушыға өз жетістігін бақылауға көмектеседі; 

оқушыларға мақсатты стандарттарға қол жеткізуге көмектеседі; 

оқушыларды мақсатты стандарттарға қол жеткізу үшін терең білім 
алуға немесе көп күш салуға ынталандырады. 
Жиынтық бағалау (ЖБ) арқылы баланың оқудағы жетістігі бағаланады 
және нақты оқушыға көмектесу үшін тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін 
тәуелсіз критерийлер диагностикалық құрал ретінде қызмет атқарады. 
Жиынтық бағалауда оқушының оқу іс-әрекетінің нәтижесі өлшенеді. Ол 
мемлекеттік стандартқа сәйкес білім мазмұнын игеру бойынша оқушылардың 
жетістік деңгейі жайлы мұғалімдерге, әкімшілікке және ата-аналарға қажетті 
деректерді біріктіреді [44]. 
Жиынтық бағалаудың мақсатына сәйкес оқушылардың белгілі бір 
пәннен жұмысының нәтижесін бағалау пайызбен өлшенеді. Бөлім бойынша 
жиынтық бағалау үшін максималды балды, Бөлім бойынша жиынтық бағалау 
өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, 
ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және Бөлім бойынша жиынтық бағалау 
орындау уақыты реттелмейді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін 
максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 
(12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек [3].
Тоқсандық жиынтық бағалау баллдары пән бойынша техникалық 
спецификация негізінде анықталады.
Жиынтық бағалаудың қосымша идеялары 
Мұғалімдер оқу процесінде бірқатар шығармашылық әдістерді енгізе 
алады. Мұнда дәстүрлі викторина немесе жазбаша есеп беру шеңберінен 


6
шығатын қосымша жиынтық бағалау идеяларын мысал ретінде көрсетуге 
болады: 
-
оқушылар үшін оқу бағдарламасында қамтылған және жас 
ерекшелігіне сәйкес келетін материалға жиынтық бағалау стратегиялары 
таңдалады. Таңдалған бағалау стратегиялары оқушылардың білім, дағдыларын 
тиімді тестілеу үшін нақты анықталған параметрлерге ие болады. 
-
оқушыларды бағалауда бірқатар әдістерді таңдау және пайдалану әр 
оқушыға өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, оқушы үшін 
бағалаудың бірнеше жиынтық идеялары тест тапсыру, шағын спектакльдегі 
бірлескен ойын немесе көркем тұлғалық бейне жасау және т.б формада кіреді 
[44].
Оқушылардың жетістік деңгейін анықтау үшін жиынтық бағалауда 
қамтылуы мүмкін мысалдар: 

жазбаша бағалау:
оқушыларға хабарлы немесе аналитикалық эссе 
ретінде өзіндік туынды жазу тапсырылуы мүмкін;
 

тиімділікті бағалау:
оқушылар өз қабілеттерін көрсете алатын іс-
әрекет немесе оқу міндеттерді жасауы тиіс; 

стандартталған баға:
оқушылар берілген оқу бағдарламасы 
негізінде құрылған емтихан, сынақтарын тапсырады және жыл бойы білім 
сапасы критерийлер негізінде қойылады; 

ауызша баға:
оқушылардың ауызша сөйлеуі немесе презентация 
жасауы арқылы қойылады. 
Оқушыларды өзгермелі өмірге даярлауда күтілетін нәтижеге табысты 
қол жеткізу үшін мұғалімдерге оқу бағдарламасы шеңберінде шектеліп 
қалмауға мүмкіндік беретін 
тапсырмалардың маңызы зор: 
-
оқушының 
тапсырмамен 
жұмыс 
барысында 
өздігінен 
бағытталушылығы; 
-
оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы; 
-
проблеманы шешу мен мақсатқа жетуге арналған әдіс-тәсілдерді 
өздігінен таңдауы [41]. 
Таңдап алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға 
ықпал етуі қажет. Өздігінен реттеу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым 
жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді. Мұғалімдер өздерінің бақылауларын, 
зерттеулерін қосымша алған мәліметтермен толықтыра отырып, оқушылардың 
таңдауларын тапсырмалардың күрделілігімен, проблемаларды шешу, 
мәселелердің мәнін ұғынып, түйінді нәтижеде табысқа жету деңгейін 
анықтайды. Мұғалім тақырып, бөлім бойынша оқушылардың жас 
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жиынтық бағалау 
тапсырмаларын 
алдын 
ала 
тақырыпқа 
сәйкес 
шығармашылықпен 
құрастырады.
Жиынтық бағалау жазбаша тест, бақылау, әңгімелесу немесе тапсырма 
болуы мүмкін. Ол жазбаша түрде, фотосуреттердің немесе басқа да көрнекі 
құралдардың көмегімен немесе аудио жазбаның көмегімен жазылуы мүмкін. 
Кез келген әдістемелік құрал жиынтық байланысты өткізуге ыңғайлы 
форматты таңдауға мүмкіндік береді.


7
Жиынтық бағалау (ЖБ) талаптары: 
Бөлім және ортақ тақырыптар бойынша ЖБ талаптары: 
-
ЖБ тапсырмаларын мұғалім өзі құрастырады; 
-
бөлім бойынша оқу мақсаттарын қамтиды; 
-
15-20 минут аралығында өткізіледі;
-
балдар дескрипторға сәйкес қойылады; 
-
бөлім бойынша ЖБ нәтижесі бойынша модерация өткізілмейді; 
-
тоқсандық бағаға әсер етеді (50%). 
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау талаптары: 
-
тоқсандық ЖБ тапсырмаларын мұғалім спецификацияға сәйкес 
құрастыруы тиіс; 
-
тоқсанның барлық бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын қамтиды; 
-
бір сабақ көлемінде өткізіледі (40 минут); 
-
бағалау балдары балл қою кестесіне сәйкес қойылады; 
-
тоқсандық ЖБ нәтижесі бойынша модерация өткізіледі (жазбаша 
жұмыстар үшін); 
-
тоқсандық бағаға әсер етеді (50%) [3].
(3-4 қосымшалар). 
Білім мазмұнын жаңарту аясында 2020-2021 оқу жылында 10-11-
сыныптарда (ҚГБ, ЖМБ) әр оқу пәні бойынша өткізілетін БЖБ саны 5-
қосымшада көрсетілген. 
Мұғалімдерге оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну, 
оқушылардың идеялары туралы кері байланыс ұсынып, өзінің тәжірибесін 
сыни бағалау және оны жақсарту үшін, оқу процесі мен оқушыларды дамыту 
процесінде сарапшы болуы үшін кәсіби дағдылар қажет. Мұғалімдер мен 
оқушылар үшін олардың қандай мақсатқа жеткісі келетінін білу маңызды. 
Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесінен, жаңа 
тәсілдерді қолдану мен бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды 
қамтиды. Болашақ жас буынды жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық өмірге 
қатысуға қабілетті болуға дайындау барысында мұғалімнің кәсіби 
құзыреттілігі, жаңартылған білім беру мазмұнындағы тәсілдемелерді тиімді 
қолдануы маңызды. Сондықтан практикаға баса назар аударатын мұғалімдер 
қызмет барысында өзін жетілдіруді жалғастыра беретіні анық. Осы мақсатта 
мұғалімдер оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу, оқудағы ерекшеліктерін 
түсіну, оқытудағы амал-тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық, 
дағдыларының, қызығушылықтардың болатындығын жете түсінуі қажет.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ оқу бағдарламасына, оқу 
жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. 
Аталған ЖБ нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде 
есепке алынатын балдар қойылады. 
БЖБ қандай формада (бақылау жұмысы, тәжірибелік /шығармашылық 
жұмыс, жоба, ауызша сауал, эссе және т.б.) өткізілетінін мұғалім өз бетінше 
анықтайды. 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын 
құрастыруды мұғалім оқу бағдарламасындағы өтілген материалдың күрделілік 
деңгейі мен мазмұнын есепке ала отырып, жүзеге асырады. 


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет