2-тақырып. Бастауыш сыныптағы жаттығу жҧмыстары
Грамматиканы оқытуда жаттығу жҧмысының мәні зор. Оқушылар
грамматикалық материалды оқулықпен орфограммаға сай білгендерімен
(терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте
қалдырады), жаттығу жҧмыстары жҥргізілмесе, ол ҧзаққа бармайды,
ҧмытылып қалады. Сондыңтан да мҧғалім оқушыларға грамматикадан
саналы да терең, тҧрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу дағдыларын
қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да кездескен
қҧбылыстарына "тасымалдай" алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана
алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде Оқушылар
алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие
болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып,
нақтыланып қана қоймай-ды, сонымен қатар ӛз беттерімен жҧмыс жасауға,
ойлау қызметіне дағдыланады; ӛйткені, оқушылар жаттығу процесінде
ҥздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тҧлғаны екінші тҧлғамен салыстырады,
жалпылайды, сӛйтіп жаттығу арқылы білім жҥйеленеді. Бастауыш сыныпта
жаттығулар әр тҥрлі кӛркем мәтіндерден тҧрады. Соңғы қазақ тілі
153
оқулықтарының сапасы жақсарып, әр тҥрлі формадағы жаттығулармен
толықтырылды.
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай материалмен жҧмыс
жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық
болып бӛлінеді.
Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар
мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалардың дҧрыс, анық
айтып берулерін қамтамасыз ету.
Фонетикалық жаттығулар арқылыкейбір балалардың тілін тістеп сӛйлеу,
сақауланып сӛйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сӛйлеу немесе "С"
мен "Ш", "Р" мен "Л", "Ж" мен "3" дыбыстарын шатастырып айту сияқты
кемшіліктері жойылады. Мҧндай кемшіліктер дҧрыс оқуға да, жазуға да
зиян келтіретіні сӛзсіз. Бас-тауыш сыныптарда фонетикадан жаттығулар тек
дҧрыс жазумен қатар, "балалардың ӛдеби тіліміздің нормаларын сақтап
оқуға ҥйренулері (орфография)ҥшінде пайдаланылады. Оқу сабақтарында,
балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоәпиялық қателер,
теріс айтылған сӛздер тҥзетіліп, сӛз ішіндегі, сӛз шекарасындағы
дыбыстардың қҧбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа
тілдерден енген термин сӛздердің дҧрыс айтылуы да практикалық
жаттығулар арқылы ҥйретіледі.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің жаттығулар
қҧрылысын оқушыларға саналы тҥрде меңгерту. Мазмҧны жағынан
морфологиялық жаттығулар екі тҥрлі болады: 1) Сӛз тҧлғасын оқу
барысындағы жаттығулар; 2) Сӛз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.
Сӛз тҧлғасын оқу барысындагы жаттығулардың сӛздің морфологиялық
қҧрамын, мағыналы бӛлшектерін морфемаларды саналы тҥрде меңгеріп
алудың мәні зор. Сӛздің морфологиялық қҧрамын талдау, кӛбінесе сол
сӛздің мӛнің дҧрыс ҧғынып алуға жәрдем етеді, сӛздің мағыналы әрбір
әлементі - тҥбір, жҧрнақ, жалғау бҧлардың әрқайсысы ӛзінше сӛзге мән
береді, ал осы жеке мәндердің жинағы бірігіп, сӛздің жалпы мағынасын
154
тудырады. Морфемаларды, соның ішінде жҧрнақты айыра білудің
балалардың тілін жетілдіру ҥшін де мәні бар. Ӛйткені бҧл жаңа сӛздер
жасауға және сол сӛздерді орынды жерінде қолдана білуге мҥмкіндік береді.
Сӛз тҧлғасына байланысты жҥргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар
қойылады: 1) алдымен, мҥмкіндігіне қарай, негізгі тҥбірлерді, одан әрі
туынды тҥбірлерді,ең соңында тҥбірлес сӛздерді талдайтындай жағдай
жасалады; 2) белгілі бір сӛздің ішінен негізгі тҥбірді тапқызу ҥшін сол
негізгі тҥбірден жасалған туынды сӛздермен салыстыру жҧмысы ескеріледі;
3) туынды сӛздер мен негізгі тҥбірді ажырату барысында мағына жағына
назар аударылады.
Сӛз таптарын оқыту барысында жҥргізілетін жаттығулар сӛздерді белгілі
бір топңа біріктіріп , жҥйелеуге ҥйретеді. Бҧл жӛнінде К.Д. Ушинский:
"Баланық тілі шығып, сана сезімі ӛсе келе ол сӛйлеуге (сӛздерді қолдануға)
ҥйренеді; оның ақыл-ойында тҥрлі грамматикалық формалар, сӛздер
кҥнделікті тәжірибе, ҥлгі арқасында ӛздігінен-ақ грамматикалық топтарға
бӛлініп қалыптаса бастайды; грамматиканық міндеті - сол тәжірибе
нәтижесін қорытып, тілдегі қҧбылыс заңдарын жҥйемен беру", - деген
болатын. Жаттығу жҧмыстарының барысында оқушылар әрбір сӛз табының
ерекшеліктерін саналы тҥсінеді, септік, жіктік, тәуелдік, кӛптік
жалғауларын меңгереді, оларды қолдана алады.
Сӛз табы бойынша жҥргізілетін жаттығулар: 1) мәтіннен керекті сӛздерді
тапқызу; 2) керекті сӛздерді қосып ӛздіктерінен сӛйлемдер немесе әңгіме
қҧрастыру; 3) сӛздің мағынасын тҥсініп, сӛйлемдегі қызметін байқату; 4)
сӛздің лексикалық жағынан болсын, қалай ӛзгеретіндігін аңғару; 5) мағына
және тҧлға жағынан қандай ҧқсастық, айырмашылық барын салыстыру
арқылы анықтау; 6) ҧқсас сӛздерді топтастыру; 7) байқаған қҧбылыстары
жӛнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жҧмыстарды қамтиды.
Синтаксистік
жаттығуларға
әдетте
пунктуациялық
жаттығулар
қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс
155
белгілерін қою, ӛздері қҧрастырған сӛйлемдер мен текстерге қажетті тыныс
белгілерін қойып, тҥсіндіру.
Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында
жҥргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:
1.
Белгілі бір жаттығуды орындау ҥшін оқушылардың сол жаттығуды
орындарлық білімі болу шарт.
2.
Оқушылар жаттығуды не ҥшін орындайтынын, оның қандай пайдасы
барлығын тҥсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды тҥсініп
орындағандағана белгілі бір дағды қалыптасады.
3.
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс.
Ол ҥшін жаттығу тҥрлендіріліп берілу шарт, ӛйткені бір сарынды жаттығу
оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
4.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жҥйемен орындатылып
отырылуы шарт.
5.
Жаттығу жҧмыстары тек таяуда ғана ӛтілген материалдарға
негізделмей, бҧрын ӛтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
6.
Бір жаттығу ҧзақ уақытқа созылмауы тиіс. Әсіресе балалардың жасы
неғҧрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа болып, жиі-жиі қайталауға
негізделеді.
7.
Творчестволық жаттығулар кӛбірек болуы қажет.
8.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін кӛрсетіп отыруға тиіс.
9.
Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитикалық-
синтетикалық болғаны жӛн: яғни, грамматикалық талдау, сӛздер, сӛз
тіркестері, сӛйлемдер мен мәтіндер қҧрастыру; салыстыру арқылы ҧқсастық
пен ерекшеліктерді табу, топтау; ӛз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен
жалпы қорытынды шығара білу, т.б.
10. Жаттығу жҧмысының барысында оқушылардың оқудан алған
білімдері бекіп, ӛз еттерімен жҧмыс жасау дағдылары қалыптасады (яғни
зейін қойып тыңдай білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар бойынша
156
сӛздерді қҧрамына, сӛз табына, сӛйлем мҥшелеріне сҧрақ қоя білу, қажетті
деректерді оқулықтан, сӛздіктен қарап таба білу).
Бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама педагогикалық ҥрдісті
жаңаша қарауды талап етеді. Дәлірек айтсақ, мҧғалім сабаққа
дайындалғанда ӛзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, оқушыны
деңгейіне қарай әрекетіне мән беруі тиіс.Уақытты тиімді пайдаланып,
оқушының ӛз бетімен тапсырманы орындауына ҥдайы жағдай жасалуы
қажет.
Тҧжырымдамада, Оқу бағдарламасында оқу әрекеті ерекше аталған. Ол -
заңды қҧбылыс. Бастауыш сыныпта Оқу әрекеті қалыптасуының ҥзіліссіз,
тегеурінді жҥретіні, оның мазмҧны оқу тапсырмалары тҥрінде бері-
летіндігі, оқу тапсырмаларын ӛздігінен шешіп орындайтын ортаң
тәсілдеріне ҥйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді
оқытуға тірек ету, байқаған кемшіліктерді тҥзетуді Оқушылардың ӛздері
орын-дайтындығы, әрбір орындалған тапсырманық мақсатын анықтауы, т.б
мәселелер қозғалған. Оның іс жҥзіне асыру жҥйелі жҧмысты қажет етеді.
Осы мақсатта мҧғалімдерге "Оқу әрекеті базасында оқушылардың ӛз
бетімен тапсырманы орындау дағдыларын қалыптастыру" атты арнайы курс
бағдарламасы дайындалып, оларға дәріс, машықтану сабақтары жҥргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |