Ахаң ата даналығы б ала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі,
балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың
табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге
баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін
жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық
болу керектігін айтады.
«Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса
Сап-сары аяқтары ұзын маса
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша».