I. і. дыбысымен таныстыру.
а) Кӛрнекілік арқылы.
ә) Із, ін, піл.
36
Балалар текше арқылы дәптерге тҥсіріп отырды. Әрбір сӛзге тҥсінік
беріледі. Сӛзде неше әріп, неше дыбыс , неше буын бар және "I" дыбысы
қай буында келіп тҧр, соны сҧрау.
б) Сондай-ақ әрбір сӛзге схема (сызба) арқылы сӛйлем қҧратып, дәптерге
тҥсіртіп отыру.
в) "I" дыбысы мен әрпінің жазба және баспа тҥрімен таныстыру.
Дәптермен жҧмыс:
а) "I" дыбысы мен әрпін алдымен балалардың қолын жатттықтыру
ҥшінауада жазу, дәптерге тҥсіру, элементтерін тҥсіру.
ә) Оқулықпен жҧмыс.
1. Кӛрнекілік (қатар бойынша жарыс).
Тіс
т л
п л
Кілт
тер
б л м
Кіс
жем с к ш
(тақтаға осы сӛздер жазылған плакат ілінеді. Қатар бойынша ҥш адам
шығып орындайды. Қай қатар бҧрын болса, сол қатар жеңіске жетеді.)
б) тіл туралы тҥсінікті балаларға қысқаша кіріспе айту.
Ӛз тіліңмен ер жетіп,
Қол созасың кҥнге сен.
Ӛз тіліңмен еліңе,
Пайдалысың кҥнде сен.
Ә.Асылбеков.
Ана тілі - асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сҥтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімнен ән тыңдап,
Туған тілді жаттап ӛскен балаңмын.
Содан соң оқулықтағы ана тіліне байланысты нақыл сӛз оқылады.
Нақыл сӛз тҥсіндіріледі, оқушылар оқиды.
1.
Ана тілін білмеген,
Анасын да сыйламас.
37
2.
Ана тілді қҧрметте!
(хормен 4-5 рет қайталап жаттайды, жеке оқушылардан жатқа сҧралады).
"I" дыбысы бар сӛздерді тауып, і дыбысы нешінші буында келіп тҧрғанын
ажырату.
в) Оқушылардан қандай сҧрағына жауап беретін сӛздер сҧралады. Сосын
оқулықтағы берілген тапсырмалар орындалады.
Қандай?
Ауыр-жеңіл.
Жуан-жіңішке.
Алыс-жақын.
Сол жақтағы сӛздердің мағынасына қарама-қарсы мағыналы сӛздерді
тауып, оларды буынға бӛліп , "і" дыбысы нешінші буында келіп тҧрғанын
анықтау керек.
2. "Кітап"сӛзіне дыбыстық талдау жасай келіп, "білім" сӛзінің мағынасын
ашу мақсатында Х.Арғыновтың "кітап" мәтіні оқытылуы қажет.
Кітап
Мені жҧрт сҥйеді, қҧрметтейді, маған арнап шкафтар жасап, ҥстіме шаң
жуытпай, таза ҧстайды. Мені ҧрпақтан-ҧрпаққа мҧра етіп қалдырады. Мен
де адамды жақсы кӛремін. Қалтқысыз қызмет етемін. Адамға жақсы тҧруды,
бақытты ӛмір сҥруді ҥйретемін. Мен адамның досымын. Менің атым - кітап.
Мені жасау ҥшін адам баласы кӛп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан
ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап
шығарады, оған авторлар жазады, суретшілер сурет салады. Баспахана
жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жҧмысшылар машина
мен поездарға тиеп, қала-қалаға, ауыл-ауылға таратады
Міне, енді сенің қолықда тҧрмын. Сен мені кҥтіп, жыртпай таза ҧста. Мен
сенің сенімді досыңмын.
Әңгіменің мазмҧны ашылады.
1) Бар кітапқа бас болған,
Әліппе - ғылым анасы.
38
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Білімнің бәрі кітапта. Білімсіз кҥнің жоқ деген тҧжырымға келеді.
Кітап - білім бҧлағы.
(балаларға оқыту, жаттату).
"Білім" сӛзін талдап, буынға бӛлу,
"I" дыбысының қай буында екенін ажырату.
д) "Бірлік" сӛзінің мағынасын ашу ҥшін "Шалқан" ертегісі оқылып,
кӛрнекілікпен ертегінің мазмҧны ашылып, оқушыларға "бірлік болмай,
тірлік болмайтындығы ҧқтырылады".
ж) Дәптермен жҧмыс.
Оқулықтағы "ірімшік" сӛзіне сӛйлем қҧрау .
Дыбыстық талдау, буынға бӛлдіру.
І-рім-шік.
I әрпі нешінші буында кездесті, яғни, оның буынның басында, ортасында,
аяғында келіп тҧрғанын айту.
Сӛйлем қҧрастырып, схемасымен беру.
VI. Жаңа сабақты қорыту.
(жинақтау әдісін қолдану).
Тиін
Тҥсі қызыл жалындай,
Кӛзі жылтыр лағылдай.
Тиін — орман еркесі,
Орман - оның ӛлкесі.
Қарағайда қуыс бар.
Ҧясы сол тыныштар.
Қарағайды қағады,
Тәтті жаңғақ шағады.
Тиін - орман еркесі,
Орман - оның ӛлкесі. ( М. Әлімбаев).
39
Кірпі сӛзіне дыбыстың талдау.
Балалар кірпі туралы әңгіме қҧрастырады.
Сауат ашудың негізгі мақсаты - балаға хат танытып, жазуға, оқуға ҥйрету.
Сауат ашу жҧмысы - баланың әріп танудан бастап, ӛз ана тілін танып-
білудің алғашқы баспалдағы.
Сауат ашу кезінде оқушыларды оқуға, жазуға, айтуға ҥйретіп,
әріптанытып, тҧтас сӛзді, сӛйлемді, мәнді оқуға ҥйретіп, сауатты жазуын
қалыптастыру.
Мҧғалім сабақ барысында тҥрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды
сӛйлем қҧрастыруға, тексті оқуға, кӛшіріп жазуға, сӛйлеуге
дағдыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |